Психикалық аурулар

Әрбір адамды оның жүріс-тұрысына және істеген ісіне қарай бағалайды. Ондай баға берудің негізіне — ол адамның ойлау сезімі мен орталық жүйке жүйесінің психикалық қызметі жатады. Егер адамның мінез-құлқында, істеген жұмысында ешқандай ауытқулар байқалмай, оның іс-әрекеті мен адамдармен қатынасы қоғамдағы қабылданған қалыпты қарым-қатынас жағдайына сай болса, ондай адамның психикасы қалыпты деп танылады.

Бірақ, кейбір адамдардың сана-сезімінде, олардың іс-әрекеті мен жүріс- тұрысында ауытқуларды байқауға болады. Егер де мұндай ауытқулар адамның өзіне және оның айналасындағы адамдарға кері ықпалын тигізсе, мұндай жағдайда психикалық аурулар туралы ұғым қалыптасады.

Өткен ғасырда мұндай адамдарды жынды, пері, нақұрыс деп санаған. Оларды қараңғы түрмелерде ұстап, кей жағдайда кісендеп тастаған. Психикалық ауруларды зерттеп және емдейтін медицинаның арнайы саласын — психиатрия деп атайды.

Психикалық аурулардың дамуына көптеген себептер әсер етеді. Бұл аурудың көпшілік түрі тұқым қуалайтын аурулардан, кейбіреуі — іштен туа біткен мидың дұрыс дамымауынан болады. Кей жағдайда қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары: балаға дұрыс тәрбие бермеу, үнемі қатты ойланып жүру, ішімдікке және есірткі заттарына құмарту себеп болады.

Психикалық аурумен ауыратын адамдардың ойлауы, сөйлеуі, жүріс- тұрысы қалыпты жағдайдан мүлдем өзгеше болады. Олар біресе қуанып отырады, кейде аяқ астынан тұнжырай қалады. Сондықтан мұндай адамдарды емдеу қажет. Олармен психиатр-дәрігерлер айналысады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тұқым қуалайтын аурулардың белгілері мен түрлері.

Туа пайда болған аурулар мен ақаулардың негізгі себебі.

Ұйқыға байланысты аурулар туралы біз не білеміз?

Ағзада аурулар қалай пайда болады және онымен қалай күресу керек.

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