Жаңа жылым,жарқыра!

Басталуы: Жаңа жылдық мерекеге сай өтетін орын безендіріледі,ортада жасыл шырша жанында үлкен сандық тұрады, сандықтың жанында Ақшақар мұңайып отырады. Балалар музыка ырғағымен шыршаны айналып жүреді.
Жүргізуші: Армысыздар,бармысыздар,құрметті ата-аналар, оқушылар ,ұстаздар! Жыл сайын асыға күтетін жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер!Табалдырық аттағалы отырған 2017 жыл-Тауық жылы құтты болсын. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болып,Тәуелсіз еліміздің көгінде көк туымыз мәңгілік желбіресін! Балалар, сендер де жаңа жылды жақсы көресіңдер ме? Жаңа жылда қандай ағаш біздің мерекемізге көрік береді? Шырша Дұрыс айтасыңдар қысы- жазы жап- жасыл боп тұратын шырша жаңа жылда тіпті әдемі боп кетеді. Шыршамыз әдемі ме? Олай болса, кәне, алдымен шыршамызды көңілдендіріп «Жаңа жыл» әнін айтайық.
Ән: Жаңа жыл. Бағалтаева Мадина балалар шыршаны айналып қосылып айтады,жарқырап шырша шамы жанады.
Жүргізуші: Балалар шыршамыз көңілденді,солай ма,қараңдаршы? Ой,шырша түбінде отырған кім? Ақшақар ғой, балалар!Ақшақарды қолынан ұстап ортаға алып шығады.
Жүргізуші: Ақшақар,сәлеметсің бе?
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме,балалар?
Жүргізуші: Ақшақар, сен неге жалғыз мұңайып,мұнда жалғыз отырсың? Аяз атаң қайда? Аяз атасыз қалай жаңа жыл өткіземіз?
Ақшақар: Аяз ата екеуміз ертерек келіп,ерекше сыйлық жасап балаларды қуантпақшы едік,аяз ата мені осында қалдырып өзі балаларды мерекеге шақырайын деп кеткенде қара ниетті сиқыршы сыйлықты мына сандыққа салып бірнеше кілтпен құлыптап тастады.Енді Аяз атаға не айтамын.Жылайды.
Жүргізуші: Ақшақар, сен мұңайма, бір амалын табамыз,солай ма балалар? Жаңа жылға келген балалар өте өнерлі,олар сиқыршының сиқырлы дуасын өнерлерімен жеңіп шығып сандықты ашуға көмектеседі.
Осы кезде музыка ойналып кішкентай санта клаустар билеп шығады, олар билеп болып аяз ата келеді,аяз ата келеді деп айғайлайды сол кезде Аяз ата келеді.
Аяз ата: Балаларым, балғыным
Өмір гүлі шалғыным.
Тілегенім жыл бойы
Сендердің денсаулығың.
Амансыңдар ма балаларым! Жаңа жылдарың құтты болсын! Жолда басқа балаларға сыйлық таратып, сендерді күтіп алуға кешігіп қалыппын. Бірақ Ақшақарым осында ғой, ол сендерге сыйлық таратып қуантқан шығар солай ма?
Жаңа жылдық қойылымБалалар: Жоқ, сыйлық таратқан жоқ
Аяз ата: Солай ма,неге Ақшақар қызым сыйлықтарды таратпадың?
Ақшақар жылайды.
Аяз ата: Неге жылап тұрсың, Ақшақар қызым, кім тиісті саған, Сыйлықтарың қайда? Мына сандықты кім құлыптап тастаған?
Ақшақар: Аяз ата, сен кеткен соң, сиқыршы келіп жаңа жыл болмайды, сендер балаларға мына сандық ішіндегі сыйлықтарды бермейсіңдер. Мен қазір бұл сандықты көтеріп алып кетем деп кетті. Енді бұл сандық ашылмайды.Ішіндегі сыйлықтарды балаларға тарата алмайтын болдық жылайды.
Аяз ата: Қап әттеген-ай, енді қайттік.
Жүргізуші: Аяз ата,Ақшақар, уайымдамаңыздар, мына балалар өте өнерлі және білімді, оларды қолдарында білім кілті бар. Мүмкін сол кілттермен ашып көрерміз. Ол үшін олар аянбай өнер көрсетулері керек.
Аяз ата: Әп, бәрекелді, ондай болса жарайды,балалардың өнерін тамашалайық.
Жүргізуші: Қане балалар,Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып,шыршаны айналып аяз атаға арнап «Ақ таяғын таянып» деп ән салып берейік.
Ән:«Ақ таяғын таянып»
Осы кезде ортаға ысқырып,сібірткісін сүйретіп мыстан кемпір келеді.
Мыстан кемпір: Ей, мұнда не болып жатыр.Бәрі жиналып қалыпты ғой. Сиқыршы қайда, жаңа жылды болдырмаймыз деп келісіп едік қой. Маубас сыйқыршы, ұйықтап жатқан шығар бір жерде,көрсетемін мен оған.Қане, тараңдар,тараңдар!/балаларды жұлқылай бастайды.
Әй, Аяз ата деген кәрі шал, сені неге мына балалар жақсы көреді ,а? Мен де сен сиқты кәрімін ғой,мені неге жақсы көрмейсіңдер, а? Аяз ата,Аяз ата деп айғайлағанша, Мыстан апа, мыстан апа деп шақырсаңдар нелерің кетеді, а?
Аяз ата: Ей,мыстан кемпір, қой өйтіп балаларды қорқытпа, екеуміз құрдаспыз ғой,кел оданда бірлесіп жаңа жылды көңілді өткізейік.
Мыстан: Жоқ,жоқ, маған сыйлығың бар ма?
Аяз ата:Бар,бар.
Мыстан: Кәне ,көрсет
Аяз ата: Ол мына сандықтың ішінде, сандықты сенің сиқыршы досың сиқырлап кетіпті. Сен сиқыршыны шақырсаңшы, сонда сандық ашылып саған да сыйлық берем.
Мыстан: Аха-ха-ха, сыйқыршы, жарайсың енді сандықтағы көп сыйлықты екеуміз бөліп алатын болдық.
Жүргізуші: Мыстан апа, мыстан апа, сіз сондай мейрімдісіз, өзіңіз сондай сұлу екенсіз.Балалар, мыстан апа әдемі, сұлу екен ,солай ма?
Мыстан: Ә,не дейсіңдер, мен сұлумын ба, әдемімін бе? Мені өмірімде бірде біреу бұлай айтып көрген жоқ, менің сұлулығымды ешкім көрген емес жылайды.
Жүргізуші: Мыстан апа, жыламаңыз,бізбен бірге көңіл көтеріңіз.Сіздей сұлу апамен көңіл көтеру неткен бақыт десеңізші.Мына сандықты ашуға көмектесіңізші.
Мыстан: Солай ма, алдымен сендерді сынап көруім керек, менің шартым бар, егер сендер мен жасырған жұмбақты шешсеңдер ,сиқыршыны тауып, ертіп келемін.

