Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балабақша

 

Ертегілер ізімен


Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы.Құлан ауылы. «Балауса»балалар бақшасының тәрбиешісі: Мансурова Әмина Шакиртовна

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер ізімен» Мақсаты: Балаларға ертегілер жөнінде айтып түсіндіру.Ертегілер елінің жағымды жағымсыз кейіпкерлерін атап айтқызуға үйрету,балаларды рөлдерге ойнауға үйрету.Балаларды сонымен қатар жақсылыққа,достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Сабаққа сай безендірілген

Тәрбиеші: (Шаттық шеңбері)

Арайланып таң атты Алтын сәуле таратты, Жарқырайды қаламыз Жайнай түсті даламыз, Қайырлы күн балалар, Қайырлы күн достар!

-Балалар сендер таңертең тұрғанда терезеден нені көресіңдер? -Біз күнді көргенде қалай қуанамыз? -Балалар сендер ертегілер білесіңдер ме? Қандай ертегі білесіңдер? Ертегінің басы қалай басталады? -Балалар бүгін маған Ерден атадан хат келіпті.Ол хатта көптеген тапсырмалар беріліпті. 1Тапсырмасы:Алдар көсенің бір ертегісін орындап беріңдер,және әдептілік жайында тақпақтар айту керек депті.Орындаймыз ба? (Балалар «Алдар көсе мен бай» ертегісінрөлге кіріп сомдайды)

Берік: Күнің барда күліп жүр Жан-жағыңды біліп жүр Ғибраты мол сөздерді Құлағыңа іліп жүр!

2.Тапсырма: Балалар келесі тапсырма Қасқыр мен түлкі ертегісі жайында екен. -Түлкі қандай аң? -Қасқыр қандай аң? Олай болса «Түлкі мен қасқыр»ертегісін рөлге кіріп ойнаңдар депті Орындаймыз ба? «Достық туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?»депті Аружан: Әрқашан тілектес, Досыңа көмектес. Айбек: Өзің жақсы болсаң Досың көп болады. Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық Үлкен шеңбер құрайық Үлкен шеңбер құрған соң Алақанды соғайық

3.Тапсырма:Балалар бұл тапсырма математика оқу іс-әрекетіне байланысты. «Қоян мен аю» ертегісінен.

mansurovaБалалар аю ұйықтап жатқанда қояндар тыныштық бермей секіріп қоймапты.Ұйқысынан оянған аю қояндарды ұстайын десе ұстай алмай жығылып қалымты.Олар шыршаның түбіне жасырынып қалыпты.Қане,қанша қоян аюдан жасырынған екен,санайықшы.(Суретін көрсету)

Балалар ертегі кейіпкерлерін атайықшы.:түлкі,қасқыр,Алдар,қоян,арыстан. Ендеше балалар біз Ерден атаның тапсырмасын орындадық.Енді аңдар айтысын ойнаймыз ба? Олай болса,маған : қоян,түлкі,қасқыр,аю,,тиінболған кейіпкерлер ортаға шығып тақпақтарын айтсыншы.

Кәрі еменнің түбінде, Кәрі аюдың інінде, Бас қосыпты көп аңдар, Айтысыпты қараңдар

Қоян: Мен қоянмын,қоянмын Жорыққа түнде шығамын Қалдырмаймын ізімді Өйткені мен қорқамын

Түлкі: Мен түлкімін,түлкімін. Біреуді алдаймын Екіншіңді арбаймын

Қасқыр: Мен қасқырмын,қасқырмын Аң ішінде асқармын Талай қойды әкеліп Үйге әкеліп асқанмын

Аю: Менің атым аю Оңай маған баю Бал ішінде жүремін Балды иісінен сеземін

Тиін: Мен ақ тиінмін Кисең киіммін Аңшы көрсем бекінем Талдан-талға секірем

Барлығы қосылып: Ал,қыс түсті Қиын болар қар түсті Жортуылға шығайық Тамақ тауып алайық

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Технологическая карта «Фрукты»
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ою-өрнек сыры
  • Төрт түлігім- тірлігімнің ырысы
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамыту

комментария 8 Пікір қосу

  • Нұрсипәт Аяулым Олжақызы 02.01.2022 в 11:45

    Балаларға өте унайтын болады

    Ответить
  • Эльвира 27.10.2021 в 17:53

    Балалар қандай ертегі болсада тыңдағанды және оны сомдағанды ұнататыны анық.Сол себепті ертегімен оқу қызметін көптеу өткізген жөн деп санаймын

    Ответить
  • Гульнур 18.08.2021 в 16:00

    Ертегі өте қызықты. Балаларға рөлге бөліп ойнау ұнайды деген ойдамын.

    Ответить
  • Алтынай 23.04.2021 в 18:36

    Өте жақсы ,Ертегіге құрылған оқу іс-әрекеті жақсы құрылған. Ұнады. Балаларға өздеріне рөлге бөліп орындатқан дурыс, өте керемет

    Ответить
  • Айгерим Тогисова 25.02.2021 в 21:51

    Ертегі кейіпкерлерін сомдау арқылы — ертегіні балаларға есте сақтарлықтай таныстырудың жолы

    Ответить
  • Айгүл 09.02.2020 в 19:54

    Ертегіге құрылған оқу іс-әрекеті жақсы құрылған. Ұнады. Балаларға өздеріне рөлге бөліп орындатқан жұрыс.

    Ответить
  • Салтанат Қоқымбаева 09.04.17ж 09.04.2017 в 23:52

    Ертегі маған қатты ұнады.Балалар ертегіні өздері рөлдерге бөліп орындаса қызықтырақ болар еді.Әрі балалардың ертегіге ынталары арта түсер еді.

    Ответить
  • Сандуғаш 04.04.2017 в 00:10

    Маған бұл ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті ұнады. Өйткені ертегіні балаларға оқып бергеннен,өздері сомдаса естерінде көбірек сақталады.Балалардың сөздік қоры кеңейеді,әрі ойлау қабілеттері артады деп ойлаймын.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.