Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балабақша

 

Ардақты анашым


«Ардақты анашым» 8 наурыз сценарийі
(балалар музыка әуенімен залға кіреді).

Жүргізуші:
Балалар, айналаға көз салайықшы. Көктем күн шуағын төгіп тұр. Көктемгі күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып, жадырап, жарқырайды.Айнала толған қызыл–жасыл гүлдер. Біз гүл бағына келген сияқтымыз….
(музыка әуенімен көктем кіреді)

Көктем ханшайымы:
Сәлеметсіңдерме балалар, мен көктем ханшайымымын. Менің ғажайып гүл бағыма қош келдіңдер.

Жүргізуші:
Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі. біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ.

Көктем ханшайымы:
Қош келіпсіз ақ жаулықты әжелер мен аналар!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді!
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Тақпақтар:
Аруана: Ана ол–біздің елде ардақты адам
Кіші де,үлкен де оны ардақтаған
Өзінің аяулысы–Отанды да
Ана – деп біздің халық текке айтпаған.
Сұлтан.С:Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай,
Үмітіңдей көзіме,
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзімде,
Еміреніп тұр күліп.
Әлихан: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Әлпештеген баласын,
Ана–бақыт, ана – күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!
Батырхан: Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам барма екен.
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен тарайды.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.

8 наурыз сценарий балабақшаға.Хор: «Ақ мамам«.
Көктем ханшайымы:
Балалар!Ғажайып бақтың алғашқы гүлін сыйға тартайын. Бұл сиқырлы гүл, барлық тілектерімізді орындайды. Ол үшін гүл желектерінен сұрайық…
1.Біз бірінші гүл желегін жұлайық,
Ақ тілекті гүл желектен сұрайық.
Тобымыздың әншілері,
Орнымыздан тұрайық.
Мейірімді аналарға,
«Көктем» әнін сыйлайық!

«Көктем» әні:
Көктем ханшайымы:
2.Ұш, ұша түс гүл желек,
Бақшамызға қон желек.
Баршаңызға аналар!
Зор денсаулық біз тілейді.
Қазір шығып ортаға,
«Гүлдеріміз» би билейді.

Би: «Гүлдер»
Көктем ханшайымы:
3.Біз үшінші гүл желегін жұлайық,
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Аяулы ана, асыл әже,
Тақпақтарды біз сіздерге арнайық…..

Тақпақтар:
Айлин. Ержетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы
Иіскеп маңдайынан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.
Алина: Менің әжем жақсы адам,
Қорғайды мені әрқашан.
Міндетім ғой ол менің
Артық көру басқадан.
Арманжан: Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Анамыздың қасында,
Жұлдыз болып жанамыз!
Асанәлі: Өзіңнің ерке балаң бұл,
Арнайды бүгін саған жыр.
Жақсылық тілеп жаныма,
Әрқашан ана аман жүр.

Көктем ханшайымы:
Аяулы аналар! Сіздердің қамқорлықтарыңызда шек жоқ. Әрқашан аялы алақандарыңызбен ыстық бауырсақтарыңыз бала үшін дайын.Бүгін балаларыңыздың қалай тамақ пісіретіндерін көрейік…Ендеше кезекті ойынға берейік…
Ойынымыз «Көмекшілер» деп аталады.

Көктем ханшайымы:
5. Ақ арманды гүл желектен сұрайық
Ол үшін біз тағы бірін жұлайық
Ананың – біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз!
Тек сіздерге арналады,
Міне, біздің биіміз!
Би: Чунга – чанга.
Көктем ханшайымы:

– Әнімізге ән беретін, кешімізге сән беретін аналарымызбен бірге ойын ойнайық.
Ойын: « Ананы сәндейміз» (ұлдар)
Көктем ханшайымы:
6.Гүл желектің біреуін,
Қане, жұлып көрейік.
Сізге бүгін сый–құрмет,
Жан аналар мерейім.
Келіпті бізге қонаққа,
Сән үйінен сұлулар,
Осы нұрлы көктемнің
Сән үлгісін көрсетпек….
(Музыка әуенімен мода көрсететін қыздар кіреді)

Меңгеруші:
Апайыма ұқсаймын
Үйретемін тәрбие.
Балабақша ұстаймын,
Меңгерушімін әрине.
Тәрбиеші көмекші:
Мен, көмекші бала үшін қуанып,
Күніне 100 тарелка жуамын.
Бала деген болашақ ұрпақ үшін,
Шаршасам да ұмытып кетіп жатамын.
Музыкант:
Күмбірлетіп күй де тарта аламын,
Мың бұралып биде билей аламын.
Аспаптарда ән де айта аламын,
Өйткені мен Музыка жетекшісі боламын.

