Менің мамандығым-тәрбиеші
Тәрбиеші болудың жауапкершілігі жоғары екенін жан-жүрегімен сезіне алған адам ғана осы мамандықты батылы жетіп таңдай алады деп ойлаймын. Себебі тәрбие беру түсіне білген адамға білім үйретуден де қиындау, салмақтылау мамандық.
Осыдан екі жыл бұрынғы бір оқиға еш есімнен кетпейді. Мамыра айының соңғы жағы болатын. Барлық мектептерде бітіруші түлектер жайлы әңгіме болып жатты. Жоғары оқу орнына түсу үшін мамандық таңдау жайлы қоғамда да, желіде де,бітіруші түлегі бар отбасыларда да «қандай мамандық таңдау керек?» деген сұрақ қызу талқыға түсіп жатты. Ағылшын тілінен аудармашы мамандығын таңдайтын болып соған дайындалып жүрген туысқан сіңлімді елімізге белгілі оқу орнына дайындыққа апарып жүрдім.
Сонда сөйлесіп отырғанда бітіруші түлек екенін айтқан бір қыздың:
— ой, тәрбиеші бола саламын бала бақшаға. Мен секілді білімі төмендерге сол болады,*- деді.
Менің сүйіп таңдаған мамандығым тәрбиеші болғандықтан, әлгі бітіруші түлек болған қыздың сөзі жүрегімді тіліп өткендей болды.
— Сіңлім,кім айтты сізге тәрбиеші болу оп-оңай деп?- дедім түрім қатуланып кеткен болса керек.
Сонда әлгі қыз:
— Оның не қиындығы бар? Оларды оқытпайсың, тек қарап жүресің емес пе? – деп сөйлепкеле жатыр еді, мен оны бірден тоқтаттым да:
— Жоқ қателесесің, тәрбиеші болу бұл мамандықтың ең үлкені ең жауапкершілігі жоғарысы. Себебі сен білімнен бұрын балаға тағылым, тәрбие, жақсылықтың нәрін құясың. Тәрбиеші болу үшін сол қасиеттерді бере алатын қабілетің, мүмкіндігің , білімің мен тәрбиең болуы керек. Жан жүрегіңмен балаларды жақсы көруің керек. Олай болмаса сен бұл мамандықты таңдамай-ақ қой. Біздің бітіруші түлектердің ең бір қателесетін тұсы тәрбиешілік пен қазақ тілі пәнінің мұғалімі болуды ең оңай мамандық санайтындары.
Олай емес, бұл екеуі біздің тәуелсіз елімізде ең үлкен мәртебеге ие мамандықтарға айналуы тиіс. Тәрбиешіге жеңіл-желпі мамандық деп қарауға үзілді-кесілді қарсымын. Ол бала болашағына маңызды ең алғашқы білім мен тәрбие нәрін құятын адам. Сондықтан оның берері көп, білімі жетік болуы шарт! Сіз бабаларға «жүрдім-бардым» тәрбие бере беруге болады деп ойлайтын болсаңыз, ол мамандықты таңдамаңыз! — деп кесіп айтым.
Менің осы сөзімді сондағылар да қостай кетті. Менің пікірімді қостай кеткені мен үшін мәртебе емес, бірақ аз да болса ой салғаным үшін қуандым.
Ал мен өзім бұл мамандықтан сонау бала кезімнен сүйіп, жақсы көріп жан-тәніммен қалап таңдағам. Себебі біздің бала кезімізде есік алдында бала бақша болатын. Қаздың балапандарындай сүп-сүйкімді болып тізілген балаларды жетектеп сыртқа алып шыққан әп-әдемі апайларды көргенде менің бала қиялымда: «менде тәрбиеші болып, осылай балаларды жетегіме алып жылы-жылы сөздер айтамын, еркелетемін, оларға жақсылық үйретемін, ізгілікке тәрбиелеймін» деп ойлайтынмын. Мектептегі 2-3 сынып оқитын кездерім болар. Сонда мен ізгіліктің не екенін білмесем де жақсы дүние екенін біліп армандайтынмын.
Менің мамандығым тәрбиеші! Мен бұл мамандықты кездейсоқ таңдай салған жан емеспін. Мен бұл мамандықты үлкен махаббатпен таңдадым. Бүгінде балаларға тағлым нұрын, тәрбие сырын ұқтырып жүргенім үшінде өзімді бақытты сезінемін. Әр баланың жүрегіне жол тауып, олардың мінездерін танып тағлымды тәрбие бере жүріп, мен өзімді жақсы қырыма қарай өзгертіп келемін. Мен балалардан қайсарлықты, жақсылықты, ізгілікті, шынайы күлуді, шынайы жақсы көре білуді үйрендім. Жалпы тәрбиеші болу үшін мейірімді жүрек, кең көңіл және балаларға деген үлкен махаббат керек.
