Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бастауыш сынып

 

Ашық тәрбие сағаты «Құстар-біздің досымыз»


Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты:

1.Жабайы және үй құстары туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету.

2. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту. Сұраққа толық жауап беруге, 2-3 сөйлем құрастыруға қалыптастыру. 3. Балаларды дала, үй құстарына қамқор болуға баулу

Білім саласы: қатынас.

Бөлімі: қазақ тілі. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын. Сабақтың көрнекілігі:суреттер, ойыншықтар, кластер, үнтаспа, карточкалар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. * Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше, бүгінгі келген қонақтарымызбен амандасайық, өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.

l. “Шаттық шеңбер”

Сылдыр-сылдыр шапалақ,

Міне, менің қолым.

Міне, менің жүрегім,

Сені жақсы көремін.

ASuzddddНегізгі кезеңі. 1. Кіріспе әңгіме: -Балалар бүгін аптаның қай күні? -Жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Ендеше, балалар осы өзгерістерді бақылау үшін “Орман патшалығына” саяхатқа барайық. Келе жатқан жолымыздың жан-жағы сары алтынға боялған, ауасы таза, күн ашық. Айнала сайраған құстардың дауысы естіледі.

Балалар қандай құстардың дауыстарын естіп тұрсыңдар?

(Құстардың дауыстарын тыңдату мелодия)

— Иә, бұл құстардың дауысы. Олай болса бүгінгі

тақырыбымыз құстарға арналады. Онда бүгін біз

сіздермен жұмбақтар, жаңа сөздер, қызықты ойындар

ойнап, суреттер бойынша әңгімелесеміз

-“Орман патшалығында” қандай құстарды танисыңдар? — Осының ішінде қандай құстар қыстап қалады? — Құстар ағаштарды неден қорғайды? — Балалар сендерге ормандағы саяхат ұнады ма? — Ал енді “Орман патшалығынан”” сыныпқа оралайық. 2. Ойын: ”Қандай құсты білеміз?” 3.Көрініс «Құстарды аялайық» 3. Жұмбақтарды шешу:

* Шықылықтап тұрмайды,

Құйрығы ұзын, өзі ала.

Бұл қандай құс? (Сауысқан)

* Таң азанмен оянды,

Елдің бәрін оятты. (Әтеш)

* Түрі көмірге ұқсайды,

Қарқылдап ұшады. (Қарға)

* Шарлап келіп даланы,

Үйіме, үйін салады. (Қарлығаш)

4. Сергіту сәті.

Кәне, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

5. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма. Суреттегі құстарды

көрсетіп, олардың қалай

дыбыстайтындығын айтқызу.

6. Сурет бойынша жұмыс.

-”Орман патшалығындағы” көрген құстарды есімізге түсіріп, атап шығайық.

— Олар қандай құстар?(жабайы құстар)

— Ал, мына берілген суретте тағыда қандай құстарды көріп тұрсыңдар?

— Осы құстарды басқаша қалай атауға болады? (үй құстары) 7.Қорытындылау Тиым сөздер.

1.Құстың ұясын бұзба,

Жұмыртқасын жарма.

2.Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.

3.Аққуды атпа.

8.Мақал -мәтелдер.

Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан келмей, боз болмас.

Жапалақ мақтанса,

Жардан қоян алдым дер.

Жаман мақтанса,

Жақсының жағасынан алдым дер.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ойыншықтар
  • Бақытты адамның көйлегі
  • Мұз үстінде сақтық керек
  • Ашық сабақ»Көгалдағы балапан»
  • Кітапты күте білесің бе? Ашық сабақ(слайд)

комментария 5 Пікір қосу

  • Дилбар 07.03.2020 в 17:34

    Тәрбие сағатының жоспары жүйелі түрде, балаларға түсінікті құрылған

    Ответить
  • Асемгул 18.11.2019 в 21:55

    Құстар туралы түсінікті құрылған!

    Ответить
  • венера 11.02.2015 в 22:41

    жақсы жазылған балаларға түсінікті

    Ответить
    • Гулнара 26.12.2021 в 14:32

      Құстар туралы біліп оларды ажырату алатын болады

      Ответить
    • Жумагул 01.03.2022 в 08:58

      Күшті жазылған оқушыларға түсінікті.

      Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.