Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

Әже….немесе сағыныш


«Тіршілік» деген үлкен ұғымдағы қара мен ақтың ,күн мен түннің қатар жүруі сияқты фәни мен бақидың да үздіксіз өз жұмысын орындауы мүмкін біреулер үшін қалыпты нәрсе болуы мүмкін ал мен үшін бұл жолғы орындалысы көңіліме көлеңкесін ,көбірек түсірді.

Қазақ халқының қарты барды бар үйді қадірлейтін сан ғасырлық ұстанымы бойынша ма әлде өзіңнің бойыңдағы ұрпағыңа деген деген мейір шуағың ба әлденедей тылсым күш әсерінен мен өзіңе қатты бауыр басып өстім.

Менің бойымдағы саған деген махаббатым ба әлде өздерінен алыстатып саған деген сый құрметі ме әке -шешемде көп өздеріне мені тартпайтын еді.

Сен өмірден өткен соң жақынды жоғалту бар нәрсенің мүлдем жоғалуы деген әр нәрсені уақытында бағалау деген ұғымдарға мүлдем басқа түсінікпен қарайтын болдым.

Әже Әжетайым…..

Сен өмірден озғаныңа бірнеше уақыт өтсе де дәл бүгінгідей көз алдымда .Сенің абысын- ажындарыңның қазақ әдебиетінде кездесетін арнау жоқтау мен зарлай жоқтау әдісімен бір өзіңнің бойыңдағы асыл қасиеттерді термелегенде ,мен білмейтін дара қасиеттеріңнің көп екенін мойындағаннан көзден аққан жасымды тұншыға жұта отырып, басымды изей бердім.

әже туралы эссе.Сен мен үшін ақжаулықтылардың ішіндегі ең асылысың!

Сен мен үшін ұрпақ сабақтастығының мәңгілік бәйтерегісің!

Бүкіл әжелерге тән нәрсе ме әлде тек маған ғана осындайсың ба мен дегенде шығарда жаның бөлек екенін біліп алған соң, жорта қиғылықты салатын едім -ау.

Әр жылдың ,әр қыркүйек айына бата тілекпен аттанатын едім,міне, осымен екі жыл мені қыркүйек айы өз жылылығын сезіндіре алмады. Содан шығар қыркүйек айы мен үшін тұнжыраңқы, солғындау күз айларының біріне айналды. Бірақ ,Әже сенің даусың менің мәңгілік құлағымда.

Мен үшін сағыныш бейнесі сенсің!

Жұмашев Айзат Саламатұлы

10 «А»сынып оқушысы Опорный орта мектебі Бейнеу ауданы Маңғыстау облысы

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тәрбие ісінде тиімді жол іздедім
  • Жылдық есеп
  • Ашық сабақ «Салық түрлерімен таныстыру»
  • Модульдік оқыту технологиясы
  • Заттар және олардың қасиеттері. Ауа

комментария 31 Пікір қосу

  • Туктыбаева Ляззат 05.12.2024 в 15:55

    Бұл жазбада автор өз жүрегінің тереңінен шыққан сезімдерін шынайы әрі жан тебірентерлік түрде жеткізеді. Қазақ халқының дәстүрі мен ұрпағына деген құрметі, әже мен немерелер арасындағы қарым-қатынастың ерекше құндылығы айтылған. Әженің өмірден өтуі автордың өзіне үлкен ой салып, жоғалтудың ауырлығын, жақын адамды бағалаудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік берген.

    Автордың жазғаны, әсіресе жақын адамның жоғалуы мен сағыныштың қаншалықты терең екенін сезіндіріп, өмірдің мәні мен уақыттың құндылығын бағалауға шақырады. Әже мен немеренің арасындағы махаббат пен сыйластық, бұл қарым-қатынастың өмірдегі маңызы, әр адам үшін ерекше орын алатыны жөніндегі ойлары өте әсерлі.

    Ответить
  • Айгерим 03.02.2022 в 00:41

    Қарты бар үйдің қазыннасы бар дейді гой, әжелеріміз аман болсын!

    Ответить
  • Жауқазын 05.01.2022 в 14:08

    Карттарымыз аман болсын оз баласын оскенше багады ал немерелерін олгенше багады

    Ответить
  • Бекмолда Айгерім 19.12.2021 в 14:33

    Әже деген абзал жан.Бар тәттісін бар жылуын немересінен аямайтын шуақты нұрлы жан.

    Ответить
  • Омарбекова Асем Сансызбаевна 05.12.2021 в 01:33

    Қарты бар үйдің қазынасы бар дейді.Кешегі әлдиімен бесік тербетіп, санамызға сан түрлі ертегілерді құйған аяулы асыл жандар.Әжелеріміз мың жасасын!

    Ответить
  • Балжан 30.11.2021 в 12:05

    Асыл әжеларіміз аман болсын?

    Ответить
  • Жами 24.11.2021 в 16:05

    турмыска шыканыма 2 жыл ажемнин омирден кеткенине 1жыл али сене алмайм уйге барсам кутип отыратын сиякты

    Ответить
  • Айнұр 16.09.2021 в 16:02

    Қарттар қазынпмыз. Бағалайық.

    Ответить
  • Фариза Маратова 26.08.2021 в 21:25

    әжелеріміз аман болсын!! Әрқашан кулип оинап жанымызда болсын!!!!

    Ответить
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 16:23

    Әжеңiздiң жаны жәннатта болсын! Аллаға шүкір, менiң екi әжелерім де бар сол кiслер аман болсын!

    Ответить
  • Кундызай 08.08.2021 в 14:34

    Әжеміз аман болып, ұзақ жасасын

    Ответить
  • Оралова Айшагүл Болатбекқызы 03.04.2021 в 08:31

    Айналайын Азатжан , әжеңнің жатқан жері жайлы болсын Бұл өмір. Үрпақтар сабақтастығының жалғасы енді өзің. Мықты азамат бол.