Өз мамандығымнан еш ұялмаймын, оның мамандықтардың бастауы, ізгіліктердің басында тұрған мамандық екенін айта беруден жалықпаймын. Себебі менің жүрегім тек балаларға жақсылық нәрін құйғанда ғана шаттанады. Мен өз мамандығыммен мақтанамын! Менің мамандығым тәрбиеші! Бұл сөзді мен үлкен құрметпен, мақтанышпен айта аламын! Сөз соңында тәрбиешілерге жеңіл мамандық деп қарамауларыңызды, бұл өресі биіктер ғана, сабыры мықтылар ғана, балаларға мейірім бере алатындар ғана таңдайтын мамандық екенін естен шығармасаңыздар екен….
Сайт өте керемет.Материалдар өте сапалы.Тәрбиеші мамандыгы өте қиында, қызыққа толы мамандық. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік.Маған өте ұнады.Жұмыстарыңызға береке!
Керемет,еңбегіңіз жана берсін
өте дұрыс айтылған,кез келген адам тәрбиеші бола алмайды,тәрбиеші болу оңай емес,баланы жан-тәнімен сүйетін,баланың ішкі сезімін түсінетін адам жақсы тәрбиеші бола алады
Тәрбиеші деген балаларға анасындай мейірімді жылы жүзбен қарап, оларға деген махаббатын төгіп, жылы сөздермен баурай білетін мамандық.
Тәрбиеші деп өз ісінің жауапкершілігін сезініп, балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру жолында тәрбиелеу мен оқытудың алғашқы қадамы болғандықтан өзінің бар күш жігерін сарп етеді.
Сондықтан балалардың қуанып, күлімдеп тұрғанының өзі бір бақыт тәрбиешіге.
Күшті
Өте керемет
Тәрбиеші жұмысы өте ауыр. Соған қарамастан осындай мақала жазған сізге алғыс. Еңбегіңіз елене берсін!
Керемет
Тәрбиеші тек баланың тілін табу ғана емес білім беріп . Баланың ой өрісін дамыту
Тәрбиеші немесе қандайда бір маман иесі өз маманын сүйе білу қажет. Маман өзінің мамандығын жақсы көріп жан-тәнімен балаға берсе болашақта сапалы мамандар көп болады
Елдің баласын өз балаңдай жақсы көре білу керек.қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық.
Мамандығымды жақсы көрем,бірақ қатты шаршаймын апта сонында.демалыс күндері балаларымды сағынып тезірек жұмысқа барғым кеп тұрады.керемет жазылған екен.көбі еріксіз ақша үшін істейді,алдындағы балалар қандай білім алып шығады екен деп толғанам…
Өте керемет айтылған. Осындай жүрдім- бардым жүрген жастарға ой саларлық дүние жазылған. Тәрбиешілердің еңбегін бағаласа екен.
Тәрбиеші болу оңай емес-ол баланы жақсы көрумен ғана тоқтамайды.Ол баланы таный білуге,ата-анамен байланыс,өз маманының кәсіби деңгейін артыра білу.
Мен жұмысымды тәрбиешіліктен бастап едім. Өзіме жасаған жұмысым қатты ұнады. Балаға берген тәрбиен, білімің өзінің жемісін көрсетсе содан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын
Өте керемет
Жақсы жазылған мақала екен. Маған ұнады. Менің де мамандығым тәрбиеші. Тәрбиеші болу деген ең жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Мақала тамаша!
Менде өзімді ары қарай дамытқым келеді. Мағанда балалармен жұмыс жасаған ұнайды. Таңертең балаларды қабылдағанда апай деп күліп келгенде менен асқан бақытты тәрбиеші жоқ шығар деп ойланамын
Мен өз мамандығымды таңдағаныма өкінбеймін.Әр бала әр үйдің еркесі.
Өте дурыс айтылған екен!
Тәрбие тал бесіктен деп ата бабаымыз бекер айтпаған. Балабақшадан берілетін тәлім тәрие бала өміріне аса маңызды рөл атқарады. Тәрбиеші болу қызығы мен қиындығы көп жүретін мамандық…
Өз ісінің маманы болған қандай тамаша! Тәрбиешілергемың алғыс
тәрбиеші мамандығы ең қиын, сабырлық керек.менде тәрбиешімін
Менің де мамандығым тәрбиеші.Бұл мамандық мені көп нәрсеге үйретті.Баламен жұмыс жасау қызық әрі қиын.Кішкене болсын алған білімімді балапандармен бөліскеніме қатты қуанамын
Өз ісімнің маманы болғым келеді
Мен жумысымды бастаганыма тек 2а болды. Буйырса бари жаксы болады. Балалар деген кушти го
Балаларымды жаксы корем. Ата-аналармен карым катынасым да жаксы. Кейде тунде отырып ата-аналарым жазса, или статустан ояу отканын корсем. Менде ерте жас болгандыктан кейбир балаларым емеди.Жатыныз, баламнын нанасын бериниз,сиз жатпай менин балам уйыктамайды дейтиним бар. Кишкене сон апайын урсып жатыр деп уйыктатып келдим дейтиндери бар. Татти го балалар
Я очень очень люблю свою профессию. И поэтому думаю все хорошо. Любите свою работу. И все будет отлично
Тәрбиеші балаға анасындай жаны ашыса ?
