Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бастауыш сынып

 

Білім менің тілімде


бастауыш сынып, мұғалім,Білім менің тілімде

Мақсаты:

Оқушылардың ой -өрісін кеңейту, тілдерін дамыту, оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : интерактивті тақта, гүлдер, шарлар, нақыл сөздер

Құрметті ұстаздар, ардақты ата- аналар, бақытты балдырғандар!

Тілашар мерекесіне қош келдіңіздер!

Ата- ананың мейірімі мен аялы алақанының жылуында өсіп , жыл өткен сайын есейіп, бәрін білгісі, көргісі кеп жүрген жас бүлдіршіндерді мектеп бесігі қарсы алды.Содан бері аз ғана уақыт өтсе де,оқушылардың білімге деген талпынысы мен тіл байлықтары толысып,дамып келеді.Осы бір қуаныш халқымызда «тілашар» деген дәстүр ретінде танылған.

Бүгін сіздер біздің «Білім менің тілімде» атты тілашар мерекесінің куәсі боласыңдар.

1-оқушы

Кеше сәби балаңыз, Жарады ,міне қараңыз. Ғылым , білім жолына Енді қайық саламыз.

2-оқушы

Сап түзедік бәріміз Жеті ұл мен он бір қыз, Бүгінгі бұл бір сын ғой, Алдағы өмір жолына Елдің атын жазамын, Жердің атын жазамын, Туған тілге тазамын, Батаңды бер, қазағым Мен мектепке барамын. Мұғалім: – Олай болса ортаға ардақты атамыз бен әжемізді шақырып ақ батасын алайық, шашу шашуын сұрайық.

3-оқушы Шашу шашты әжелер, Сылдырлатып теңгелер. Тойымыздың шашуын Сәт сапарға теңгерер

– Хормен Мектеп қамқор анамыз, Оқып білім аламыз. Өнерпаз болып өсетін, Біз оқушы баламыз.

Ән « Қоңырау» 4-оқушы: Еркеңіздің мойнына, Ақ жағасы жарасар, Кел, келіңіз тойыма , Тойымның аты , Тойымның аты Тілашар Мұғалім: Келесі кезекте жас бүлдіршіндердің ортада таланттарын табайық қайсысы әнші , қайсысы биші, кім зерек, кім ойшыл,кім тапқыр талаптарын ашайық. Ән: «Үйретеді.»

5-оқушы: Жетіге толдым биыл мен, Оқушы болып киінем, Арқама сумке асына, Мектепке барам , Мектепке барам асыға

6-оқушы: Міне, мен де Үлкен болдым, Жасым толды жетіге, Кітаптағы ертектерді Енді оқимын шетінен

7-оқушы: Күннің нұры шуақты, Сергітеді денемді . Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді.

8-оқушы: Барлық бала таң қалып, Әліппені ашады, Сөз құраған әр әріп, Білім нұрын шашады.

9-оқушы: Мектеп деген жақсы екен, Қызығы мол думанды . Жақсы көрем бәрінен. Әдемілеп жазғанды.

Ән: «Әліппе.» Мұғалім:

Ия, Мектеп- білім ордасы.Білімді, оқымысты болуды барлығымызда армандаймыз.Білімді болу үшін тәрбие, өнеге, тіл, ізденіс, талап керек. Ойын: ( Мектеп құралдарын жинау)

10-оқушы: Көп ойлауға көндігем, Көп оқуға берілем, Әліппемнің айырылмас, Досы болдым енді мен.

11-оқушы:

Алтын кітап қап қалың, Әліппем бұл мақтаныш, Қырық екі таңбасын Ойдағыдай жаттаймын.

Би «Айгөлек». 12-оқушы: Сәбилік көңілден Арналды жыр әнім. Баулитын өмірге, Ақылшым мұғалім.

Ән «Мұғалім ол біздің.»

Мұғалім Саған білім жемісін, Оқулығың береді. Талай адам сол үшін, Маңдай терін төгеді деп өзіміздің үйренгендерімізді ортаға салайық .

Ал балақай санайық , Қосып және алайық. Дұрыс санап көрейік. Математик болайық. (Санамақты хормен айту) .

Би «Өзбек биі»

13-оқушы:

Мен оқушы боламын, Болам жігіт зор әлі. Қазақстан жалауын, Көтеремін жоғары.

Мұғалім

Биылғы жыл ерекше жыл. Өйткені Тәуелсіздік алғанымызға жиырма үш жыл толғалы тұр. Біз Отанымыздың бақыттты балаларымыз.

14-оқушы:

Ертеңгі елдің тірегі, Бүгінгі жас ұландар, Күндей аппақ жүрегі, Келеді өсіп қырандар.

Ән «Достық»

Бүгінгі тойымызға жиналған ата аналарымызды қатыстыра отырайық. Ортаға үш ата ана шығып, тойымыз бақытты балаларға арналғандықтан екі топ болып бала тәрбиесіне байланысты мақал айтып сайысқа түссін.

Ән. «Қошақаным» Ханифа

15-оқушы:

Қайырлы күн деп айтамыз, Түсте бірге қайтамыз. Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз.

16-оқушы:

Қарсы алып достарды , Мектепке келеміз. Сабақтар басталды , Бәріміз біргеміз.

17-оқушы:

Пайдаң тиіп Отанға, Риза болсын халқымыз, «5» болсыналар бағамыз, Білімнен бақыт табамыз.

18-оқушы:

Сабағымды өзгеден, Үздік оқу міндетім. Мақсатыма көздеген, Ұмтыламын күнбе- күн. Айтайын ба себебі, Мән жайды мен ұғамын, Түспеу керек беделі, Әке шешем , мұғалім.

Ән «Бала тілегі» Феруза

Мұғалім Айналайын гүлдерім, Ақ шуақты күндерім. Ерекше қызық тілдерің , Естен кетпес үндерің. Балдан тәтті бала шақ Сендердікі болашақ, Озат болып оқыңдар. Ойға білім тоқыңдар деп енді кезекті мектеп басшыларына, ата – аналарға, ұстаздарға, сөз кезегін берейік.

Бүгінгі »Тілашар» тойы тойға ұлассын деген тілекпен ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Бақылау жұмысы 4-сынып
  • Бала сұлтан
  • «Кім жылдам?» шапшаң ойындар сайысының сценарийі
  • «Математика –ғылымдар патшасы»
  • Дүниетану 4-сынып (тест)

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Ботагөз 25.12.2020 күні 21:31 уақытында

    Мерекелік іс шара жақсы ұйымдастырылған. Осы сценарийді құрастырған адамының еңбегі жаңа берсін. Білімнің қаншалықты маңызды екенін жеткізе білді.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.