Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балалар ауруы

 

Балалардың терідегі ірің аурулары


Жаңа туған жас нәрестенің терісі өте жұмсақ әрі нәзік келеді. Егер баланың күтімі нашар болса, теріде түрлі ірің пайда болады. Ол тек теріні ғана бүлдіріп қоймай, басқа да ауруларға шалдықтыруы мүмкін.

Жас нәресте терісінің іріңдеп жара болуы (шілде қотыр) Бұл ауру дүниеге жаңа келген сәбилерге тән. Олардың тері асты майлары іріңдеп қабынғыш келеді. Ауру өте тез өршиді. Бұл қабынудан терінің астымен келетін қан тамырларының қызметі де бұзылады. Тері іріңдеп шіриді. Бұл ауру некрозды флегмона деп те аталады.

Жедел флегмонаның алғашқы белгісі өте тез өршиді. Ауру алғаш арқа, құйрық тұсы терілерінің ісініп, қызаруынан байқалады. Ол тез арада үлкейіп, терінің ісінген тұсы алқызылдан қоңыр қызыл түстенеді. Ыстығы 38— 40°-қа дейін көтеріледі. Бала денесінің қабынбаған жері сұрғылттанып, ерні кезеріп, тілі ақ таңдақтанады.

Баланың жағдайы мүлде нашарлайды, тіпті ол дәрі еккенді сезбей, сұлық жатады. Кейде бала ішінің тоқтамай өтуі мүмкін. Егер ем дер кезінде жүйелі түрде жасалмаса баланың өліп кетуі де мүмкін. Ауырған баланың қанын тексергенде некрозды флегмонада ақ қан түйіршіктерінің және СОЭ-ның күрт өсіп, қызыл қан түйіршіктерінің азайғанын көруге болады.

Некрозды флегмона кейде баяу басталады, дененің ыстығы 37,4—38° шамасында ғана болады. Бала нашар еміп, лоқсып құсады. Егер бала әлжуаз болса, оның ауруға қарсы иммунитеті әлсіреп, терісі іріңдеуі басылмауы мүмкін. Егер баланы 2—3 күнге дейін емдемесе, тері астына некрозды тканьдер жиналады.

Сөйтіп әр жерден түрлі жаралар, жыланкөздер (свищ) пайда бо- лып, одан ірің аға бастайды. Баланың іріңдеп жара болған жерлері 7—10 күн ішінде тазарады. Осы кезде қабыну да бір шама толастай бастайды. Осы жара болған жердің терісі бірден жетіліп кете қоймайды.

Яғни жараның орнын өлі еттер немесе сіңірлі тканьдер бітейді. Терінің жедел іріңдеп шіритін флегмонасын басқа ұқсас аурулардан ажырата білген жөн. Ондай ауруларға тілме (рожа) түріндегі қабыну, склерема, мастит, лимфадентті жатқызуға болады.

Тілме стрептококк микробынан жұғатын жұқпалы ауру. Тері қызарып, ісінеді. Тілме көбіне бетте, баста кездеседі. Жаңа туған балаларда тілме өте сирек ұшырасады.

Склерема ет пен терінің арасындағы майдың қатаюынан білінеді. Ол біртіндеп өршіп, дененің жалпы қатаюына әсер етеді. Склерема бала өміріне өте қауіпті ауру. Оның өзіндік ерекшелігі жоқ, ауырған баланың ыстығы көтерілмейді, керісінше мұздай болады.

Тері асты майларының қабынбаған некроздары (адипонекроз) — сирек кездесетін ауру, тері асты майларының әр жерінде әр түрлі дәрежеде некроздар пайда болады. Олардың сыртқы терісі өзгермейді, басып көргенде ауырмайды. Бір жетінің ішінде өздігінен жазылып та кетеді. Тері некроздары абсцестерден, лимфадениттерден, маститтен айыру қиын емес.

Некрозды флегмона болған баланы ауруханаға жатқызып емдейді. Емдеу комплексті түрде жүргізіледі. Бұл ауруды да остеомиелит, өкпе деструкциясын емдегендегідей үш емдеу принципі қолданылады. Ол жалпы организмге, микроорганизмге және бүлінген жерді хирургиялық жолмен емдеуге негізделген.

Өткен мақалада біз ол жалпы принциптерге кеңінен тоқталып өткенбіз. Енді хирургиялық емдеу жолдарына тоқталмақпыз. Хирургиялық емдеу тәсілін балаға диагноз қойыла сала іске асырады. Егер флегмона бала терісінің көп жеріне жайылған болса жалпы наркоз берген дұрыс.

Ал флегмона әлі денеге тарала қоймаса, оны тілу үшін аздап новокаинмен блокада жасап емдейді. Операцияны терінің тура ортасынан ұзындығы 1,5—2,0 см тілуден бастайды. Терінің ісініп тұрған жерлерін шахмат тақтасы клеткасындай етіледі. Егер флегмона жаңадан басталса, онда жарадан қанды су шығады, ал бір-екі күннен кейін жасалса, одан некрозды тканьдер бөлініп шығады.

Теріге салған жарақаттан қорықпау қажет. Тек жаралар бір-бірінен 2—3 см ара қашықтықтан алыс та, жақын да болмағаны дұрыс. Сонан соң оны 3% сутегі тотығының ерітіндісімен жуып тазалап, әр түрлі антисептик дәрілермен таңады, Жараны кеңейтіп оған дренаж қоюға болмайды. Жараны әр 6—8 сағаттан соң шешіп, көріп отыру керек.

Егер флегмона асқынып, жайылып бара жатса онда теріні тағы да тілу керек. Ертесіне жараны ультра-күлгін сәуле арқылы күйдіруге болады. Алғашқы 6—8 күннің ішінде жараны емдеуге көбіне антисептик оның ішінде 25% магнезий, 10% ас тұзы, калийлі марганец, фурациллин, эвкалипт ерітінділері қолданылады. Жараның орнына 6—8 күннен кейін түрлі май жағады. Жараның орны тым үлкен болса, тері жамауға тура келеді.

Комплексті ем кезінде тікелей қан құяды, стафилакокке қарсы — глобулин егеді, әр түрлі витамин, физио ем қолданады. Бала айыққан соң да көп уақытқа дейін дәрігердің бақылауында болғаны жөн.

Жаңа туған нәрестенің емшек безінің қабынуы (мастит).

Жас нәрестенің кіндігінің қабынуы (омфалит) себептері.

Күбірткені қалай емдейді және оның қандай түрлері бар.

Қатпар дегеніміз не және ол қалай пайда болады?

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Остеомиелит (сүйек тасуы)
  • Нәрестенің кіндігінің қабынуы
  • Бөгде заттар жұтып қою
  • Сары ауру немесе вирусты гепатит
  • Нәрестенің емшек безінің қабынуы

Пікірлер 2 Пікір қосу

  • Аягоз 22.03.2022 күні 10:47 уақытында

    Қазір тері аурулары көбейіп кеткен уақытта, осы ақпарат өте пайдалы

    Жауап беру
  • Айгул 08.03.2020 күні 13:41 уақытында

    Қазір тері аурулары көбейіп кеттіғой. Балалардың терісіне көп жара шығатын болды.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.