Батыр ана:
Мен анамын,батыр ана атанған,
Балалары ана үшін шаттанған.
Дәмді етіп пісіремін тағамды,
Оқытамын тәрбиелеп баланы.
Сән үйінен келдім міне,
Көрсетуге модаңды…

Әже:
Мен әжемін, маған сөз бере ме?
Балаңнан да тәтті дейді немере,
Гүл сияқты алақанмен аялап,
Күн сияқты көтеремін төбеме.
Әжемін мен, ырысы мол береке.
Айналайын, құтты болсын мереке.

Оқушы:
Әлдилеп білім бесігін,
Мектептің ашам есігін.
Бестік баға аламын,
Оқушы менің есімім.
Көктем ханшайымы:
Сән үлгісін көрсеткен аруларымызға қошемет көрсетейік….
Хор. Анаға сыйлаймыз.
Көктем ханшайымы:
Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,

Берші анама бар жақсылық, тәңірім!! – деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік…
(сыйлықтарын аналарға береді)
Көктем ханшайымы:
Астанамыз тұнып тұрған бау болсын,
Сүті теңіз, еті ерен тау болсын,
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар!! Дендеріңіз сау болсын!!
Мерекелеріңіз мәңгілік болсын!

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Мүсіндеу Тақырыбы: « Аққала»
  • Денсаулық саған рахмет
  • «Аяулы анашым» (ертеңгілік)
  • Таза ауадағы қысқы ойындар
  • Ертегілер ізімен

Пікірлер 47 Пікір қосу

  • Manar Omirserik 10.09.2024 күні 21:54 уақытында

    Өте жақсы жазылған. Аналар әрқашан ардақты жан. Балаларымыз аналарын сыйлаудан жалықпасын

    Жауап беру
  • Аяжан 22.08.2023 күні 09:14 уақытында

    дайын сценари іздеп жүр едім жақсы болды ғой рахмет

    Жауап беру
  • Зульфия 23.03.2022 күні 16:32 уақытында

    Әрине аналарымызды 8-наурызда құттықтап қана қоймай әр күнде сыйлап өту қажет. Өйткені қазір барсың , қазір жоқсың . Жылына бір рет емес 365 күн бойы сыйлап , қадірлеп өту қажет

    Жауап беру
  • Анар Жауышева 11.03.2022 күні 01:50 уақытында

    Барлық Аналарды мерекесімен құттықтаймын.Балабақшадағы балалар кішкене кезінен Аналарына сыйлық жасап,тақпақ жаттап тырысып жатады.Сол кішкене бөбектеріме қарап риза болам.Ана махаббатына ештене жетпейді гой шіркін.Сіздерге көп рахмет.

    Жауап беру
  • Дайана 24.02.2022 күні 23:12 уақытында

    Өте керемет жазылған 8 наурызға Аналар мирасы кутты болсын

    Жауап беру
  • Молдир 22.02.2022 күні 22:14 уақытында

    Нагыз тарбиешілерге керек материал екен!

    Жауап беру
  • Нұрсипәт Аяулым Олжақызы 02.01.2022 күні 11:10 уақытында

    Жаксы жазылған сценарий!Озиме керек жерин туртип алдым.Рахмет сиздерге!!!!

    Жауап беру
  • ЖАДЫРА 25.12.2021 күні 12:55 уақытында

    Еркетай ұжымына, салтына үлкен рақмет осындай мақала шығарып отырғанына

    Жауап беру
  • Бекмолда Айгерім 19.12.2021 күні 14:44 уақытында

    Аналарымызға арналған керемет мерекелік шара болды деп есептеймін.Барлық таппақ өлеңдері тиянақты таңдалып алынған.

