Жаңа лексикамен және жаңа әріппен таныстыру

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Ағылшын тілі.
Тақырыбы: «My family. Letter Hh »
Мақсаты: «My family» тақырыбындағы жаңа лексикамен және жаңа әріппен таныстыру.

Міндеттері: Жаңа: mother, father, brother, sister лексикалық бірліктерін беру. Жаңа Hh әрпін және осы әріптен басталатын «hippo» сөзін үйрену. Тыңдауды, «My family» тақырыбында монолог құруды үйрету. Өз жанұясы туралы шағын әңгіме-сипаттама жасауды үйрету. Жанұяға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті қарындаштар, аудиодиск, CD плеер.
Билингвальді компонент: mother- ана-мама, father-әке-папа, brother-аға (іні)- брат, sister- әпке (сіңлі-сестра), grandfather-ата-дедушка, grandmother-әже-бабушка, hippo- сусиыр-бегемот.
Мотивациялық – қозғаушылық кезең:

Педагог балалармен амандасады:

Hello, children. Шеңберге тұрып, бір-біріне күлімсіреп қарауды сұрайды – smile.
Балалар шеңбер құрып тұрады, педагогпен амандасады:
Hello, teacher. Күлімсіреп, мұғалімнің артынан smile сөзін қайталайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік кезең:
Track 13
I`m Foxy. This is my family. My mother, my father, my brothers and sisters.
My-family
Педагог мына сөздердің арасындағы айырмашылыққа назар аудартады: mother – mum, father – dad, grandfather –grandpa, grandmother – granny.
Балалар мәтінді тыңдайды, оны түсінуге тырысады, еске сақтайды.

Сергіту сәті
Мына саусақ – father
Мына саусақ – mother
Мына саусақ – brother
Мына саусақ – sister
Мына саусақ — мен
Міне менің отбасым.

Сергіту сәтінің қимылдарын орындайды, саусақтарын бүгеді.
3-тапсырма.
Foxy-дің жанұясының мүшелерін ағылшын тілінде айтуларын сұрайды.
4-5-тапсырмалар.

Педагог балаларды Hh әрпімен таныстырады, әріпті дауыстап айтуларын, балалардан тақпақты қайталауларын сұрайды. Осы әріптен басталатын hippo сөзін қайталайды. Әріпті бояуды тапсырады.
Педагогтің тапсырмасын орындайды.
Балалар педагогтің айтқан жаңа әріптерін және сол әріптерден басталатын сөзін «hippo» қайталайды.
Балалар жаңа Hh әрпін бояйды.

6-тапсырма.
-Дана және оның отбасы біздің ағылшын тілінде қандай сөздерді білетінімізді үйренгенімізді білгісі келеді.
Жұмыс дәптеріндегі 1,2-тапсырмалар. (13 бет)
Балалар суреттегі жануарлар мен заттарды атайды, санайды, түстерді атайды. It`s …толық жауап нысанын қолданады.
Рефлексиялық – түзетушілік кезең:

Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Дана мен оның жанұясы оқу іс-әрекетінде үйренген жаңа сөздерді еске түсіруді сұрайды. Дана балалармен қоштасады.
Goodbye, children.

Балалар жаңа сөздерді еске түсіреді. Данамен және оның жанұясымен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:

Орындайды : Жаңа: mother,father,brother,sister лексикалық бірліктерін, Жаңа Hh әрпін және осы әріптен басталатын hippo сөзін;
Түсінеді: мәтінді тыңдау арқылы қабылдауды, шағын әңгіме құруды.
Қолданады: жанұя мүшелерін атап үйренуді, өз жанұясы туралы шағын әңгіме құруды.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Бекпенбетов Жаркынбек

    Мектепке дейінгі мекемелер оқушыларының жас ерекшелік психологиясына сай жазылған.

  2. Гаухар

    сәлеметсіздер ме,мен балабақшада ағылшын тілі мұғалым болып қызмет жасаймын. осы Рахимжанованың кітабін қолданам. рахмет жақсы жазылған. «My family. Letter Hh » өзіме қолданам

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