Қалай жүкті болуға болады
Ананың құрсағында жаңа өмірдің пайда болуы үлкен бір тылсым дүние. Көптеген болашақ аналарда осы табиғи кұбылысты тездетуге байланысты ойларын мынадай сұрақтар мазалайды:«Бала қалай көтеруге болады» немесе «Қалай тез арада жүкті болуға болады».Мақалада осы сұрақтарға ретімен жауап беріп көреміз.
Сіз қанша «Қалай тез жүкті болуға болады?» деп ойлағаныңыз бен, ең алғашқы қадамды құрсақ көтеруге дайындықтан бастағаныңыз жөн. Маманның қаралуында болып өз денсаулығыңызда қандайда бір кінәраттың жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз. Егерде ағзаңызда тез жүкті болуға кедергі келтіретін қандайда бір қиыншылықтар болса, дер кезінде алдын алуыңызға болады.

Дәрігелер құрсақ көтерместен 3 ай бұрын және одан соң да болашақ аналарға фолий қышқылын қабылдауға кеңес береді- ол плацентаның (баланың жолдасы) және болашақ нәрестенің жүйке трубкасының (болашақ орталық жүйке жүйесі) қалыптасуына өте керекті дәрумен. Себебі фолий қышқылы – ағза өздігінен бөліп шығара алмайтын В9 дәрумені, бірақ бұл дәруменді жүктілік басталмай тұрып жинап алу керек.
(Кез-келген дәрі-дәрмекті дәрігердің кеңесінен соң ғана қабылдауға кеңес береміз)
Диета дегеннен мүлдем бас тартыңыз. Егер арық әрі дене бітіміңіз сымбатты болғанын қаласаңыз бұған қоса ана болғыңыз келсе, көңіл-күйіңізді түсірейін сізге осы екеуінің біреуін ғана таңдау керек.
Егер сіз жүкті болуды таңдасаңыз дұрыс тамақтануды ұмытпағаныңыз дұрыс. Өйткені калориясы төмен тағамдарды тұтыну фертилді кезеңде бөлінетін гормондарға кері әсерін береді. Мына нәрсені ұмытпаңызда дұрыс болады салмағыңыздың күрт өсуі немесе төмендеуі жүкті болу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді. Сол себепті өзіңіздің қалыпты салмағыңызды жүкті болмас бұрын реттеп алыңыз.
Болашақ әкеде жүктілікке байланысты дайындыққа міндетті түрде өз үлесін қосқаны жөн. Ол өз денсаулығына мұқият қарап бүкіл жаман әдеттерден оның ішінде : шылым шегу, алкаголь сияқты жаман әдеттерді айтпағанда жабысып тұратын синтетикалық іш киімдерді пайдаланбай, қандайда бір сәуле тарататын заттарды(телефон, ноутбук) беліне жақын жерде ұстамауы керек.
Бұл нәрселердің барлығы еркектің ұрық жасушаларының сапасына әсерін тигізеді.Сондықтанда бұл факторлардың өзі де әйелдің тез жүкті болу мүмкіндігіне кесі әсерін тигізеді.
Ерлі-зайыптылардың екеуінің де денсаулығының мықтылығы мен физикалық жағдайыңың жақсы болуы «жоспарлап» жүкті болуға ешқандай кепіл бермейді.

Алайда алғашқы қадамдарыңыздан ақ ойлағандарыңыз жүзеге аспай жатса еш түңілудің қажеті жоқ себебі денсаулығы мықты деген жұптардың өзіне жүкті болуға кемінде 6-12 ай кетіп жатады, бұл мерзімнің өзі денсаулықта бір кінәрат бар дегенді білдірмейді. Ең бастысы күйзеліске түспеңіз.
