«Аяулы Анам» тақырыбына шығармалар байқауы Б-тобы

Ана

“Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады.
Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы.
Оқырмандарға белгілі жазушыларымыздың бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге “Өлімді жеңген Ана”, “Ғазиз ана”, “Ананың анасы”, “Ер ана”, “Ақлима”тәрізді әңгімелері белгілі. Шығармашылығының басым бөлігі анаға арналғандықтан жазушының әйел адамға , анасына деген көзқарасы ерекше болғаны айқын байқалады.
Менің де анам бар. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын:
Нұрын шашқан күніміз,
Айжұлдызды түніміз.
Мәпелеген қамқоршым,
Ана біздің гүліміз.
Мен бұл сөзімді “Адам “адам” болғысы келсе, алдымен анасын құрметтей білуі керек” деп аяқтаймын. Себебі, анасын сыйламаған адам болып жарытпас.
Светлана Рамазанова

Менің аяулым анам

“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп айтқым келеді.
Ана- туралы ойды айтып жеткізу мүмкін емес. Әркімнің өз анасы бар, және де барлығы өз аналарың жақсы көреді. Дәл сол адамдардың қатарында менде бармын. Ана – мен үшін осы жалған өмірдегі ең асыл адам. Анам маған өмір сыйлағаны үшін ол кісіге өмір бойы алғыс айтып өтетін боламын. Ана – осы 3 әріпті, 1сөздің астарында көптеген ыстық сезім жатыр. Ана – ол қастерлі де, мағыналы да, адам жанына жақын сөз болып табылады. Адам баласы мына өмірге келген беттен анасының құшағына еніп, ақ сүтімен қоректенеді. Түнде жылап оянғанда, түн ұйқысын төрт бөліп, біздің үлкен азамат болуы үшін көп еңбек етеді.
Бірақ бір өкініштісі осы анамыздың еңбегін біз түсіне алмаймыз. Бізді жаман жолға түспесін деп өз ақылдарын айтып отырады. Бірақ біз балалар басқаша түсініп, олармен сөз таластырып, анамыздың жүрегін ауыртамыз. «Ананың көңілі балада, балалның көңілі далада» деген халық мақалыны шыдық. Анамыз бізді ойлап, уайымдап жүреді. Оның жұдырықтай жүрегі баласы үшін соғып тұрады. Ал, біз анамызды ойламай тек өз басымызды ғана ойлап, бізге жақсы болғанын қалаймыз.
Егерде мына өмірге үнілетін болсақ, онда анасыз жүрген, ананың аяулы алақанын аңсайтын балалардың қаншама көп екенің біз білмейміз. Олар аналарын аңсап, түнде ұйқысынан, күндіз күлкісінен айырылып, шарасыз күн кешеді. Олар аналары болса, бақытты болар едім десе, анасы бар балалар қашан үлкейіп үйден тезірек кетсем екен дейді. Біз болашақты емес, тек қазіргі кезді ғана ойлап солай айтамыз, бірақ үлкейіп, оқуға кеткен соң анамыздың қандай қымбат екенін түсінеміз.
Менің анам, ол мені дүниеге аалып келді, маған тәлім тәрбие берді. Маған қиын сәттерде демеу болды. Сырқаттанып қалған кезімде ұйықтамай менің қасымда болды. Әрқашан да маған қамқор болып өсірді. Менің анама айтар алғысым шексіз.
Мына өлең шұмағынсізге арнаймын.
Ақ жаулықты анашым,
Бұл күнге дейін маған панасың.
Сендей артық жаным жоқ,
Аялаған анашым.
Алыс сақтап жаманнан,
Жақсылыққа жол тауып,
Уақыты оның жоқ болсада,
Шаршадым деп жайбырақат жатпайды.
Тәрбие бердің аямай,
Кішкентай кезімнен,
Ертең мен ержетсем,
Қамқор болам мен саған.
Болдың қамқор сен маған
Мен болам қамқор саған,
Бұл өмірде адам жоқ,
Сендей асыл анашым.
Анашым менің ардақты,
Бәрін бізге арнапты,
Мәпелеген анашым.
Анама үйге мектебімнен келгенде
Құшақтап бетін сүйдім мен,
Сұрап қалса бүгін неше алдың деп,
Бес десең қуанып,мақтап кетер өзіңді.
Данышпаным,ботақаным деп еркелетіп,
Берер саған бар дәмдіні аямай.
Осы үшін,баласы үшін бәрін берген,
Нағыз ана мол ана осы ғана!
Алиева Бағжан Құдайбергенқызы.

