Мәнерлеп оқу сайысының жүрісі

«Тәуелсіздікті құрметтей білейік!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысының жүрісі

— Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар, құрметті оқушылар !

«Тәуелсіздікті құрметтей білейік!» атты  мектепішілік мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!!!

 — «Тәуелсіздік шежіресі» атты видео көрсетіледі.

— 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайшылықпен келген жоқ. Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылды. Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізгелі отыр. Олай болса, сайыскерлерді ортаға шақырамыз!

ubn(Ән: «Көк тудың желбірегені». Қатысатын оқушылар ән әуенімен қолдарына жалау ұстап сахнаға шығады.)

Әнұран орындалады.

Бүгінгі 3-4 сынып оқушыларының мәнерлеп оқу сайысын бағалаушы  әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. __________________________________________________________
  2. __________________________________________________________
  3. __________________________________________________________

— Сайыскерлеріміздің мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі ескерілетінін қаперлеріңізге береміз.Мәнерлеп оқу сайысының бүгінгі жеңімпазы қалалық сайысқа жолдама алады. Ал, енді сайысымызды бастаймыз.

3«А» сынып оқушысы_________________________________

3«Ә» сынып оқушысы_________________________________

…………………………………………………………………………………………………………………..

Әділ қазылар алқасы, сіздерден әділ төрелік күтеміз.

(Сайыскерлер мәнерлеп өлеңдерін оқиды.)

 

  • Қатысушыларымыз өз елі, өз жері, өз отаны туралы өлеңдерді оқуда өз шеберліктерін көрсетті деген ойдамыз.
  • Тәуелсіздік күні қарсаңында баршаңызды қазақ жеріндегі  бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен, сондай-ақ күні кеше ғана тойланған ҚР тұңғыш президенті күнімен құттықтаймыз.
  • Тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған Сагидолда Серікжанның өлеңін оқуға мектебіміздің мәнерлеп оқу шебері 4 Д сынып оқушысы Тезекбаев Ақжолды ортаға шақырамыз.

takpakks

  • Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

(Сайыс қорытындыланып, қатысқан оқушылар марапатталады.)

—   Құрметті оқушылар! Тәуелсіздіктің тірегі, елдің тілегі —  сіздерсіздер! Тәуелсіздігімізді құрметтей білейік!

— Мектебіміздің әншісі4 «Г»сынып оқушысы Қонақбаев Айдынныңорындауындағы «Өз елім» әнін қабыл алыңыздар!

— Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Қатысушыларға, көрермендерге алғыс айтамыз.

   
Пікірлер1
  1. Арай

    оқушыларды деңгейіне және жас деңгейіне қарай сәл өзгерістер енгізіп пайдалануға болады сценарийді

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