Көп жағдайда тез жүкті болғысы келген болашақ ана бір-екі талпыныстан соң салы суға кетіп еңсесі түсіп кетуі мүмкін. Бірақ бұл тірлікте ең бастысы жүктіліктің тез басталғаны емес, дені сау нәрестені дүниеге әкелу екенін ұмытпағаныңыз жөн.
Өйткені күнделікті өмірде болатын қиыншылықтар мен «тезірек» бала көтеру керек деген мәселеңіз қосылып созылмалы күйзеліске әкеліп соғуы мүмкін,ал бұл өз кезегінде сіздің денсаулығыңызға әсірін тигізбей қоймайды. Әрине әрдайым шаттанып жүру өте қиын, бірақ сіздің мақсатыңыз күйзеліске әкеп соғатын кез-келген нәрселерден өзіңізді аулақ ұстауға тырысу.
Овуляцияны қалай анықтауга болады
Сайтымыздағы мына Овуляция күнтізбесін есептеу бетін пайдалануға кеңес береміз. Әр етеккір(менструальный цикл) циклінде сіздің жүкті болуыңызға болатын бірнеше күн ғана болады оны аналық жасушаның жетілуі (овуляция) деп атайды. Жобамен әр екінші жұп жүктілікке әрекетті жайсыз уақытта жасайды. Өйткен олар осы қолайлы фертилді фазаның қашан келетінін білмейді.
Фертилді фаза— бұл кемеліне жеткен ұрықтануға дайын аналық жасушаның құрсаққа келіп түсуі яғни әйелдің жүкті бола алатын уақыты. Егер еркектік ұрық қынапқа фертилді емес кезеңде түссе ұрықтану процессі жүзеге аспайды .Өйткені бұл фазада еркектік ұрықты ұрықтандыра алатын жетілген аналық жасуша болмайды. Сіздерде бұл күнді қалай анықтаймыз деген заңды сұрақ туған болар мақаланы ары қарай мұқият оқимыз.
Сары дене гормонының бөлінуі
Овуляцияның жақындауына қарай әйел ағзасы эстроген атты гормонды көп мөлшерде бөле бастайды. Бұл өз кезегінде жатырдың шырышты қабатының қалыңдауына әкеліп, еркектік ұрықтың орналасуына қолайлы орта жасайды. Ағзадағы эстрогеннің көптігі сары дене гормонының күрт көбейуіне әкеледі. Осындай құбылыстардың нәтижесінде аналық без жетілген аналық ұрық жасушасын бөліп шығарады- овуляция дегеніміз осы.

Әдетте овуляция сары дене гормоны бөлігеннен кейін бір-екі тәулікте болады. Сондықтан да сары дене гормонының бөлінуі бала көтеруге қолайлы ең жақсы кезең яғни фертилді фаза.
Овуляция белгілері
Температураның көтерілуі
Әйел денесінің негіздік температурасы (қалыпты жағдайда) овуляцидан соң 0,4-10 °C көтеріледі. Әдетте мұндай кішкене өзерісті байқамауыңызда мүмкін бірақ дәл көрсететін термометрдің көмегімен анықтауға болады.
Овуляция кезіндегі ауырсынулар
Шамамен алғанда бес әйелдің бірі овуляцияға байланысты ауырсынуларды сезінеді екен. Ауырсыну овуляцияның алдында, дәл сол кезеңде және одан соңда болуы мүмкін. Овуляция кезіндегі ауырсынудың бірнеше себептері бар. Тікелей овуляцияның алдында фолликуланың өсуіне байланысты ол аналық бездің беткі қабатын созуы мүмкін бұл өз кезегінде ауырсыну тудырады.
Овуляция кезеңінде жарылған аналық жасуша фолликуласынан сұйықтық немесе қан бөлінеді және бұл құрсақ қабырғасының тітіркенуіне әкеліп соды.
Ауырсыну бірінші айда бір жағыңыздан сезілсе келесі айда екінші жағыңыздан немесе екі жақтан бірдей бірнеше ай қатарынан сезілуі мүмкін. Әдетте мұндай ауырсыну бірнеше минутқа ғана созылады, кейде бірақ сирек жағдайларда ұзақтығы(1-2 тәулікке) созылады.