 

Ардақты анашым

Ана, ана дейді барлық жұрт. Ол кім? Ана бір қолымен әлемді тербетіп, бір қолымен бесік тербеткен әлемдегі ең қайратты, жігерлі, әрі ең нәзік жандардың бірі. Барлық адам баласында ана деген жан бар. Әрине аналар да әртүрлі болады. Бірақ ана өз сәбиін аялап, қорғап, оның әрқашанда періштесі болып жүреді. Ананың балаға деген махаббатын тілмен айтып жеткізе алмаспыз.
Менің анашым әлемдегі ең сұлу, нәзік, жүрегі кең адам. Неге дейсіздер ғой. Өйткені ол адам баласының бар нәзік сәбилерін барлық жанымен сүйе біле алады. Анам бір қиындық туса құтқарып, әрқашанда ағайын-туғанның арасын жақындатып жүреді. Анам өзінің білгенін басқаларға үйретуден жалыққан емес. Мен анамнан көп жақсы нәрселер үйрендім. Ол қанша шаршап жүрсе де, жұмыстан шаршап келсе де балаларын ешқашан тыңдаусыз, байқаусыз қалдырмаған. Балаларын тыңдап оларды мақтап, мадақтап — «менің балам әлемдегі ең керемет жан, өзі ақылды, өзі білгір» — деп қана айтып жүретін. Әрине таяқ жеген күніміз де болды. Онсыз бала бала болмайды ғой. Бірақ ананың алақаны қанша ұрса да мамықтай көрінетін. Қазір ұрсып, ұрса да қазір-ақ оны ұмытып кететінбіз.
Мен анамды үлгі тұтамын. Әрқашанда атын атап жүргім келеді.
Мен анамды сүйемін,
Ақылын ойға түемін,
Ардақтап жүрем анамды,
Жұбататын жанымды.

Меруерт Шакирова

b-tobi

Рахмет,Ана!

Ана!Осынау ардақты есімді атаудың өзі қандай бақыт!Үш-ақ әріп,дүниені нұр шуағына бөлеп,жылуын бөлген Күндей,өмірдің тұтқасындай болған асыл жан – Ана.Мейлі қай ел болмасын,қай тіл болмасын «Ана» деген сөздің мәні ерекше қастерлі.
Ананың махаббаты,ананың жүрегі – бәрі-бәрі судай мөлдір,жібектей нәзік,шынайы.Оның құшағы – ең жылы.Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың құшағы,сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя, — деп дана халқымыз қалай айтқан десеңші?!Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.Адамдар – барлығы өз аналарының перзенттері.Сен мейлің 50-де бол,жүзде бол бәрібір анаң үшін сен перзентсің.Ана болмаса батыр да,ақын да болмайды.Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді. «Бала – ананың жүрек еті,әкеенің білек еті»-деп ата-бабамыз айтқандай,ана үшін баланың орны ерекше.
Ана – өмірдің өлең жыры,жарық күні,жайқалған гүлі,шуақ-нұры.Иә,ана деген сөзге бәрі де сыяр еді-ау,әрине оған дәл теңеу таба білсең…Жер бетінде анаға тең құдірет жоқ шығар.Ана әрқашан балаларына өз ауырғанын білдірмейді,жетістігімізбен мақтанып жүреді.Бала да анасын қуантуды өзіне бақыт санайды.Ананың жадыраған жүзін көру біз үшін де бақыт.Анамен бала жүрегі әрдайым бірге.Өмірде баласы бір жағдайға ұшырап қалса,ана жүрек шырылдайды ғой,шіркін!Ана – өмір!Ана – төзімді ,қайсар,құдіретті.Ана жүрегінен мейірімді,төзімді нәрсе жоқ.Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап анасының ыстық мейрімін,махаббатын сезіп өседі.Ана әйел, адам ретінде де қараңғыны нұрландырған жұлдыздай жарқырап,күндей күлімдеп жүретін ғажайып жан.Айта берсек, ана жайлы қозғалмаған әңгіме,айтылмаған ән жоқ шығар.
«Анаңды Меккеге з рет арқалап апарсаңда,қарызыңнан құтылмайсың»-деген сөз бар.Ананың алдындағы парызыңды орындай алмасаң,бұл дүниеде бақытты өмір сүре алмайсың.Иә,ана жайлы жырламаған ақын да, жазушы да ,сазгер де жоқ шығар.

