Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Аурулар

 

Бактериялар және Бактериофаг


17-ші ғасырдың аяғында Голландия ғалымы Антуан ван Левенгук микроскопты одан әрі жетілдіріп, өзінің көп уақытын өте кішкентай бөлшектер мен оларда болатын процестерді микроскоп арқылы қарап зерттеуге жұмсады. Ол тістің сыртында пайда болатын қабатты қырып алып, микроскоппен қарағанда, өзіне белгісіз мыңдаған жыбырлап жұрген өте кішкентай “құрт” сияқты нәрселерді көргенде қайран қалды. Микроскоп арқылы көрінген, ұзындығы миллиметрдің мыңнан бір бөлігіндей болатын, бір клеткалы микробтар — бактериялар екені анықталды.

Бактерия грек тілінде “бактерион” — таяқша деген ұғымды береді. Қазіргі кезде таяқша тәрізді бактерияларды бацилла, дөңгелектерін — кокк, ал шаш тәрізділерін — спирохеттер деп атайды. Бактериялардың табиғатта кездеспейтін жері жоқ және олардың мөлшері өте көп болады. Мысалы, бір грамм топырақта екі миллиардқа жуық бактерия кездеседі.

Көптеген бактериялар табиғатта зат алмасуға қатысады, кейбіреуі органикалық заттар түзуде маңызы зор, мысалы сүт ашытқылары. Бірақ, жұқпалы ауру тудыратын бактериялар өте көп. Дәрігерлер ондай аурулардан алдын-ала егу арқылы сақтандырады. Сонымен қатар, ағзаның өзінің әр түрлі ауруларға қарсы тұра алатын қасиетінің болғаны жақсы. Ол үшін салауатты өмір сүріп, тазалық гигиненасын сақтап, денені шынықтырып, уақытымен витаминге бай құнарлы тамақ ішіп және ағзаны демалдыру керек.

Бактериофаг

Қазіргі кезде ғалымдар ауру тудыратын бактериялармен күресудің көптеген әдістерін тапты. Сонымен қатар, табиғат та мұндай бактериямен күресудің ең дұрыс жолын жасап берді.

Бұл — бактериялардың қабығын ыдыратып, соның нәтижесінде микробтарды жойып жіберетін, үлкендігі миллиметрдің қырық миллионнан бір бөлігіндей болатын, өте кішкентай денешіктер. Мұндай денешіктер бактерияларды жеп қояды, сондықтан оларды — бактериофаг (грек тілінде “фагос” — жеймін деген сөз) деп атаған.

Бактериофагты алғаш рет 1898 жылы орыс ғалымы Н.Ф.Гамалея байқаған. Ал оларды 1915 жылы ағылшын ғалымы Ф.Туорт ашты. Бактериофагтардың пішіні жіңішке өсіндісі бар таяқша немесе шарға ұқсайды. Соңғы кезде бактериофагтардың жасанды түрі алынды. Оны сүзек, тырысқақ және дизентерия ауруларынан алдын-ала қорғану үшін қолданады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ағзадағы вирус дегеніміз не және оны алғаш кім ашты?

Күйдіргі (сибирская язва) ауруының қалай анықтауға болады?

Жыныс мүшелерінің жұқпалы аурулары (венерические болезни).

Иммунитет туралы не білеміз және оның қанша түрі болады?

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Бас аурулары
  • Склероз
  • Қан кету
  • Бүйректің қабынуы
  • Конъюнктивит

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.