Жаздың қызық күндері ай


Erketai / Фев.5.2016. / Пікірлер жоқ

Тақырыбы: «Жаздың қызық күндері»!»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, апайлар бүгінгі «Ботақан» ортаңғы тобының жаз мезгілімен қоштасу ереңгілігіне қош келдіңіздер! Жаздың шуақты күндеріндей жарқырып, әдемі гүлдей құлпырып жайнап жүре беріңіздер. Жаңа оқу жылында күндеріңізге күш қуат жинап, мықты болуларыңызға тілектеспіз! Бүгінгі «ботақан» тобының мерекеге арнаған

 

«Жаздың қызық күндері» атты ертеңгілгімізді бастаймыз.
Қане ендеше балалар ертеңгілігімізді бастамас бұрын мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр? Сендер жұмбақ шешуге дайынсыңдарма?

 

Саңқылдаған саз әні
Көлде құстың базары
Жидек пісіп толады
Бұл қай кезде болады?
Балалар: жаз мезгілі.

zhazdin-kizik-kunderi-2

Жүргізуші: дұрыс айтасыңдар балалар, әрине жаз мезгі. Олай болса балалар бәріміз орынмыздан тұрып, тамаша бір ән орындап жіберейік.

 

Хор: « Балдырған»
Мінекей жаз мезгіліде аяқталып қалды. Қане балалар біз жаз мезгілімен қоштасып жатырмыз.
— Жаз мезгілін қалай өткіздіңдер?
— Жаз мезгілі несімен қызықты?
— Жаз мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы?
(балалар сұрақтарға жауап береді)

 

Жүргізуші: жарайсыңдар балалар ендеше жаз мезгіліне арналған баларымыздың тақпақтарын тыңдайық.

 

1. Бану . Жазды ыстық сүйеміз
Сайраңдап жүреміз
Суына шомылып
Күніне күйеміз

 

2. Е. Ерасыл:Көлеңкеге тығылып
Қалжырайды күшігім
Күн көзіне бұйығып
Маужырайды мысығым

 

3. Асылжан:Өзен көлдің жағасы
Гүлден ою ойғандай
Тырналарға қарашы
Жіпке тізіп қойғандай.

 

4. Іңкәр :Жаз келді алақай
Ойнаймыз далағай
Қамалып отырмай
Жүріңдер балақай
Жүргізуші: жарайсыңдар балалар ,
Бұралған тал шыбықтай мың бір гүлін
Шіркін –ай, тыңдар болсаң, мың бір үнін
Биімен көрерменді тәнті еткен
Қарлы алайық ботақанның бишілерін.

 

Би: « әдемі гүлдер»
Оырндайтындар: Бану, Аделья, Ақбаян, Айнұр.

 

Жүргізуші: рахмет қыздар кезекті тағыда тақпақтарға берейік.

 

5. Ақбаян:Сапырған сары қымызын
Барамын жасыл жайлауға
Қызықтап көркін кү ұзын
Асыр сап көкте ойнауға

 

6. Б. Ерасыл:Көбелекте, гүлде бір
Қызыл –жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт
Бау бақшада барша жұрт

 

7. Айназ. Өрік шие, алма ,алша
Жидек дүзім піседі
Қауын, қарбыз, қияр сәбіз
Қоймаларға түседі.

 

8. Адельля.Гүлім, гүлім өсе бер
Әдемі боп асыл боп
Күдей жайнап кете бер
Қызыл, сары жасыл боп
Жүргізуші: Қадірлі балабақша ұландары
Жайнасын көңілдің жасын бағы
Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сендер үшін әншіміз ән салады

zhazdin-kizik-kunderi

Ән: «Ақ қошақан»
Орындайтын: Болатов Ерасыл.

 

Жүргізуші: рахмет Ерасыл балалар сендер шаршаған боларсыңдар ендеше кезекті тамаша бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын « жеміс тер көкөністер жинау»
Ертегі «Тапқыр қоян»
Орындайтындар: Бану, Е. Ерасыл, Айназ, Нұршат, Аделья.
Жүргізуші: жарайсыңдар балалар енді кезекті тағы бір биге береміз.

 

Би: «Көкөністер бақшасы»
Орындайтындар: Айнар, Айнұр, Нұршат, Іңкәр, Ақбаян.
Жүргізуші: ертеңгілігімізді тақпақтармен жал,астырамыз.

 

9. Мансур.Бұтақтарды сындырмай
Тазалықты сақтайық
Гүл өсіріп су құйып
Табиғатты қорғайық

 

10. Нұршат.Қуыршақ, қуыршақ
Таза суға жуынақ
Қол ұстасып дос болып
Бақ ішінде қыдырсақ

 

11. Айнара.Жуын ,жуын ,жуынсақ .
Қандай жақсы қуыршақ
Әйтпегенде бөпешім
Кірлеп кеткен екенсің
Қазір аппақ боласың
Қуанады ананашың

 

12. Айнұр.Табиғат біздің анамыз
Жер ана біздің панамыз
Таза болса табиғат
Бізде аман боламыз

 

13. Расим.Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз

 

Жүргізуші: рахмет балалар енді кезекті тобымыздың әнші қыздарына берейік.

 

Ән: «қуыршағым туралы»
Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Құрметті көрермендер бүгінгі «Жаздың қызық күндері»!атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше аман — сау болыңыздар!

Авторы: Тасимова Әселхан Амангелдіқызы

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!