Ана!Осы сөзді естігенде-ақ бойыңды бір жылылық баурап алатын тәрізді.Ана – ұлылардың ұлысы,махаббаттың бастауы.Кең дүниені шарлап,жер бетін араласам да анадан қасиетті,ұлы жанды таба алмас ем?! Неге екенін білмеймін «ең ыстық жан кім?» десе көзіме ана елестейді.Отбасының шамшырағы,ерінің асыл жары,баланың өмірі ол – Ана.Рас,ана бір қолымен бесікті тербетсе,бір қолымен әлемді тербетеді.Аналар адамды бесігінен бастап баулиды…Өмірдің ірге тасы да солардың қолымен қаланады.Шіркін-ай ,ана деген сөзді айтып жеткізудің өзі мүмкін емес шығар, сірә?!
Әрбір адам анасын сыйлап өтуі тиіс. «Әке – асқар тау,ана – мөлдір бұлақ»- деп ұлы халқымыз қалай айтқан десеңші?!Биік тауға жақындаған сайын ауа тазара түседі,жұпар ауаны жұтып,жанымыз да рахаттанады.Дәл сол секілді ардақты әкеміздің арқасында еркін өмір сүреміз.Ал, «ана – мөлдір бұлақ» дегенге келсек, бұлаққа жуынып,серігіп қалатынымыз секілді,аяулы анамыздың махаббатынан да нәр алып өсеміз.Анамыз біздің тамағымыз дәмді болу үшін,киімдеріміз таза болуы үшін күнде тыным таппайды.Әке-анамыздың күн сайын айналып сүйгені,мейірімді құшағы,жылы сөздері – бәрі-бәрі біз үшін рухани азық.
Ана деген сөзді естігенде елең етпейтін жан жоқ шығар,сірә?!Ана баласының бақытын,қуанышын аңсайтын жан.Сәбиді өмірге әкелгеннен бастап,түн ұйқысын төрт бөліп,дамылсызқамын жасап жүреді.Баласының тезірек аяққа тұрып,адам болып кеткенін тілейді.Ал,біз осыншама бақытқа баулып жүрген ананы сыйлап жүрміз бе?
Кейбір жасөспірім балалар анасыз шетел жағалап жүргені өтірік емес.Ананың жылы алақанына зәру.Ал,ананың жылы алақанына бөленіп,аяғына тұрған соң,кейбір адамдар анасын тыңдамай,енді бірі анасын бағуға шамасы келмей қарттар үйіне жіберіп жатыр.Бұл не сұмдық.Кезінде , ана,шамасы келмеседе,өсіріп,баққан еді ғой.Ал,біз кімбіз сонда?
Міне,ананың шексіз махаббатына осыншама мысал қарастырдық.Ана өмірдегі шексіз бақыт иесі.Ана – бәріне лайық.Ал,біз ананы құрметтеуіміз керек. Ана – мен үшін ең керемет,асыл жан.
8 наурыз – барша әйелдер қауымының күні.Аналар,ұстаздар ,әйелдер күні.Ол күні барша мұсылман халқы әйел адамды құрметтейді.Мен де осы күні анама шын жүректен сыйлық жасаймын.Анам бір қуанып қалады.Анамның осы жүзін көріп,мен де қуанып қаламын.Мен 8 наурыз барша әйелдер күнімен құттықтай отырып,анама зор бақыт,ұзақ ғұмыр,тек сәттілік тілеймін!Әрқашан жаздай жарқырап,күндей күлімдеп жүре беріңіз!Мен сізге және барша аналарға өзімнің жүрегімнен шыққан өлеңімді ұсынамын.
Сырлы бояу ағызғандай сыясын,
Ана – бақыт шарықтатқан ұясын.
Ана – шексіз махаббаттың иесі,
Ана –өмір,ар-намысың ұятың.
Сенсің ана,бізге өмір сыйлаған,
Сен едің ғой,бақыт нұрын жинаған,
Сен дегенде,толқып жүрек бұлқынып,
Асау жырлар кеудесіне сыймаған.
Не айтайын,құдіртіңе сын барма?
Сен лайықсың мәңгі өшпейтін жырларға
Ана – бізге өмір бердің ең алғаш
Сен өсірдің,ақын ,батыр ұлдарды.
Құдіреті биік,аяулы асыл,анашым
Кей-кезде мұңды ойларда қалып қоясың
Қарызбын – саған, қарыз боп әркез қалмадым,
Жыр арнайды өзіңе сәби балашың.