Бәрі: Шешеміз,шешеміз,айтыңыз.
Мыстан: жұмбақ жасырады
1.Тікен,тікен,тік пісте,
Қысы жазы бір түсте шырша.
2.Бес ін,бес іннің аузы бір ін қолғап.
3.Шелек қалпақ басында
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан тұрады,
Тауып көрші сен оны аққала
4.Аузы жоқ,тісі жоқ,
Бірақ тістеп алады аяз.
Өздерің тапқыр екенсіңдер,біраз көңілденіп қалдым ғой,қой мен сыйқыршыны тауып келейін.Мына сандықтағы сыйлықтарды менің көргім келіп тұр.
Жүргізуші: Сөйтіңіз мыстан апа, сіз сондай мейрімдісіз,сұлусыз, кереметсіз.Мыстан кетеді.
Уһ, құтылдық қой әйтеу,қане балалар, жаңа жыл мерекесін көңілдірек қып жалғастырайық.Қане,Ақшақарларды қарсы алайық!
Би: Ақшақарлар 0 сынып қыздары.
Жүргізуші: Ал,қане балалар мына сандықты ашып,ішіндегі сыйлықтарды алайық. Сыйқыршы мен мыстан кемпір келіп қалмасын, олар бізге бермей кетуі мүмкін.Олай болса, Аяз ата балалардың ән-жыр, тақпақтарын қабыл алыңыз . 1- сынып бүлдіршіндері тақпақ айтып, сандықты ашып көргілері келеді.
1 сынып өнерлерін көрсетіп,сандықты ашып көреді,ашылмайды.
0 а сынып тақпақ айтады, кілттерін құлыпқа салып көреді,ашылмайды.
Олар тақпақ айтып болғанда ортаға Маша мен аю шығады.
Жүргізуші: О, Маша,аю сендер мұнда қайдан жүрсіңдер?
Аю: Біз сиқыршыдан қашып жүрміз.
Маша: Мишка,мишка мұнда не боп жатыр?
Аю: Түшшш! Мұнда жаңа жыл болып жатыр!Маша шыршаны айналып жүгіре кетеді,аю қуады.
Маша: Мишка,мишка, ойыншықтар неткен әдемі! Менің де сондай ойыншықтарым болғанын қалаймын!Тағы жүгіріп барып шыршаның ойыншықтарын алмақшы болады.
Аю: қуып жетіп ұстап алады, түшшшш! дейді.
Балалар, сендер Машаның қылығына ренжімеңдер!Машаны қолынан сүйреп тарта бастайды, Маша өтірік бақырып жылайды да бір көзін қысып,бір көзін ашып аюға қарайды, аю қарап қалғанда тағы өтірік жылайды.
Жүргізуші: Аю, Маша екеуің жақсы келдіңдер мұнда жаңа жыл болып жатыр .Келіңдер бізбен көңіл көтеріңдер!
Маша: Ура,алақай,Аяз атадан сыйлық аламын.
Аю:Жарайды,жарайды.Маша сен ақымақ болма, әйтпесе мына балалардан ұят болады.
Маша: Уайымдама,мишка.
Жүргізуші: Олай болса,қане 0 ә тобы өнер,тақпақтарын айтып Аяз атаның сандығын ашсын./ 0 ә сынып тақпақ, өнер көрсетеді,кілттерін құлыпқа салып көреді,ашылмайды.
Жүргізуші:Аю мен Машаға арнап Раянаның әнін қабыл алыңыздар.
Ән: Раяна
Жүргізуші: Сыныптар өз өнерлерін көрсетсін/3 сынып өз өнерлерін көрсетеді,кілттерін құлыпқа салып көреді, ашылмайды.
Би:Тока-тока 3-сынып қыздары
Жүргізуші: Балалар, бізбен бірге бір жыл жүріп, жақсы-жақсы толағай табыстарға жеткізіп,игілікті істер атқарысқан қандай жыл? Мешін жылы.
Дұрыс айтасыңдар, олай болса ескі жылмен қоштасатын, жаңа жылмен достасатын кез келген сияқты. Биылғы жыл мешін сияқты өте жайдары, жайлы,табысты жыл болды. Ендеше, Мешін жылын ортаға шақырып, құрметпен шығарып салайық.Ортаға мешін жылы шығады.
Жүргізуші: Мешін жылы, саған біз өте разымыз. Сенімен өткізген бір жылда жақсы-жақсы қуанышты кездеріміз мол болды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік.Енді міне өзіңмен қоштасқалы тұрмыз.
Мешін жылы: Ия,ия. Мен бір жыл өздеріңмен бірге жүрдім,енді қоштасқалы отырмын. Орнымды тауық жылына беремін. Өздеріңмен бірге,әсіресе мына әдемі киініп жүрген ата-аналармен бірге жақсы бір би билеп қоштассам деймін, бұл қызықты сәтім келесі келгенімше есімде қалатын балады.
Ата аналармен «Маймылдар» биін бірге билейді.
Мешін: Ал сау болыңдар,келесі кездескенше аман болыңдар!
шыршаЖүргізуші:

Жаңа жыл,жаңа жыл
Жаңа жыл есік қағады.
Құт боп келші жаңа жыл
Қуантып барша ғаламды.
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрлет,төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Жаңа жыл тауық,балапандарымен шығады.
Тауық: құттықтау сөз сөйлеп, флешмоб билейді.
Флешмоб: Шип,шип, шөжелерім/1-сынып оқушылары.
Жүргізуші:Құрметті тауық жылы, қадамың құтты болсын! Еліміз тоқ,ырысымыз көп болсын! Аяз атамыздың сандығы ашылмады, ішіндегі сыйлықтарды мына балаларға таратып бере алмай қатты уайыдап тұр.Барлығымыздың тілегіміз сандық тез ашылып, ішіндегі сыйлықтарды тез алу,солай ма,балалар? Аяз атамыздың да қайтар уақыты болып қалды,тағы басқа баратын жерлері бар екен. Мыстан кемпір сиқыршыны әкеліп ашып берем деп алдап кетті.Сен жаңа жылсың ғой,біздің тілегімізді орындашы!
Тауық: Әрине, орындаймын, менде алтын кілт бар. Ал қане,олай болса көрейік .«Ақ сандығым ашыл,ішінен жібек шашыл» балар деп айғайлап тұрады,тауықкілтпен сандықты ашады.
Аяз ата: О, бәрекелді! Рақмет, Жаңа жыл! Мен қатты уайымдап тұр едім.Ал енді мен балаларға әкелген базарлығымды таратайын.
Сандық ішінен сыйлықтарын таратып береді.
Аяз ата: Ал енді біз Ақшақар қызым екеуміз қайтайық. Әлі баратын жеріміз бар.Бізді тосқан еліміз бар.Келер жылы тағы кездескенше аман,сау болыңдар!
Аяз ата кетеді.
Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл,
Берекелі жыл болсын.
Жаңа жылмен әр үйге
Ырыс,бақыт,құт қонсын-, деп мерекемізді аяқтаймыз.Мерекеге ерекше дайындықпен атсалысқан барлық сыныптың ата-аналарына алғыс айтамыз.Сау-саламат болыңыздар!

Баяхметова Жанат Жанахметовна
К.Төгісов атындағы орта мектебінің
мектепалды даярлық мұғалімі
ШҚО,Тарбағатай ауданы,Қабанбай ауылы

Пікірлер1
  1. Айнур

    Жаңа жылдық ертеңгілікке қажетті, қызықты жариялым. рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