Жас нәрестеде мастит сирек кездеседі. Жас нәресте өмірге келген соң, алғашқы 10 күннің ішінде оның емшек бездері қалыпты жағдайдың өзінде де үлкейіп тұруы мүмкін, бұл баланың ана сүтімен келетін гормондарының әсері. Бара-бара гормондардың ана сүтімен келуі азаяды да емшек бездері өз қалпына келеді.
Міне, мұны білмейтін ата-аналар жас нәрестенің емшек безін қысып, оны сауа бастайды, соның кесірінен барып шын мәніндегі іріңді мастит пайда болады. Ауру қауырт басталады. Баланың ыстығы көтеріліп, ембей шырқырап жылайды. Баланы шешіндіріп қарағанда бір емшегінің үлкейіп, ісініп, аздап болса да қызарып тұрғанын көруге болады. Мастит көбінесе баланың бір емшегінде кездеседі. Қабынған без ысып, қап-қатты болып тұрады.
Бір-екі күннен соң бездің үсті қоңырланып үлбірейді, яғни іріңнің пайда болғаны байқалады. Емшек безінің айналасының ісінуі ұлғая түседі. Қанда ақ қан түйіршіктері көбейіп, қызыл қан түйіршіктері азая бастайды, СОЭ жоғарылайды. Бірте-бірте ісік емшек айналасынан тарала бастайды. Сөйтіп ол кеуде қуысына, қолтық астына, ішке қарай таралып, некрозды флегмонаға айналады, сепсиске айналады.
Физиологиялық мастит екі безде де бірдей үлкейіп білінеді, баланың денесінің ыстығы көтеріліп, жағдайы өзгермейді. Бездің терісінің түрі қалыптағыдай. Емшек безінің қабынуы пайда бола салысымен-ақ оған ультра- күлгін сәулемен спирт пен фурациллин қосылған компресс қойып, 1—2—3 сағат байқап көреді. Егер көмегі болмаса бездің қабынған жерін хирургиялық жолмен тіліп емдейді.
Емшек безі кабынған жағдайда кесіп іріңін шығарады. Мастит асқынбаған болса, онда 0,25% новокаинмен (антибиотик қосып) блокада жасап емдейді. Ал мастит флегмонаға айналса, онда наркоз беруге тура келеді.
Іріңді жарудың да жолы бар. Жараны емшектің ұшына және оның айналасындағы трабекулаларға жайылдырмау керек. Жара 1,5—2,5 см шамасында, оған арнайы сағыздан дренаж қоюға да болады. Егер емшек бездерінің айналасындағы тканьдер қабынса онда теріні шахмат шаршысы сияқты етіп тіледі. Ондай операциядан соң баланы күніне 2—3 рет қарап, жарасын қайта таңып отырады. Жараны байлап таңуға түрлі антисептиктерді қолданады.
Балаларда жиі кездесетін Лимфаденит ауруын қалай емдейді.
Жас нәрестелердің терісінде пайда болатын түрлі іріңді аурулар.
Жас нәрестенің кіндігінің қабынуы (омфалит) себептері.
Емшек бездері дегеніміз не және оның ағзадағы қызметі.