Жаңбыршы Нартай Қуантқанұлы

 

Аяулы анама сағыныш

Балғын тәтті тілегіңменен
Алға басып, ілгері келем
Күннің нұрлы ай сәулесінен
Өткен күннің іздерін көрем
Құшағыңды сағындым, ана
Жұбатады жанымды сан ән
Қасиетім, қорғаның ең маған
Әніммен де табынам саған
Бөбегіңнің құрып ұйқысын,
Құшағыңа ап, күнім дейтінсің.
Ертеңімді әрдайым ойлап,
Арман болсын балам дейтінсің.
Сұрағым көп өмірге мынау
Жанымда мұң, көңілде қырау
Бақыт нәрін сезген сәттерде
Қуат берген сенің демің-ау,- жан ана……аяулы ана, ардақты ана, бұл өмірде сенен жақын, сенен қымбат кім бар екен? Жүзінен мейрімділік пен жылылық төгілген, адамзатқа өмір сыйлаушы, перзентіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқаушы асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Анамыз Салтанат Тоқмырзақызы 1923 жылы бұрынғы Гурьев облысы
( Атырау) Еспол, қазіргі Индер ауданында Қаратоқай руынан шыққан Тоқмырза ақсақал мен Әуес ананың шаңырағында дүниеге келген үш перзенттің бірі. Анасынан жастайынан жетім қалып, әкесінің тәрбиесінде өскен.
Анамыз — балалық шағы сұрапыл соғыс өртіне шарпылып, мезгілінен ерте есейген, жетімдік пен жоқшылықтың зардабын тартып өскен ұрпақтың өкілі. Балалықпен ерте хош айтысып, ересек өмірдің дәмін ертерек татып, еңбекке ерте қосылды. Кішкентайынан елгезек, тілалғыш бүлдіршіндей қыздың қиындық пен ауыртпалыққа қарсы тұрған өр мінезі, еңбекқорлығы, қайсарлығы мен қайраттылығы ауылдастары арасында аңызға айналған болатын.
Соғыстан кейін Адай руынан шыққан Омаров Байбақты атты азаматпен көңілдері жарасып, шаңырақ көтерді. Өмірге үш ұл, үш қыз әкеліп, сүйікті жар, аяулы ана атанды. Шаңырағымыздың бәйтерегі әкеміз Байбақты 1902 жылы Маңғыстау өңірінде дүниеге келген. Соғыс ардагері. Ел басына қатер төнгенде қолына қару алып, Отан қорғауға аттанған әкеміз 1945 жылы Берлин түбінде жарақаттанып, елге оралады. Бас командашы И.В.Сталиннің қолынан алған марапаттарына қарап, соғыс өтінде өткен жастық шағын есіне алып отырушы еді. Өзінің ғибратты еңбекқорлығымен, табанды істерімен, кісілік келбетімен, айнымас сертімен, сыпайы мінезімен, әсерлі сөздерімен, сабырлы да салмақты мінезімен, адам баласына жамандық ойламайтын адалдығымен, бала – шағасына деген мейірімі мол балажандығымен танылған Байбақты Омарұлы ерекше ел ықыласына бөленген жан еді. Қайран, өмір! Адамдықтың ақ туын әркез биік ұстап, адалдықтан нәр алған, жарына адал дос, ұрпағына саялы бәйтеректей болған азамат Байбақты Омарұлының бұл дүниеден өткеніне 44жыл толса, азаматын пір тұтқан, балаларын жыр тұтқан, ағайындықты, туған – туыстықты ту етіп, адалдықтың жыршысындай болған анамыз Салтанат Тоқмырзақызының бұл дүниеден өткеніне міне, биыл 10 жыл толды.
Жастайынан өмірдің құндылықтарын бойына сіңіріп өскен анамыз Салтанат еш қиындықтан қорықпайтын. Қандай жұмыс болса да тартынбай, аянбай аяғына жеткізетін. Үлкенге қызмет, кішіге ізет көрсетуге дайын тұратын анамыз өтірік — өсектен алыс болды, біреудің ала жібін аттамай өмір сүрді.
Анамыз Салтанат ақ отаудың түтінін түзу түтетіп, ері түзде жүргенде, тілекші, үйге келгенде кеңесші болуға жарайтын жан еді.