    Жауап беру
  • Тоқтасынқызы Альбина 08.12.2021 күні 21:42 уақытында

    Анасын силаған қазақ халқымыз. Өсіп келе жатқан жас балаларға ананың қадірі ерекше рөл атқаратынын түсіндіруміз керек. Анамыз тоғыз ай кішкентай құрсағынан дамығанымыз жайлы түсіндіруміз керек. Анаға деген құрметті кішкентай кезінен бастап айта беру керек. Тәрбиеші аналарын қалай силау керек екенін, айтып көп сабақ өту керек. Ата —ана жайлы көп ертеңгіліктер өткізіп тұру керек. Ана сөзінде қандай мән мағаналар жатқанын түсіндіріп, баланың мейірімін ояту керек.

    Жауап беру
  • Алина 05.12.2021 күні 20:05 уақытында

    Өзіме керекті жерін тәртіп алдым. Жақсы құрылған сценарий

    Жауап беру
  • Айдана 08.11.2021 күні 01:21 уақытында

    Сценарий ерекше құрылған екен, әсіресе әрмамандықтарды қосқаны ұнады.

    Жауап беру
  • Нағима 03.11.2021 күні 15:29 уақытында

    Мен, көмекші бала үшін қуанып, Күніне 100 тарелка жуамын. Бала деген болашақ ұрпақ үшін, Шаршасам да ұмытып кетіп жатамын.
    Осы өлең жолдарын оқып еріксіз күлдім. Тәрбиеші деген қандай тамаша

    Жауап беру
  • Эльвира 27.10.2021 күні 17:03 уақытында

    ертеңгіліктің құрылымы жақсы.Әнде,биде,жыр шумақтарда қамтылған.Анаға арналған ертеңгіліктердің барлығы өте керемет деңгейде өтуі тиіс.

    Жауап беру
  • Куралай 21.09.2021 күні 13:50 уақытында

    Қызықты етіп құралған сценарий, мен өзіме қажеттісін аламын, мың алғыс.

    Жауап беру
  • Айгерім 14.09.2021 күні 09:35 уақытында

    Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Анамызды құрметтеп, сыйлап жүрейік.

    Жауап беру
  • Райгул 24.08.2021 күні 20:36 уақытында

    Сценарий өте жақсы құрылған. Тәрбиелік маңызы зор.

    Жауап беру
  • Назира 18.08.2021 күні 13:48 уақытында

    Тәрбиелік мәні зор.Ананы сүйіспеншілікке бөлеу, бәріміздің міндетіміз!

    Жауап беру
  • Назира 18.08.2021 күні 13:41 уақытында

    Ана жүрегі мықты бәріне шыдайды

    Жауап беру
  • Алма 17.08.2021 күні 12:58 уақытында

    Жер ана құлпырған керемет шақта Аналарымыздың мерекесі болады. Сценарий құрылымы тамаша. Тәрбиелік мәні зор. Алдағы уақытта керегімізге жарары анық. «Еркетай» ұжымына рахмет!

    Жауап беру
  • Акерке 11.08.2021 күні 14:18 уақытында

    Өте жақсы сцераний екен. Еркетай сайтына рахмет осындай мақалалар жариялап отырған

    Жауап беру
  • Гаухар 05.08.2021 күні 08:29 уақытында

    сценарий құрлыу жолы жинақы, әрі ауқымды екен.

    Жауап беру
  • Еңлік 27.07.2021 күні 12:25 уақытында

    Сайтарыңыздың ерекшелігі,барлық материалдарыңыз түсінікті,қызықты етіп жазылған.Декреттен жаңа шыққан кезім еді,енді сіздердің сайтқа сүйене отырып,біраз жұмыс тындыратын болдым

    Жауап беру
  • Жанерке 04.06.2021 күні 12:22 уақытында

    Жақсы құрылған екен, өзіме тұртіп аларым көп!

    Жауап беру
  • Алтынай 23.04.2021 күні 18:06 уақытында

    Тәрбиелік мәні зор.Ананы сүйіспеншілікке бөлеу, бәріміздің міндетіміз!

    Жауап беру
  • Гульзира 26.03.2021 күні 19:52 уақытында

    Аналар мерекесіне арналған сценарий жақсы құрылған екен.Өзіме алар жаңаша тұстары бар.рахмет!

    Жауап беру
  • Айгерим Тогисова 25.02.2021 күні 21:49 уақытында

    Сценарий өте тамаша құрылған… келе жатқан Көктем мерекесі, Аналар мерекесі құтты болсын!

