Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ағза

 

Қалқанша безі


Қалқанша безі

Ер адамдарда мойынның алдыңғы бетіндегі тері астынан, көмейді қалқан сияқты жауып жататын, қалқанша тәрізді шеміршекті қолмен жеңіл басып көруге болады. Осы шеміршекті халық аузында қыдық немесе жұтқыншақ деп атайды. Шеміршектің төменгі жиегінде, көмейдің екі жағында қалқанша безі орналасады.

Ол бір-бірімен қылта арқылы байланысқан екі бөліктен тұрады. Пішіні таға тәрізді, ересек адамда оның салмағы 25-30 грамм. Қалқанша безде, адам ағзасында зат алмасуды реттейтін, тироксин гормоны түзіледі. Егер қалқанша бездің қызметі күшейіп, гормон көп бөлінсе, онда ағзада зат алмасу процесі қалыпты жағдайдан күшейеді. Соның салдарынан ағза тиреотоксикоз ауруына шалдығады.

Ал қалқанша бездің жұмысы әлсірегенде, баланың бойы өспей қалады және ақыл-ойының дамуы төмендейді. Қалқанша безде гормонның түзілуіне йод шешуші қызмет атқарады. Бұл минералды зат адам ағзасына қоректік заттармен және су арқылы келеді. Егер ағзада ұзақ уақыт йод жетіспесе, қалқанша бездің көлемі ұлғайып, адам бұғақ ауруына шалдығады.

Қалқанша маңы безі

Адам ағзасына минералды заттардың ішінде ең қажеттісі — фосфор мен кальций. Бұлар адамның сүйегі мен тістерінің мықтылығы үшін керек. Бұдан басқа, кальций жүйке жұмысының, бұлшық еттердің, жүректің, қан тамырларының жұмысын реттеп, адам ағзасының инфекцияға қарсы төзімділігін арттырады.

Сондықтан құрамы фосфор мен кальцийге бай — сүт, ірімшік, ет тағамдары мен бұршақ, жаңғақ, күрішті көп жеу керек. Асқорыту процесі кезінде қоректік заттардан кальций мен фосфор ажырай бастағанда, қалқанша маңы безі ерекше гормон — паратгормон бөле бастайды.

Ол кальций мен фосфордың ағзада дұрыс таралуын қамтамасыз етеді. Паратгормон бөлетін қалқанша маңы безі қалқанша бездің артқы жағында орналасады. Бұл бездердің пішіні 5—6 дәннен тұратын түйінге ұқсайды. Олардың жалпы салмағы 0,25 грамнан аспайды, бірақ адам ағзасы ол бездерсіз тіршілік ете алмайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Гипофиз дегеніміз не?

Гормондар туралы не білеміз?

Бұғақ немесе зоб ауруының белгілері мен сипаттамасы.

Минералды заттардың адам денсаулығына маңызы қандай?

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тіршілік
  • Сөйлеу
  • Жұтқыншақ
  • Шап
  • Түс көру

комментария 13 Пікір қосу

  • Айгуль 28.08.2023 в 12:42

    Мен тұратын қалада осы қалқанша безінің ауруларымен ауыратын адам көп. Қандай керемет ақпарат. Қысқа да нұсқа, құнды ақпараттар.

    Ответить
  • Анель 08.12.2021 в 20:20

    Осы мақаладан көп мәлімет алдым жақсы жазылған

    Ответить
  • Ерке 16.10.2021 в 17:37

    Маңызды ақпараттарды білдім

    Ответить
  • үміт 03.09.2021 в 10:27

    кызыкты акпарат екен

    Ответить
  • Алмаш 21.07.2021 в 14:19

    Дұрыс.Қалқанша безі адамға ең керек мүшенің бірі.Барлыған реттейтін осы қалқанша безі.

    Ответить
  • Эльвира 15.04.2021 в 04:44

    Мен мысалы зобпын, сонда осы ауруды тез арада емдеу керек екен !

    Ответить
  • Асем 11.02.2021 в 10:32

    Қалқанша бездің жұмыс жасамауы көп мүшемізге зиян

    Ответить
  • наргиз 25.01.2021 в 14:15

    жақсы жазылған

    Ответить
  • наргиз 25.01.2021 в 14:14

    қызықты ақпарат

    Ответить
  • наргиз 25.01.2021 в 14:13

    өте жақсы

    Ответить
  • Жанар 21.12.2020 в 15:43

    Осы мақаланы оқып өзіме қажетті ақпарат алдым.

    Ответить
  • Гүлбану 11.12.2020 в 17:25

    қалқанша безінің қызметі туралы маңызды ақпаратттар алдым

    Ответить
  • Гүлнұр 20.11.2020 в 21:21

    Портфолио іздеймін деп көп ақпарат таптым мына сайттан

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.