Соқыр ішек және өт жолдарының ауруы

Өт жолдары ауруы үш жастан асқан балаларда кездеседі. Диагноз дұрыс қойылмаған жағдайда орынсыз операция жасалуы мүмкін. Ол өт жолдары ауруларының әр түрлі болып білінуіне байланысты. Өт жолдары ауруының клиникалық негізгі белгісі, ауру оң жақ қабырға астынан басталып, иыққа, белге таралады.

Бұл кезде бала денесі сарғаюы да мүмкін. Бала 2—3 рет құсып жеңілденіп қалғандай сезінеді. Өт жолдарының ауруы соқыр ішек ауруына қарағанда баяу басталады да уақтылы емдемесе, ауру ұзаққа созылады. Сондықтан да баланың ішінің ауруы жиілесе, өт жолдарын арнайы тексерген дұрыс.

Рентген пленкасына түсірілген суреттен өт жолдарының өзгергенін, кеңейгенін немесе төмендегенін айқын байқауға болады. Егер өт жолдарында ақау болса, ол әрине, қабыну процестерін туғызады.

Сондай-ақ өт жолдарының қабынғанын асқазан сөлінде қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер) көбейеді. Сонымен бірге іштің түйілуін басатын кейбір дәрілерді (атропин, магнезия, но-шпа  т. б.) беріп соқыр ішек ауруын өт жолдарының қабынуынан айыруға болады.

Іштің түйілуін басатын дәрілер өт жолы ауруларын бәсеңдетеді. Ауруды ажырату мүмкін болмаған жағдайда мойын етке новакаин дәрісін енгізіп кезбе нервтің қозуын басуға болады. Егер өт жолдары ауыратын болса, онда блокададан кейін ауырған жердің нерв қозуы басылады. Ал соқыр ішек ауруында мұндай блокада көмек ете алмайды.

12 жасар Айнұрды ата-анасы іші қайталап ауыра берген соң, ауруын анықтап емдету үшін клиникаға орналастырды. Олар ауылда тұратын. Осыдан екі жылдай бұрын, дәл осылай іші ауырғанда, соқыр ішек деген диагнозбен операция да жасалған екен. Дәрігер берген анықтама қағазында соқыр ішекте өзгеріс жоқтығы айтылған.

Ішкі органдарын тексергенде басқа ауру белгісін таба алмаған. Баланың соқыр ішегі алынып тасталғанмен 2—3 айдан соң қайталап отырған, ауру оң жақ қабырға астынан басталып, кіндіктің түбіне қарай жылжи ауырған. Қатты ауырған кезде бала екі-үш рет құсқан, денесі аздап сарғайғаны да байқалды.

Науқасты жан-жақты тексергенде, оның жалпы денсаулығының бірқалыпта екендігі анықталып, тек оң жақ қабырғасы астының ауыратыны байқалады. Бауыры аздап үлкейген, қабырға астынан 3 см шығыңқы. Биохимия тәсілімен тексерген кезде қаннан билирубиннің, яғни өттің қызыл пигментінің көбейгенін анықтадық.

Бауырдың сөлін тексергенде оның ішіндегі қанның ақ түйіршіктері шамадан сәл жоғары екені анықталды. Қан тамырлары арқылы өт жолдары суретке түсірілді. Бұдан өттің жолдарында әр жерде кедергі бары анықталды. Баланың өт жолдарына операция жасалынды.

Операция кезінде өт қабынуда туа біткен кемістік бары анықталды. Ал жалпы өт жолының өтімі жақсы екені байқалды. Операция өт қабын алып тастаумен аяқталды. Бала операциядан соң 15 күннен кейін айығып үйіне оралды. Осыдан балаға алғашқы операцияның негізсіз жасалғанын көреміз.

Соқыр ішек ауруы және оның алдын алу жолдары.

Соқыр ішекті белгілері ұқсас аурулардан ажырату жолдары.

Соқыр ішек және зәр жолдарының қабынуы ауруы.

Соқыр ішек ауруын қандай емдеу жолдары болады.

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