Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Аурулар

 

Ревматизм


Қарт адамдар буындарының ауруын жиі айтады, оны ревматизм деп атайды. Шынын айтқанда бұл дұрыс емес, өйткені буынның ауыруы – ол әр түрлі аурулардың себебінен туындайды, ал ревматизмнің пайда болуы басқаша жүреді.

Ревматизм дегеніміз кейбір мүшелердің зақымдануынан қанға ауру тарататын микробтар — стрептококтың түсуі. Көбінесе стрептококтық қабынулар баспа кезінде бадамшаларда байқалады. Ағза мұндай бактериялардың пайда болуына қарсы антидене түзеді.

Мұндай белсенді антиденелер тек стрептококтарға ғана емес, олар ағзаның тіндеріне де (мысалы, буынның ішкі тіндері мен жүректің қақпақшаларына) әсер етеді. Бұл кезде зақымданған мүшелердің қабынуы басталады. Буындар ісініп, қатты ауырады, олардың қозғалғыштық қасиеті төмендейді. Дене қызуы көтеріледі. Жүрек қақпақшаларын зақымдап, оның қызметі бұзылады.

Ревматизм қабынуларынан кейін жүрек қақпақшаларында жүре пайда болатын жүрек ақауы жиі байқалады. Мұндай жағдай жүрек өзінің жұмысын дұрыс атқара алмайтынын білдіреді. Жас балаларда ревматизм олардың миын зақымдауы мүмкін. Бұл кезде балалардың жүргенде тепе- тендігі бұзылады.

Ревматизмнің қандай түрі де өте қауіпті, себебі ауру асқынып, оның созылмалы түріне ауысса, науқас мүгедек те болып қалуы мүмкін. Ауруды толық дәрігерлік тексерістен өткізгеннен кейін анықтайды. Аурудың алдын алу үшін баспа, тіс кариестерін дер кезінде емдетіп, ағзаны ұдайы шынықтырып отыру керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Миокард инфарктісі белгілері себеп салдары.

Баспа (ангина) ауруының сипаттамасы пайда болу себебі.

Ағзада аурулар қалай пайда болады және онымен қалай күресу керек.

Салқын тию ауру ма? және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Конъюнктивит
  • Паразиттер
  • Стресс
  • Антидене
  • Қанның бұзылуы

Пікірлер 4 Пікір қосу

  • Тлектес 29.08.2023 күні 21:37 уақытында

    Кандай маманнан ем алдыңыз айтсаңыз мендеде сол ауру аягым табанымда балтырымда тартылып кала бередигой

    Жауап беру
  • Лаура 25.12.2021 күні 19:52 уақытында

    жақында ревматизм болып аяғымнан ауырдым, ауырып ем іздегенші, ауырмайтын жол ізде деп бекер айпаған,керегімді алудамын, мақала жақсы ұнады,рахмет

    Жауап беру
  • Әлия 24.11.2021 күні 14:48 уақытында

    Баланың миын ревматизм зақымдайтыны қорқынышты

    Жауап беру
  • Аяулым 12.09.2021 күні 22:03 уақытында

    Ревматизм бұл ауру өте қиын ауру. Жазылу өте қиын

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.