Туған тілім
Туған тілім қазағымның бейнесі,
Туған тілім өмірімнің айнасы.
Туған тілім бақытымның байлығы,
Туған тілім өмірімнің шаттығы.
Туған тілдің мәртебесін көтеріп,
Сол тілде сөйлейікші баршамыз,
Сонда ғана мәңгі өшпес тіліміз.
Өз тілінде сөйлейді ғой бар халық,
Қазақ халқы сөйлейікші бізде анық.
Сонда ғана мәртебесі биік боп,
Туған тілім жанданады, өседі.
Аманжол Әсет 10-сынып оқушысы
***
Ана есімі
Қаз –қаз басса мәз болған
Былдырласа таңқалған
Бала деген тәтті екен
Анасына алдымен.
Ана деген ардақты,
Ыстық сөз ғой бәріне.
Сондықтан да біз ылғи.
Жүреміз ғой сағынып
Мәпелеген алақаны
Сырға толы жанары
Құшағына басып бізді
Еркелетер саялы
Алыс кетсек егер біздер,
Алаң болар алдымен.
Ақыл-кеңес, ойын берер,
Ана емес пе кең пейіл.
Авторы: Кенжеғұлова Қарлығаш Ертайқызы
Қазақтың қазақылығы қайда қалып барады?
Ата-бабамыз қонақ келсе құт келді деп, оны қолынан келгенше күтіп, асты-үстіне түскен.сол заманда «қайдан жүрсің?, қайдан келесің?» деген сынды сұрақтар болып па еді? Қазір қалай? Танымайтын кісі көрсек, қорқып , үркіп, сұраулы жүзбен қараймыз.
Осыған орай жақында естіген оқиға туралы өз ойымды айтқым келіп отыр. Қыстың аязды бір күндері, осынау арқа жерінде қыстың қаһарына мінген шағында, барлық бағыттарға жол жабылып , кейбір көліктер жолда қалып қойған кезде бір замандастарымыз бұл жағдайды өз мүддесіне пайдаланған сынды. Естуімізше олар нан тасымалдайтын көлік ішіндегілер сияқты. Алып келе жатқан нандарын аса қымбатқа сатып, өздері жығылып жатқан жолаушыларға жұдырық көрсеткендей боп көрінді бізге.
Құдайдан қорықпағаннан қорқуға болар. Тек бұл емес , күнделікті естиніміз осы сынды оқиғалар көп боп кетті емес па? Қоғамымызда Біреуді тонап кету, ұрып кету, қала берді апа-сіңлілеріміздің өз шаранасынан бас таруты деген сияқты адам жанын түршіктірер оқиғалар жетерлік. Өз -өзімізді тәрбиелей алмасақ , өз ортамызды қалай ретке келтіреміз? Өзге ұлтқа қарамай –ақ алдымен өзімізден бастауымыз керек барлық салт пен сананы қалыптастыруды.
Авторы: Кенжеғұлова Қарлығаш Ертайқызы
***
Жақсыдан шапағат …
Қазақ халқының «Жақсыдан шапағат, жаманнан кесапат» деген нақыл сөзі бар. Бұнда үлкен мән-мағына жатыр. Жақсы, жаман сөздері бір –біріне қарама-қарсы сөздер. Өмірде ақ пен қара қатар жүретін сияқты, адамның жақсы және жаман әрекеттері қоса жүреді. Бірақ кейбір адамдар жақсы жақтарын басым танытса, кейбіреулер жағымсыз жаман атаулы жақтарын көп танытады. Жоғарыда айтылған мақал содан шықса керек. Адамдардың бәрі дос демекші, адам атаулы жандардың баршасы жақсылық жасауға тырысқаны жөн. Өйткені өмірде жақсылық жасасаң, жақсылықпен, жамандық жасасаң жамандықпен қайтады. Әр қадам жасамас бұрын, «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» дегендей көкіректен бұны шығармаса дұрыс болатыны сөзсіз.
Авторы:Арынова Салтанат Маратовна
***
Дені сау ұрпақ-бақытты xалық
Ежелден ата-бабаларымыз дені сау ұрпақ қалдыру мен оны тәрбиелеудің мәнін түсінген. Жеті атадан тараған ұрпақтарының қосылуына жол бермей,қызға қырық үйден тыйым салып,бала тәрбиесіне белсене араласуынан білеміз.Бұл тегі бар ұрпақтың келуіне себепкер болып отырған.
Баланың денсаулығы,біріншіден,ананың өзіне байланысты.Бойына бала біткен кезден өзін-өзі күтуі,зиянды заттардан қорғануы сәбидің жарық дүниеге сау болып келуінің кепілі екендігі бәрімізге мәлім.Екіншіден ана мен әкенің балаға берген тәрбиесіне де байланысты.Өйткені,дені сау бала тек мүшелері сау бала емес,сонымен қоса ақыл-ойы биік,тәрбиелі бала.Оның өскенде зиянды атаулысына жоламауына,дұрыс жолды таңдауына
өз септігін тигізеді.
Артыңнан арқа сүйер балаларыңның болуы дүниенің ешбір байлығымен теңесе алмайды.Баланың күлкісі,ананың құшағы мен көрген ең әдемі құбылыстар.Ендеше қазағымыздың қаракөз балалары көбейіп,елімізді әлі талай жаңа белестерге жетелейді.
Авторы:Нұржанова Ұлпан Сапарқызы
Әсерлі мағыналы
Өте өнегелі егер аудио жазбалар арқылы болса тіпті керемет болушы еді
Осы барлық шарттар
Белгісін оқығанда өзіме бір тәрбиелік мәні бар екенін түсіндім.
Қонақ келсе құт келер деген. Қазіргі кезде сабақ аларлықтай дүние, адамдар өзгеріп барадыма білмедім. Бұрындары қонақ келсе қандай қылып күтіп алатын болған. Ал қазір басқа көпке топырақ шашпаймын әрине. Осындай жастарды тәрбиелейтін мақалалар көп болса екен деймін.
Осындай дүниені оқып өзіңді бір тәрбиелеп алады екенсің
Тәрбиелі дүниелер екен. Осындай дүниелер көп болса