Бүкіл әулетін пір тұтып, сыйлады. Келінге тән ибалықтың үлгісі болды. Ағайын – туыс арасында беделді, сыйлы болды.
Әкеміз екеуі ұрпағын ұлттық рухта тәрбиелеп, бала тәрбиесіне үлкен ден қойды. Балаларын адал болуға, адамдық қасиеттерді бәрінен де жоғары қоюға, аянбай еңбек етуге жетеледі. Тәрбие бастауы халықта, қазақтың өсиет – өнегесінде дейтін. Әке берген тәрбие, ана берген мейірім ұштасып, балалары жақсы азамат болып өсті.

Қызын ұядан ұшырып, ұлын адал азамат етіп, шаңырағының иесі атандырды. Тағдырдың сынағы әлі алда екенін ана жүрегі сезбей қалды. 1988 жылдың жазында перзенті Қонысбайдан қапыда айырылып қалды. Небәрі 38 жыл өмір сүріп, енді ғана өмірдің қызығын қызықтап, жар сүйіп, өмірге перзент әкеліп, әке атанған шағында ана жүрегін қансырата тілгілеп, көкірегін жаншып, қайғының қан құстырар мұңына орап бұл өмірден кете барды. Ана жүрегіндегі бұл қайғы өмір бойы жазылған жоқ.
Алла – тағаланың адам баласына берген өмірінің қызығы мен қиындығы, жақсылығы мен жамандығы, жеңілдігі мен ауыртпалығы қатар жүреді дейтіні осы да. Көп қиындықтарды басынан кешірген жан анамыз, мүжілмей, еңсесі түсіп езілмей, денесін тік ұстап, қайсарлығы мен қайраттылығын ұрпағына үлгі етіп, өмір сүрді. Анамыздың замандас құрдастары: «Салтанат әйел затынан емес, ол ер – азамат қой» деп бекер айтпаса керек. Осы бір ауыз сөздің өзі анамыздың қандай адам болғанын дәлелдегендей. Тіршіліктің бар тауқыметін қабырғасы қайыспай көтере білгені, ұрпағы үшін жан аямай қызмет еткені, жұмыр басқа түскен қиындықты қасқайып тұрып қарсы алып, жеңе білгені ұрпағына өнеге болары сөзсіз, әрине.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет деген мақалды жадында берік ұстанған абзал ана жанындағы адамдармен тез тіл табысатын, үлкенмен үлкенше, жаспен жастарша сөйлесетін, көпшіл мінезімен елге ардақты, ортасына құрметті адам болды.
Ең бірінші татулық, бірлік болу керек, бұл екі қасиет бар жерде барлық нәрсеге қол жеткізуге болды деп отыратын. Мен байлық жинаған жоқпын, атаққа таласқан жоқпын, менің бар байлығым балаларым, ұрпағым ,- дейтін.
Өмірінің соңғы жылдарына дейін ағайын – туысқа, бала – шағасына ақылын айтып, тілегін тілеп отыратын. Бар күш – жігерін жинап, немере, шөберелерін, жиендерін тәрбиелеп, өсіруге көмектесті.
Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін, — деп анамыздың ортамызда жоқ екенін әлі де мойындамай келеміз. Анамыздың байсалды да байыпты тұлғасы, күлімдеген келбеті, әсерлі де, әдемі әңгімесі, мейірімге толы жанары, өмірдегі ең жұмсақ алақаны, айдын шалқар ақылы, кең жайлаудай кешірімшіл мінезі бәрі – бәрі есімізге сан оралып, анамызға деген сағыныш оты жүрегіміздің түбінде маздап жанып, көкірегімізге мұң ұялап, көңіліміз босап, жанарымыз еріксіз жасқа толады.
Анамыздың беделді, абыройлы, еліне сыйлы болғанын ауыл азаматтарының әңгімесінен естіген сайын, көкірегімізді мақтаныш керіп тұрады.
Сары алтынның тұнбасындай қазақ әйеліне тән бар асыл қасиетті бойына жинап, тере білген абыз ойлы, шешен тілді, жүзінен сәуле шашқан байыпты да, байсалды ананың ошағы ешқашан сөнбейді, асыл бейнесі ұрпағының, ағайын – туысының, халқының жүрегінде мәңгі сақталар.
Жан анам, аяулы анам, ардақты анам
Сағынып, іздеп жүр ғой бала — шағаң
10 жыл толды, міне, бүгін жоқтығыңды
Мойындамай келеміз жаным анам
Жан анам, болмаған соң арамызда
Кім біздің ем табады жарамызға.
Өнеге, өсиетің парасатты
Өшпестей сақтаулы тұр санамызда
Қастерлейміз бейнеңді ұмытпаймыз
Жамандықты ешқашан жуытпаймыз
Сізге деген ып-ыстық жүрек отын
Тірі жүрсек бір сәтке суытпаймыз.
Жан едің ақ жүректі жаратылған
Анашым, айналайын, ақтаңгерім
Бақұл бол артта қалған жанұяңа
Жатқан жерің жарық, топырағың торқа болсын, ұрпағыңды жебеп – желеп жата көр, жан ана!

