Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бастауыш сынып

 

Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары


bbakhitzhankiziСабақ  жоспары

Семинардың тақырыбы:  «Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары және оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары»

Күні: 06.11.2014ж

Уақыты:10-00

Өтілетін орны:   И.Сьянов атындағы орта мектебі

Қатысушылар: аудан мұғалімдері.

Жауапты мұғалім: Аяпбергенова А.Б. 3-деңгей мұғалім

Мақсаты:Оқытудың жаңа әдістерімен танысу

Күтілетін нәтижелер:

 Мұғалімдер1.Оқытудың жаңа технологиялары туралы білімдерінжүйелейді

2.Топтық жұмыстарды ұйымдастыруды үйренеді;

  1. «Кафе» , «Жәшіктегі сұрақтар» стартегиясын меңгереді;

4.Топ ішіндегі бағалау туралы түсінік алады.

Ресурстар: флипчарт, маркер,бағалау парақтары, открытка,  жапсырғыш, рефлексия парақтары, тараптпа мәтіндер.

 Семинардың жоспары:

I.Ұйымдастыру

Кіріспе.

Семинардың тақырыбы мен мақсаты, күтілетін нәтижелері мен жоспары айтылған соң,мұғалімдерге Шопеннің « Весеннийвальс» музыкасының сүйемелдеуімен « Көбелек»  презентациясы көрсетілді». Бұл презентация арқылы ұстаздардың назарын тақырыпқа қарай аудару, ой тудыру мақсаты қойылды.

  1. «Көбелек» презентациясы

ІІ.Теориялық бөлім

Презентация  «:  «Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары және оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары»

ІІІ. Практикалық бөлім

1.Топ жұмысын ұйымдастыру; А) топтарға бөліну;

Ә) топ міндеттерін бөлу;

Б) топ ережесін құрастыру және қорғау;

Сергіту сәті « Ән жыры»

  1. «Кафе» стратегиясы бойынша жұмыс

А) «Жаңа технологиялар» мәтінін жеке оқу (5минут)

Ә) Мәтінді топ ішінде талқылау  (3минут)

Б) Постер құру (5 минут)

В) Әртопмүшелерібасқатоптарға барып «кафе меңгерушісінің» баяндамасын тыңдайды, өздерінің мәліметтерін қосады.

  1. « Жәшіктегі сұрақтар» стратегиясы

Әр топтан бір мүшесі жәшікке кіріп сұрақтарға жауап береді, қате жіберген жағдайда жәшіктен шыға алмайды. Бірақ өзінің топ мүшелері қолдау көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп  жәшіктен шығара алады.

  1. Көшбасшы арқылы бағалау

IV.Рефлексия.

Сұрақтарға жауап беру

V.Семинардың қорытындысы.Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ – оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол- оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Осыған орай, оқыту барысында әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде.

Пайдаланған әдебиеттер:

Жұмыс әдістері Мұғалімге арналған нұсқаулық 78-79бет

2_L2W1D1_«Не үшін ынтымақтастықта және өзара әрекеттесіп жұмыс істеу қажет» таныстырылымы

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ АСТАРЛАРЫ

Суранчиева З.Т. – аға оқытушы, Өтелбаева А.Қ.– оқытушы,

(Алматы қ., ҚазмемқызПУ

Семинардың практикалық бөлімінде открыткалар қиындылары арқылы 3 топқа бөлінген мұғалімдер топ ішінде қызметтерін бөле отырып, топ ережелерін құрды. Содан кейін әр топ баяндаушы арқылы жұмыс нәтижелерін ортаға салып бөлісті.

Қорытындысында жалпы жұмыс ережелері қабылданып, тақтаға жазылды.

Ендігі кезек топ ішінде өзара оқыту «Кафе» стратегиясын меңгеруге келді. Әр топ мүшелеріне тақырыпқа байланысты  «Жаңа педагогикалық технологиялар» атты мәтіндер таратылып,  5 минут оқуға уақыт берілді.

Мұғалімдер мәтінмен танысу сәтінде

Келесі 8 минут оқылған  ақпаратты топ ішінде талқылап, постер құруға арналды.

Топтық тапсырманы орындағаннан кейін әр үстел басында  «кафе меңгерушісі» қана қалып,  топ мүшелері басқа топтарға (кафелерге) « қонаққа барды» . Әр «кафе меңгерушісі» (баяндаушы) келген басқа топ мүшелеріне өздерінің жасаған постері бойынша тақырыпты түсіндірді, содан кейін келген қонақтар өздері тақырып бойынша айтылмаған мәліметтерді қосып, постерге жазды. Бұл стратегия бойынша жұмыс жасағанда мұғалімдердің белсенділігі жоғары болғаны байқалды. Олар  оқуға ұсынылған мәтінде болмаған мәліметтерді қосып отырып, өздерінің тәжірибелері туралы қызыға пікір алмасты.Сонан соң  оларға постерлерінің қаншалықта өзгергенің , қандай ақпаратпен толғанына назар аударып, талқылау ұсынылды.

«Кафе» стратегиясы

«Кафе» стратегиясы бойынша алған мәліметтерді бекіту мақсатында,  «жәшіктегі сұрақтар» стратегиясы қолданылды. Әр топтан бір мүше кезекпен шығып ортаға қойған үлкен жәшікке еніп, басқа топ мүшелері тақырыпқа байланысты қойған сұрақтарына жауап берді.

«Жәшіктегі сұрақтар» стратегиясы

Әр топ жұмысы лидер арқылы бағаланды.  Бағалау критерийлеріне белсенділік, топ ішінде міндетін атқару деңгейі, ұйымшылдық енгізілді. Осы кезде мұғалімдер критериалды бағалаудың  қаншалықты маңызды екенін айта кетті.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Шығармашылық есебі
  • Кішілерге қамқор бол(1сынып Ана тілі)
  • Мәнерлеп оқу сайысының жүрісі
  • Интеллектуалдық сайыс(слайд)
  • «Кім жылдам?» шапшаң ойындар сайысының сценарийі

Пікірлер 4 Пікір қосу

  • Гулнара 26.12.2021 күні 14:49 уақытында

    Казіргі таңда жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары қолданып даму үстінде

    Жауап беру
  • Мақташ 15.10.2021 күні 19:36 уақытында

    «Жаңа педагогикалық технологиялар» атты семинардың педагогтарға көп пайда тигізгеніне сенімдімін. Оқыту барысында әр түрлі педагогикалық технологиялары тиімді қолдану оқушының сапалы білім алуына зор әсері болмақ. сәттілік болсын!

    Жауап беру
  • Aлия 06.04.2017 күні 18:36 уақытында

    Өте тамаша! Еліміздің барлық мұғалімдері заман талабына сай қазіргі белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану үшін өткізіліп жатқан семинарлар арқылы бір-бірімізге тарату үстінде. Осы технологияларды әр мұғалім тақырыбына сай таңдап өткізіп жатса, әрине бұл Қазақстан мектептерінің оқушыларының бәсекеге қабілетті болатынына жол сілтейміз. Сізге көп рахмет. Шығармашылық табыс тілеймін. Жаңашыл мұғалім екеніңізді көруге болады.

    Жауап беру
  • Еламан 21.05.2015 күні 21:29 уақытында

    Сәлеметсізбе!! маған сіздің семинарыныз көмектесті көп мәлімет алдым!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.