    Ответить
  • Алмагул 14.02.2021 в 15:05

    Айзат, айналайын, әжеңді сағынған екенсің. Ақиық ақын Мұқағали атаң да әжесіне арнап

    … Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
    Өліге мен өзіңді телімегем.
    Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
    Ақ кимешек жоғалса…нені көрем? – деп, жыр арнаған.емес пе? Сен де әжеңді жырға қос.

    Ответить
  • Унайбекова Нурила Сапаргалиевна 31.01.2021 в 12:26

    Ақ жаулықты əжелеріміз аман болсын! Барлығы жақсы болып көп жасасын.

    Ответить
  • Айнур 09.11.2020 в 21:47

    Ех, өте әсерлі. Әжемді есіме түсіріп жіберді ғой. Шіркін әжелеріміздің сүйегі асыл ғой

    Ответить
  • Алия 05.11.2020 в 19:03

    Өте керемет

    Ответить
  • Айдана 09.10.2020 в 10:30

    Мен әже көрген емеспін… Менің де балаларым әжесіз өсіпжатыр. Мақаланың оқып қызықтым, әсем болса қандай болсын еді?

    Ответить
  • Жанерке Ертайқызы 29.09.2020 в 01:55

    Әжемді бір есіме алып алдым. Қаламың ұштала берсін»

    Ответить
  • Төлепбергенова Мәдина Шынболатқызы 23.09.2020 в 18:58

    Өте керемет сезім. Барлығымыз ата-әжелерімізді жақсы көреміз, сағынамыз. Меніңде әжем туралы қызықты естеліктерім есіме түсіп отыр.

    Ответить
  • Гулайша 19.08.2020 в 16:53

    Ботақан, әжеңе деген сағынышың жүрегімді елжіретіп жіберді. Жұдырықтай жүрегіңде сағыныш, әже махаббатын, естеліктер, сезімдерің сыйып тұр. Әжеңнін бейнесін ешқашан жадыңнан өшірме. Мен сенің мына сағынышқа толы хатың арқылы өз әжемді де сағындым.

    Ответить
  • Алтынғаным 24.07.2020 в 17:27

    Қарты бар үйдің қазынасы бар. Ата -əжелеріміз өмір жолындағы ең керемет тəтті оқиғаларын немерелеріне айтып ғибрат алсын деген тілекпен ұрпақ тəрбиелейді. Əңгімелерін тыңдап өзіңе қажет білімді алған кереметқой.Мен де кішкентайымда атам мен əжемнің бауырында болып ортасында жатып таласқандарына мəз болып, демалыс болса болды атам мен əжемнің үйне қашып кететін едіім . Анам жұмысынан келгенше. Ата əжелеріміз аман болсын

    Ответить
  • Нигина Алимова 17.07.2020 в 02:20

    әр сөзі қазына асыл әжелеріміз аман болсын. бұл эссе бізді балалығымызға бір сәтке қайтарғандй болды. кішкене кезімізде бәріміз әжелеріміздің айтар әңгімесін тыңдағанды жақсы көремізғой ал есейген соң өз тіршілігімізбен жұріп олардың көңілін аулауды ұмытып жатамыз. барында қадірлейік. қарттарымыз біздің қазынамыз.

    Ответить
  • Самал 21.06.2020 в 16:33

    Оқып отырып әжем есіме түсіп кеттіғой. Әжемнің қызы болғасын қатты сағынамын. Әжелеріміз аман жүрсе екен. Бізге білмегенімізді үйретіп, ақылын айтып отырады. Қатты жақсы көремін әжемді?

    Ответить
  • Гүлзат 21.05.2020 в 12:25

    Оқып отырып Әжемді еске алдым. Мен негізі әжемнің қызымын. Кішкентайымнан әженің қызысың деп санама құлағыма құйып өсірген.Мен оған өкінбеймін. Әжемнің айтқан ақылы әрбір сөзі санамда мәңгілік сақталып қалған.Әжемнің қайтқанына да 6 жыл болыпты.Ен бірінші кездерде маған өте ауыр болды.

    Ответить
  • Ербол 15.05.2020 в 23:30

    Үйдегі үлкен кісілер үйдім берекесі.. ата — әжелеріміз аман болсын..

    Ответить
  • Мадияр Ойдин 15.05.2020 в 13:44

    Әжелер аман болсын! Мен өзім әжелерімді сағынам. Естен кетпейді, бізді аялағаны.

    Ответить
  • Аружан 10.05.2020 в 00:58

    Әжелер асыл жандар ғой шіркін. Барлық жылы жұмсағын немерелерінің аузына тосып,соларға бергісі келіп тұрады.» Балаң өскенше,немерең өлгенше» деген қазақта сөз бар ғой. Немерелері үшін жанын беруге дайын тұратын кісілер ғой. Әжелеріміз аман болсын.

    Ответить
  • Ботакоз 18.10.2019 в 11:08

    Әже асыл жан, Құрт пен майын жинап. әрдайым немерелеріне берген

    Ответить
  • Aknur 23.04.2019 в 13:08

    мен өз әжемді көрмедім. бірақ әжеге кім жетер деген ұғымдамын. бұл мақала әжесін қатты сағынған баланың сөзі екен. әженің немереге берер тәрбиесі өте көп. әжелер аман болсын

    Ответить
  • Айгерим 20.04.2019 в 18:49

    әжеміз әрқашан аман болсын. үйдің берекесі әжеміз аман болсын!

    Ответить
  • Ұлбосын 09.02.2019 в 22:54

    Шіркін әже деген асыл адамғой.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.