Әркім өз мамандығының иесі болу үішн, мамандығын сүю керек
Тәрбиешілік ең жауапты мамандық
Былай оңай көрінгенмен жұмыс оңай емес. Өщіңізге байланысты
Мен де оңай ғо тілі шықпаған балалар жаттау айта алмады деп ойлайтынмын. Бірақ әр баланы ёр түрлі подход жасап, көп нәрсе үйрету керек оңай емес әрине. Оны жасау үшін, өз ісіңнің шебері болу үшін, өз жұмысыңды, балаларды жақсы көру керек.
Ата-аналармен де бірден балаң қояншық демей. Жаұсы қасиеттерін айтып мақтап, содан соң бүлдіргенін айту керек сияқты. Бірден оой қояншық десең жақпайды. Бізде бір бала қояншық. Бирак оны пысық өзіне керегін алады. Біледі не керек екенін. Ұнаса жүда жұлып алады. Тырнап. Соны қойдырсаңыз. Уйде ескертсеңіз деген сияқты айту керек деп ойлаймын. Өзіміз де анамыз. Баламызды жамандаса ұнамайды ғо
Балалар бір-бір үйдің еркесі, берекесі. Оларға дұрыс қарау керек.
Дұрыс айтасыз, балаларға мейірлеге алатын адам ғана тәрбиеші болу керек деп олаймын
Балалар әртурлі, әр қайсысының мінезі де солай. Оларға қалай.подход жасаулы білу керек
Мен өзім ондай қатты балажан емес едім. Бірақ тобымдағы балалар сондай тәтті. Жақсы көрмеу мумкин емес.. менде ерте жас болған соң, көбінің әлі тілі шықпаған. Кейбірі апатай десе, кейбірі тіпті мама дейді. Қалай еріп кетпейсің сондайда.
Иа сөзіңізбен толықтай келісемін. Тәрбиеші болу оңай емес. Балалар кішкентай. Мықтап көңіл болу керек. Уйрететін жайттар да көп
Мына мақалада керек мағлұматтар өте көп. Өзіме керегін алдым
Кішкентай балапандарды өзім жақсы көрем маған ұнайды қараған. Менің мамандығым тәрбиеші! Мен бұл мамандықты кездейсоқ таңдай салған жан емеспін. Мен бұл мамандықты үлкен махаббатпен таңдадым. Бүгінде балаларға тағлым нұрын, тәрбие сырын ұқтырып жүргенім үшінде өзімді бақытты сезінемін. Әр баланың жүрегіне жол тауып, олардың мінездерін танып тағлымды тәрбие берем.
Тәрбиеші болу үшін бірінші өзі білімді, сабырлы, қамқор, жауапкершілігі мол болу керек. Кез келген адам тәрбиеші бола алмайды, оған сабырмен, баламен жақсы жұмыс жасайтын адам керек. Сосын қазіргі ата —аналар өте қиын кісілер, тырнақ астынан кір іздеп отырады. Тәрбиешінің түріне, сөйлеу мәнеріне ерекше мән береді. Ата —аналарға жылы сөйлесіп, баласын мақтап қана ұнайсың, ата —аналармен ұрысып бет жыртысып жеңе алмайсың, ол кісілер өте білімді және интернет желісінен неше түрлі видеоларды көріп, ата —аналар қорқып қалған сол үшін сенгілері келмейді тәрбиешілерге көп несе қоғам ортасы өзгертіп отырады. Сол себепті тәрбиешілер бала біздің келешегіміздің болашағы, біздің азаматпен азаматшаларымызды жақсы тәрбие беру басты міндетіміз.
Мен үшін керемет маман тәрбиеші. Себебі мен өзім тәрбиеші болып жұмыс жасаймын.
Балабақша ол мектепке бастар ең алғашқы қадам.Тәрбиешілер баланы дұрыс тәрбиелеп қана қоймайды сонымен қатар алғашқы сандар, әріптермен таныстырады.Сондықтан да ол мамандық иелерінің жұмысы өте жауапкершілікті талап ететін жұмыс деп білемін.
Өте жақсы жазылған мақала екен. Әрине, адамдардың барлығы тәрбиешімін десең а деп менсінбей оңай деп ойлайды. Олай емес. Себебі, балалардың бойына осы мектеп жасына дейін тәрбиені қалыптастыратын әрине біздер тәрбиешілер деп ойлаймын. Ағашты қисық ексең қисық шығады емес пе? Бала бойына ең алғаш фундамент осы балабақшада тәрбиешілер қалыптастырады
Баланың тәрбиесі мен жұмыс жасаған өте қызық және қиын
Бала тілі бал дегенде өз жұмысын жақсы көру
Баланың тәрбиесі мен жұмыс жасаған өте қызық
Керемет маман
Тәрбиеші болу ол өте жауапты мамандар
Тәрбиеші әр баланың мінезіне,еркелігіне жәнеде екінші ана бола білу,бала жүрегінен орын алу