Инфекциялық монопуклеоз — бұл да жұқпалы аурулардың бір түрі. Оны алғаш сипаттап жазған И. Ф. Филатов болатын. Ауру барлық елдерде кездеседі. Мұнымен көбінесе жасөспірімдер ауырады. Ауруды қоздыратын вирус сырқат адамнан жұғады.
Сау бала ауру қоздыратын вирус таралған ауамен дем алғанда вирус мұрын қуысының жұтқыншаққа қосылған жеріндегі шырышты қабыққа шоғырланады да, лимфа және қан тамырлары арқылы бадамша безге, көк бауырға және жігерге, сүйектегі шеміршектерге, лимфа бездеріне кеуіп түседі де, бұл органдарда өсіп-өне отырып, өздерінен организмді тітіркендіретін, заттар «өндіре» бастайды. Бұл бөлінген заттарға сезім мүшелерінің жоғарғы реакциямен жауап беруіне тура келеді.
Аурудың алғашқы белгілері білінгенге дейін 4— 15 күндей уақыт өтеді. Сонан соң бала 2—3 күндей қатты шаршайды, әлсіреп жата береді. Тамаққа зауқы болмай, денесінің ауырғанын айтады. Құрғақ жөтел тиіп, қызуы көтеріледі, басы ауырып, көңіл- күйі нашарлайды.
Ал 2—3 күннен кейін температурасы қатты көтеріліп, 2—3 күннен 2—3 аптаға дейін басылмайды. Құрғақ жөтел тиіп, мұрнынан су ағады, баспасы асқынып, фолликулаларында. ірің пайда болады. Бала жұтынғанда тамағының ауыратындығын айтып шағынады, ал жас нәресте өте дегбірсізденіп, жылап, мазасы кетеді. Ауру басталғаннан кейінгі 3—4-күндері көк бауыры мен жігері ісінеді. Кейде олар 3—4 апта бойы ісініп, сонан соң біртіндеп қайта бастайды.
Бала сырқаттың ауыр түрімен ауырса, жігерінің ісінуінен терісі, көзінің шырышты қабығы сарғаяды, бауырының іскені көпке дейін (5—6 айдан астам уақытқа шейін) қайтпайды. Лимфа бездері, әсіресе мойын, қолтық асты, шат бездері ісінеді. Кейбір балалардың ісінген бездерінің көлемі жаңғақтың үлкендігіндей, кейде одан да үлкен болады.
Монопуклеоз кезінде барлық лимфа бездері және іштегі бездер де тұтасымен ісінеді. Бала ішінің ауыратынын айтып шағынып, етпетінен жататыны сондықтан. Ал жас нәрестелер жылай береді. Кейбір балалардың басының ауыратыны соншалық, ұйықтай алмай қиналады, көздеріне әр нәрсе елестеп, сандырақтайды. Өте ауыр жағдайда сырқаттың қол-аяғы тырысып, есінен танады.
Бұл ауруды қанның анализіне қарап анықтайды. Қанның құрамында ақ қан түйіршіктері көбейгені байқалады. Ол (қан) бірнеше аптаға дейін қалпына келмейді. Ал кейбір балалар осы сырқат пен ауырған кезде қандарының құрамы 1 жылдан 1,5 жылға дейін бастапқы қалпына келе алмайды.
Ол бала организміне және ауру қоздырғыш вируске байланысты. Ауру 1 аптаға, ал кейде 2—3 аптаға, тіпті 4 аптаға дейін созылуы мүмкін. Бала дер кезінде емделсе, 1—4 апта аралығында көңіл күйі жақсарады. Температурасы төмендесе, басының ауырғаны қояды, тыныш ұйықтап, тамаққа тәбеті жақсарады. Көк бауырының, жігерінің, лимфа бездерінің ісіктері қайта бастайды.
Бұл жұқпалы аурудың өте ауыр түрі біздің елде жоқтың қасы. Ал жеңіл түрі кездеседі, бірақ жаппай ауыру сирек. Бұл ауру жыл мезгілін таңдамайды, бала кез келген айда ауыра береді.
Дегенмен, бала көбінесе көктем мен күз айларында жиі ауыратыны байқалады. Осы аурумен сырқаттанған бала тұрақты иммунитет пайда болып, организмін бұл аурудың вирусын қабылдамайтын етеді.
Сырқаттанған бала үйде күтіліп, дәрігердің нұсқауымен емделуге тиіс. Ауырған баланың ыдыс- аяғы, көрпе-жастығы, жататын жері бөлек болғаны дұрыс.
Балаға ерекше күтім қажет. Жеке басының гигиенасын сақтау, денесінің кірленбеуін, тырнағының, шашының өсіп кетпеуін, киімдерінің, көрпе- жастығының таза болуын қадағалап отыру керек.
Бөлменің еденін күнделікті жуып, терезе мен есікке қонған шаңды дымқыл шүберекпен бірнеше рет сүртіп, үйдің ішін желдетіп отырған дұрыс. Сырқаттанған бала денесінің ыстығы түскенге дейін төсекте жатуға тиіс. Құнарлы да дәмді, көкөністерге бай тамақтарды пайдаланғаны жөн. Витаминдер (С, В тобы, т. б.) көбірек қажет .Тамағын фурациллин, эвкалипт, шальфей, сода ертінділерімен шаю керек. Сусын, жеміс шырындарын мейлінше көп ішкені дұрыс.
Күн сайын таза ауаға шығып тұру қажет. Денесінің ыстығы көтерілгенде спиртті, арақты немесе сірке ертіндісін суға араластырып, оған малынған шүберекпен науқас баланың мойнын, маңдайын, қолын, қолтығын, шатын сүртіп, денесінің ыстығын түсіруге болады.
Тамақтың баспасына (ангинаға) ангибиотиктерден — пенициллин, ампициллин, оксасиллин, метициллин, эритромицин және тағы басқа антибиотиктердің бірін дәрігердің ұсынысымен ғана беруге болады.
Ал левомецетин, сульфадемизин, норсульфазол, этазол, сульфамонотоксин, сульфален, сульфадемимонотоксин сияқты қан құрамына кері әсерін тигізетін дәрілер берілмеуі тиіс. Себебі, бұл аурудың қоздырғыш вирусы қан түйіршіктерін жасайтын органдарды зақымдайды, ал бұл дәрілер сол органдарға зиянды әсерін тигізіп, қан құрамын күрт өзгертеді, ауруды асқындырып жібереді. Сондықтан балаға кез келген дәріні өз бетінше бермей, тек дәрігердің кеңесімен берген дұрыс.
Сүзек бұл қандай ауру және ол қалай басталады.
Шошқа мойын (Паротит) ауруы жайлы біз не білеміз.
Қызылша ауруы туралы мәліметпен танысыңыз.
Желшешек (ветряная оспа) қандай ауру сипаттамасы.