    Жауап беру
  • Беспаева Айнаш 21.02.2021 күні 14:59 уақытында

    Тәрбиелік мәні зор.Ананы сүйіспеншілікке бөлеу, бәріміздің міндетіміз!

    Жауап беру
  • Айгуль 30.01.2021 күні 18:44 уақытында

    Аналар мерекесіне дайын сценарий, рахмет.

    Жауап беру
  • Алия 29.01.2021 күні 17:19 уақытында

    “Анашым” – деп балаң жырын арнаған. Неге ғана естімеген тәтті үнін. Анам менің – өмірдегі тірегім. Анам менің – кеудемдегі жүрегім.

    Жауап беру
  • Ақбота 29.01.2021 күні 13:48 уақытында

    Қызықты етіп құралған сценарий, өзіме керекті жерлерін түртіп алдым дәптеріме

    Жауап беру
  • Майра 26.01.2021 күні 11:53 уақытында

    8 наурызга жаксы жоспар, рахмет

    Жауап беру
  • Айгүл 29.10.2020 күні 08:55 уақытында

    анаға арналға материалдың сапасы жақсы, қажетті ақпараттар алдым

    Жауап беру
  • Зейнегуль Касымбекова 25.08.2020 күні 00:35 уақытында

    Жақсы құрылған сценарии.

    Жауап беру
  • Алия 06.08.2020 күні 09:43 уақытында

    Өте жақсы жазылған! Аналар мерекесіне арнайы жазылған таптырмас сабақ екен. Кең, ауқымды және балаларға түсінікті етіп жазылған.

    Жауап беру
  • Кулаш Ергазиева 29.07.2020 күні 22:38 уақытында

    да жақсы сенари екен

    Жауап беру
  • Гулмира 08.05.2020 күні 22:29 уақытында

    Балабақша тәрбиешілеріне керек сценарий екен

    Жауап беру
  • Айсулу 03.05.2020 күні 19:23 уақытында

    Ана деген үш сөздің біздің өмірімізден қаншалықты орын алатынын өміріміздің мәні екенін осы сабақ арқылы түсіндіре алды деп ойлаймын

    Жауап беру
  • Акнур 02.05.2020 күні 16:12 уақытында

    Балабакшанын артурли мерекелик ертенгиликтерине колдануга болатын дуниелерди осы сайт аркылы алып отырганым ушин рахмет. Мына такпактарды колдуну ушин озиме светам койдым.

    Жауап беру
  • Айгүл 09.02.2020 күні 19:09 уақытында

    Алдағы мерекеге байланысты таптырмас сабақ екен. Мен өзіме қажеттісін аламын деп ойлаймын. Балаларымыздың аналары аман болсын.Балабақша тәрбиешілері үшін таптырмас керекті саба. Еркетай ұжымына мың алғыс!

    Жауап беру
  • Бахыт 15.01.2020 күні 21:44 уақытында

    Өте қажетті ақпараттар, көп рахмет сіздерге «Еркетай» сайты. Жақсы құрылған сценарий

    Жауап беру
  • Аружан 25.06.2019 күні 02:59 уақытында

    Балабақша тәрбиешілеріне өте қажет материялдар екен.Жақсы ауқымды жазылған

    Жауап беру
  • Aknur 23.04.2019 күні 13:10 уақытында

    балабақша тәрбиешілеріне керек материал екен. тақпақтары қайталанбаған, естімеген тақпақтар. анасына арналған көмек ретіндегі тақпақ та ерекше

    Жауап беру
  • Айгерим 20.04.2019 күні 19:12 уақытында

    мерекеге сай ұйымдастырылған жұмыс керемет! балаларымыз әрқашан ата-аналарын құрметтеуден жалықпасын!

    Жауап беру
  • Жанна 10.03.2019 күні 16:12 уақытында

    мерекеге орай тамаша ашық сабақ ізңрлемесі. Балалардың сана сезімі, ой өрісін дамыту мақсатында керемет әзірлеме….

    Жауап беру
  • Бағила 24.02.2019 күні 17:41 уақытында

    Мерекеге сыйлық ретінде ұйымдастырған кештері өте жақмы ұйымдастырылған екен!!!

    Жауап беру
  • Асел 21.01.2019 күні 17:26 уақытында

    жақсы жазылған кең ауқымды рахмет

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.