Танзиля Омарова

Рахмет,анашым!
Алғаш менің жаттағаным,
Жаттағаным тіс жарып
Дүниені уысында
Ұстап тұрған күш,алып-
«Ана» деген үш әріп …

Ана…. Осы бір сөзде қаншама мән-мағына бар десеңізші! Ана-қамқоршы,ана-сүйеуші,ана-отбасы ұйытқысы,ана-қоғам қызметкері.
Ия,дүниеде анаға теңесер жан болмас,сірә!
Әр адамға өз анасы қымбат.Ақынтілімен айтсақ,
Аналардың бәрі жақсы дегенмен,
Менің анам ең жақсысы дер ем мен…
Менің анам… Біреулер үшін қарапайым ғана ауыл әйелі… Ал мен үшін….
Әкеден ана құрсағында жатып айырылған мен үшін анамның орны бөлек-ақ. «Орнында бар оңалар» деген аталы сөзді жанына медет тұтқан анам мені «Орынбек» деп атапты. «Әкесінің орнын бассын,ошағының отын өшірмесін!»-деген ізгі ниетпен атаса керек.Қашанда жақсылықты алғы күннен күткен,барға шүкіршілік еткен анам менің…
Ата-анасының жалғыз перзенті болғандықтан нағашы атам мен нағашы әжемді де жер қойнына өз қолымен арулап тапсырған анамның қажыр-қайратына қайран қалам.Жар қазасы,туған әке мен ананы мәңгілік сапарға аттандыру… Осынша қайғыны көтере жүріп,бір сәт налығанын көрмеппін.Әлде бізді әлдилеп ұйықтатқан соң ошада көз жасын талай көлдетті ме екен?Сәби көңіл не білсін?Аязды күндерде үпір-шүпір үш перзентін құшағына қысып,ыңылдап ән салар еді.Ән демекші,ата-анасының үкілеген жалғыз перзенті бала күннен әнді жанына серік етіпті.Қаршадай кезінен ауыл сахнасының сәні болған анамның ән шырқауы бөлек-ақ.Күні бүгінге дейін әсем әнімен көпшілікті тәнті етіп келе жатқан анам,егер өнер жолын таңдағанда,республикаға танымал әнші болар ма еді? Бірақ анам ұстаздық ұлы жолды таңдапты.Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндердің қолына алғаш қалам ұстатып,олардың жетістігіне бірге марқайып,әлденеше толқынды үлкен өмір сапарына аттандырды.Еңбек,оқу демалыстарында амандаса келген шәкіртерінің біріне «оу,жаным»,біріне «ой,құлдық»,енді біріне «құлыным-ау» деп айналып-толғанып жатқан анамды,шыны керек,қызғанып та қаламын.Алайда тек менің анам ғана емес,ел анасыболған,аналық махаббаты балаларына ғана емес,көпке жеткен анамды мақтаныш ететінім де жасырын емес.