Сіздерге мына мақалалар оқуға кеңес береміз:

Тұрмысқа шығатын бойжеткендерге оқуға кеғес бердңм
Құрсақта жатқанда бала бәрін біледі жақсы айтылған екеее
Кеңестеріңізге көп рахмет,Ана болу бір бақыт қой.
Қыз баланың негізгі мақсаты бой жетіп тұрмыс құрғаннан кейінгі мәселесі ана атану ұрпақ жалғасыру ғой
Ана болу әр ананың арманы және міндеті. Сондықтан бұл ана болу бақытына ерекше жауапкершілікпен қараған дұрыс. Осындай мәліметтер өте өажет және пайдалы.
Кеңестеріңізге рақмет! Өте пайдалы ақпарат. Сайтта барлық іздеген нәрсеңді табуға болады екен,
Ана болу ол үлкен бақыт және жауапкершілік! Сондықтан бәріне дайын болған дұрыс! Сайттан осындай пайдалы ақпарат тапқаныма қуаныштымын.
бала көтермес бұрын екі жақта физикалық және психикалық дайындықтан өтулері керек.
менде екі трубада жартылай жоқ балалы болу арманға айналды маған бір қызы болса екен деп едім
Өте пайдалы ақпарат айтылған әсіресе жас келіндерге өте көп акпарат бар екен маған ұнады рахмет
Екі балам бар қызым 8 де көтере алмай жүрмін. осы мақаладан оқыған ақпаратты қолданып көрмесем. админ рахмеет
балалы болгысы келип журген жас отбасылар ушин жаксы макала еккенн,рахмет сиздерге
Овуляция болмай қалуы да мүмкін бе? Және не себепті болмай қалуы мүмкін
Ана атану әр қыз баласының арманы және болашақ тағдыры. Ата -ананың қадірін балалы болғанда болғанда білесің дейді. Бааңның қолына кірген тікенек менің маңдайыма кірсін деген ананың бірі менмін. Өте маңызды ақпарат жинақтадым. Рахмет!
Ана болу бақытына әр әйел лайықты! Жүктілік кезінде бәріміз еркелеп қаламыз…))) Тек күйеуге шыдамдылық берсін!
Жүктілік кезеңі керемет кезең
Саламатсызба. Спиральди удалить еткеннен кейн менде бала котеру мумкиндиги барма
Салеметсизбе. Меним етеккирим 17 куни басталып 19 куни токтаган енди овуляция кундеринде жукти болуга ат салысып жатырмыз. Коиере аламба? 4 жоспарлап журмиз
Маусым 1не келді
Шілде әлі жоқ бүгін 7 сі
??? Тест таза көрсетпейді білмеймін
Сізде климакс белгілері басталмаганба
Сіз жаттыгулар жасасанызшы маткага арнап
Салеметсиз бе менин етеккирим мартта келди апрел айым келмей май айым келди овуляцияны калай билсем болады бир айым келсе бир ай отип барып келеди бул неден болады айтып жибересиз ба
рахмет өте пайдалы мақла болды. мен бала жоспарлап жүр едім. овуляция туралы нақты мәлімет ала алдым. рахмет
әйел адамға ең керек кеңестердің бірі екен керемет
Жаксы керекті кеңестер екен
Рақмет! Кеңестеріңіз өте жақсы, түсінікті жазылған.
Менде жүкті болғам керекмет кезімғой және ана атандым олда керемет бала деген жақсығой
Берген ақыл кеңетеріңіз үшін алғысым шексіз,көп рахмет!
пайдалы кеңес екен
Менин бала котергим келед 11.12.2020ж келди 13 куни кетти 14куни келмеди 15не жагылып келди и кетти отиниш овуляция есептеп бериниши