Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ана мен бала

 

Сиқырлы қарлар


Мақсаты: Балаларды қыс мезгілімен таныстырып, қар туралы айтып түсінік беру. Балалардың тілін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, шығармашылық қиялын ұштау.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: қысқы орман көрінісі, үйшік, ойыншық қоян (қуыршақ театры), қағаздар, желім
Билингвалды компонент: қар-снег, қыс-зима, қоян-заяц
Шаттық шеңбері:
-Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тау, доспыз қане бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін, бәріміз жылулық шеңберіне тұрайық.
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза, сәби жүрекпен
Қабылдаңыз мың алғыс!
Балаларға өлең жолдарынан үзінді оқу.
Аппа-аппақ, қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
-Балалар осы өлең жолдарында қай жыл мезгілі сипатталған?
Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Балалар сендер қысқы орманды көргілерің келе ма?
-Ия, көргіміз келеді
-Ендеше мен сиқырлы қалпағым мен шапанымды киіп алайын. Барлығымыз көзімізді жұмайық. Міне, балалар біз орманға келдік? Айналадан не көріп тұрсыңдар?
-Шыршалар, ағаштар, аппақ қарларды көріп тұрмыз.
-Шыршаның түсі қандай? Орманда тағы нелер бар?
Осы кезде шырша түбінен секіріп ақ қоян шығады.

қыс туралы
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар қоянмен амандасады? Біз қысқы орманды аралап тамашалап жүрміз.

Қоян: Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Шешімін кім табады екен?
Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады.
Балалар: Аяз
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.
Балалар: Қар
Қоян: ой қандай жақсы балаларсыңдар. Мен сендермен бірге жүрейінші.
Тәрбиеші: жарайды балалар қоян бізбен бірге орманды араласын. Қане бәріміз қоянмен бірге сергіп алайық.
Орманға барсақ түлкі бар.
Сайға барсақ қоян бар
Байқаңдар қар астында
Ұйықтап жатқан аю бар.
Балалар сергіту жаттығуын тәрбиешімен бірге жасайды.
Билингвалды компонент: қар-снег, қыс-зима, қоян-заяц
Орманға саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Орманға бізден бұрын да балалар келіп аққала жасап кетіпті. Қараңдаршы аққала әдемі ме? Оның пішіні қандай? Түсі ше? Аққала неше бөліктен құралады.
-Аққала үш бөліктен құралады. Оның пішіні дөңгелек.
Ойын «Қар жинау». Қоянмен бірге қағаздан жасалған қарларды жинайды.
Қоян: Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды, тамаша балалар екенсіңдер. Сендермен қош айтысқалы тұрмын. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар ендеше біздер де өз тобымызға барайық. Көзімізді жұмамыз. Көздерін ашқанда алдарында қағаздар мен желім. Ал балалар енді мына қағаз бетіне бүгін саяхаттан не көргендігімізді бейнелейік. Көк қағазға ақ қарларды және аққаланы жапсырамыз.
Балаларға көмек көрсету. Жекелеген балаларға жапсыруды орындауға көмектесу.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Ал балалар бүгін біз не туралы өттік? Қайда саяхатқа бардық? Не көрдік? Аққаланы сипаттап беріңдерші.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Балаларды марапаттау. Орындалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Баланы сыпайылыққа тәрбиелеу
  • Бала тәрбиесі – игілікті іс
  • Ана махаббаты
  • Аялаған ақ анам
  • Болашақ ананың тамақтануы

Пікірлер 17 Пікір қосу

  • Туктыбаева Ляззат 05.12.2024 күні 15:51 уақытында

    Бұл мәтінде қыс мезгіліне арналған іс-шараның мақсаты мен құрылымы жақсы баяндалған. Балаларға қыс туралы түсінік беру, олардың тілін, ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту үшін қызықты әрі шығармашылық әдіс-тәсілдер қолданылған. Шаттық шеңберінде балаларға жылулық пен достық туралы өлең оқылып, бұл оларды бір-біріне жақындатып, іс-шараға эмоционалдық қатысуын күшейтеді.

    Жауап беру
  • Мадина 04.02.2022 күні 23:51 уақытында

    ғажайып сәт қолдануы балаларға өте қызық

    Жауап беру
  • Бейсен Ұлдана 18.12.2021 күні 09:50 уақытында

    Ақпарат көңілімнен шықты.Үцде жасап көремін.Рахметтт

    Жауап беру
  • Мөлдір Сайлаубекқызы 06.10.2021 күні 16:11 уақытында

    ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!

    Жауап беру
  • Улсерик 22.09.2021 күні 13:05 уақытында

    сабакка кажетти макала екенн ракметт сиздергеее

    Жауап беру
  • Алма 18.08.2021 күні 09:25 уақытында

    «Еркетай» ұжымына, сайтына мың алғыс! Не керектің бәрі бар.

    Жауап беру
  • Мерей 13.01.2021 күні 17:45 уақытында

    тамаша дүние екен

    Жауап беру
  • Гүлнұр 20.11.2020 күні 21:18 уақытында

    Бұл сайттың бала тәрбиесіне қосар үлесі зор екен. Танысқаныма қуаныштымын. Бұрыннан неғып білмегенмін

    Жауап беру
    • Омарбекова Асем Сансызбаевна 05.12.2021 күні 01:14 уақытында

      Сайтты бүгін көрдім.Өзіме қажетті көп ақпарат алдым.Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!Тақырып өте қызықты, сабақтың әр этапы бір- бірімен байланысқан. Автор жақсы әдістер таңдаған.

      Жауап беру
  • Құралай 10.10.2020 күні 08:07 уақытында

    Інжу, сабақ құрылымын өте сәтті алған. ақпақ, жұмбақтар орынымен пайдаланған. өз тәжірибе сандығыма салып алдым

    Жауап беру
  • Жанерке Ертайқызы 29.09.2020 күні 02:42 уақытында

    рахмет мәліметтеріңізге, үйде жасап көрем

    Жауап беру
  • Диана 22.09.2020 күні 14:12 уақытында

    Ақпарат менің көңлімнен шықты ?рахмет

    Жауап беру
  • Айдын Қанатқызы 04.09.2020 күні 00:22 уақытында

    Мен қысты өте жаксы көремін. Тақырып ерекше таңдалған. Адамды бірден қызықтырады

    Жауап беру
  • Айнур 17.01.2020 күні 20:11 уақытында

    Қандай жақсы, осыны уйдеде жасап көруге болады.

    Жауап беру
  • Айжамал 14.10.2019 күні 14:30 уақытында

    керемет, сіздерге көп рахмет. Керекті заттарымды тауып алып жатырмн.

    Жауап беру
  • Индира 25.09.2019 күні 22:29 уақытында

    Керекті ақпарат

    Жауап беру
  • Гулизат 11.05.2019 күні 18:45 уақытында

    сіздерге көп рахмет. сабағыма қажетті ақпараттар алдым.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.