Иә,үш перзентті қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқыттырмай жеткізу анама оңай тиіп жатпағанын сәби жүрегіммен сеземін-ақ.Біреуі Ақтөбеде,біреуі Астанада оқитын студент екі апама еңбекақысын алған күні ақша аударып,көңілін демдеген анам мені де ұмытпай,тәтті-пәттісін әкеліп,күрең шайды рахаттана бастар еді. «Келесі жалақыдан саған…»,-деп қояды арасында.Сонан соң: «Құдайға тәубе,екі апаңда гранттық негізде оқиды,екеуі де жатақханада жатады,әйтпесе қайтер едік,шүкіршілік етейік»,-дейді. «Қанағат қарын тойғызар» демей ме,анамның сөзін мен де қостаймын.Кей-кезде: «Осы сен үйкүшік болып бара жатқан жоқсын ба?Туғандарыңа барып кел.Еркек кіндіктілермен алысып(әкемнің інісінің балаларын айтқаны),ағаларыңның ақылын тыңдап кел»,-деп,көрші ауылға,қалаға аттандырып жатады.Ер адамдармен араласып,сөйлесіп әкемнің беруіне бұйырмаған өнегені алсын дегені екенін түсінемін-ақ.Әр нәрсені тереңнен ойлайтын анашым менің!Мен өмірімдегі әрбір жетістігім үшін сізге шексіз ризамын!
Қанша қиын болғанымен,менің өнердегі жолыма бөгет болмай,домбырашылардың байқау-сайыстарына қатысуыма да демеуші болып келесің.Сенің арқаңда Алматы,Астана,Көкшетау,Түркістан төрінде күй тарту құрметіне ие болдым.
Дәл қазір мен Сәкен Майғазиевтің «анама арнау» бейнебаянын(клип) қарап, әнін тыңдап отырмын.Анаға деген шексіз құрмет пен сүйіспеншілікті паш ететін осынау өнер туындысы мені алыс жағалауларға жетеледі.Мен де азамат болармын.Бүгінгі көрген қиыншылығың бір күнгідей болмай өте шығар,анашым!Көңілімдегі көрікті ойды ақ қағазға көркемдеп түсіре алдым ба,білмеймін.бірақ… Менің шығармашылығымның бастауы саған арнаған туынды болар,бәлкім.Жүрегімді жарып шыққан ол күйді мен «Рахмет,анашым!» деп аяқтармын.

Аты-жөні:Нұрланұлы Орынбек
Мектебі: Атырау облысы, Махамбет ауданы,Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы
Сыныбы:9а сыныбы
Пән мұғалімі: Қайырғали Лиза

Қамқор ана

Ана деген құдіретті ат. Анаға ешбір күш, ешбір жан тең келмейді. Дүниедегі бәрінен қымбатты бізді аялап ,өсірген,өмірдегі ең жақын адам – асыл ана.

« О, дүние,төсіңді аш,мен келемін,алынбаған ақым бар сенде менің» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай,барлық адам баласының мына дүниеге келетіні анық. Сол сәтте ерекше мейіріммен жаңа туған сәбиін бауырына басып елжірей қарайтын әрине, ол-жан ана. Ана – теңдесі жоқ құдірет, Төлеген Айбергенов жырлағандай:

Анаң саған керек болса,анаңа да сен керек,

Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек о, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы

Даналықтың қажеті жоқ,сыйлау үшін ананы.

Иә,« Ана» деген – құдіретті ұғым, құдіретті күші бар сөз. Кім де болса ананың алдында кішірейеді, әулиең де, небір ғаламды аузына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында бас иген.

Ана — адамзатқа нұрлы өмір мен таусылмас бақыт сыйлайтын абзал жан.

Асыл да қымбат аналардың орыны әрқашан да бөлек. Бүгінгі жасампаз өміріміздің қай буынынан болса да, әйел-ана, әйел-еңбекқор, ана қайраткер, басшылар да көптеп кездестіруге болады.

Ардақты ана,абзал арулар туралы күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде.Ана туралы толғанбаған ақын-жазушылар жоқ шығар, қайраткер аналар қатарында Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі үлгі тұтқан.

Сонымен қатар, әдебиетте де ана тақырыбына талай қаламгер ой салған. 7-сыныпта өткен Мұқағали Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы «Аналар» бейнесін атсам ,ана тақырыбы ғасырдан-ғасырға сарқылмайтын бұлақ.

Кейбір адамдар өз аналарын қарттар үйіне тастап, ана жүрегіне үлкен қайғы әкеледі. Мұндай адамдар ана қадірін, қасиетін білмейтін адамдар. Адамдар қаншама жақсы істер жасап, анасын қаншама құрметтесе де, ана алдында мәңгі қарыздар бола береді.

Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап, мәңгілік қамқор болып, өтіңдер дегім келеді. Ана – әлемдегі асыл жан.

Латиф Балжан

ШҚО Жарма ауданы,Үшбиік.

Ақтайлақ би атындағы
мектептің 8-сынып оқушысы

   
Пікірлер24
  1. Адам

    М кушти екен?

  2. Мөлдір

    Керемет жазылған. Аналарымыз аман болсын

  3. Алишер

    Саламатсызба

  4. Гулим

    барлық шығармалар бірінен бірі өткен!! тамаша

  5. Аяулым

    Күшті екен.Анадан асыл ешкім жоқ шығар!

  6. Айгерим

    ????

  7. Сабит

    Керемет.Көшіріп алам

  8. nurislam

    norm go 267ball jinagan

  9. наргиза

    тым коп екен ана жан асыл жан апайда 2-ши анамыз болып есептелет ана деген уш ариптен турат ана базардан улке алма акелсе бирдене акелсе рахмет! деу керек керемет! шыгарма екен.
    Макал-мател
    Анадан артык дос бар ма?
    Ашудан жаман кас бар ма?
    Жиырма бестен жаксы жас бар ма?
    Кымыздан татти ас бар ма?
    Жумбак
    Биздин аже кызы бар;
    Ол ар дайым уйретет Шешуи (Ана)
    А;Анар 2арипти алындар Шешуи Ана

  10. фарида

    керемет маған ұнады

  11. Арай

    аххааахааха куштыыыы рахмееееееет!

  12. нуб

    базар жоқ көшіріп алдым

  13. Айгүл

    маған ұнады, көп рахмет

  14. Asem

    керемет сайт -те керемет

  15. Умиргул

    Керемет, сөз жоқ. Маған ұнады

  16. гулзада

    бул шыгармалардын барлыгы керемет жазылган кейбир шыгармалар кыска болганмен магына зор теренде жатыр ал улкенирек кылып жазгандарда оздеринин ойларын терендетип тусиндирип магынасын ашып турып жазган

  17. Аяулым

    өте керемет тек сендерге сәттілік,

  18. jadyra

    keremet

  19. Алихан

    Өте керемет маған қатты ұнады рахмет

  20. Нартай Жанбыршы

    м дурыс

  21. Нартай Жанбыршы

    әділ емес екен көп дауыс жинаған адамның шығармасы кішкене ғана ғой

    1. Erketai (автор)

      Шығарма үлкен болса сол көп дауыс жинау керек пе? Бұл дауыстарды туыстары немесе сыныптастары барлығы жабылып қолдап дауыс берсе онда тұрған не бар. Қайта дұрыс осылай бір-бірімізді қолдау керекпіз. Көреалмаушылық болмасын!

  22. Нартай Жанбыршы

    Г тобында шыгармалары жарты бетке жетбейтиндери 200 ден ары дауыс алган негизи ережесинде ау0ымды болуы тиис деген емес пе алде оган карамайма?

    1. Erketai (автор)

      Көп дауыс жинаса жақсы емес пе?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