Ұлттық киімді әшекейлеу

Сабақтың мазмұны. Сәбилерге декоративтік суретті әшекейлеуде өрнек түрлерін қолдана білуге, түстерді таңдай білуге үйрету. Нақыш, ирекше, сызықша өрнектерін өз беттерімен қолданып, сала білуге бауу. Балалардың бояумен жұмыс істеуге техникалық әдіс – тәсілдерін бекіту.көркемдік талғаммен суретке қызығушылығын арттырып, қазақ халқының өнерін сүюге тәрбиелеу.
Қазақ қызының ұлттық киімді, қылқалам, бояу түрлерін, су құйылған ыдыс, алжапқыш, сүрткіш, қоржын, әшекей бұйымдар пайдаланады.
Сабақ басталардан бұрын балаларға қазақ халқының ұлттық киімдері таныстырылды. Не үшін қажет екені түсіндіріліп, өрнектердің түрлерін айыра білуге дағдыландырылады.

ұлттық киіммен танысу.

Сабақтың барысы:
«Ұшты-ұшты» ойыны ойнатылады. Ұшатын, ұшпайтын заттарды айыра білуге, киімдердің не үшін қажет екені сәбилерден сұралады. Ойын ойналып болған соң.
Тәрбиеші:
— Балалар, сендер жәрмеңкеге барғыларың келе ме? – деп сұрайды.
Балалар:
— Барғымыз келеді.
— Ендеше жәрмеңкеге түйеге мініп барайық,-дейді.
Балаларға өрнегі бар карточка таратып, сол өрнекпен өз түйелеріне барып отырады. Тәрбиеші сәбилерден керуеннің нешеу екенін, бір қатарда неше түйе бар екенін сұрайды.
Керуен келе жатқанда «Көш керуен» күйі ойнап тұрады. Жәрмеікеге жеткен соң тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
— Айнұр, саған не ұнады?
— Маған көк бүрмелі көйлек ұнады.
Сатушыға келіп:
— Көйлегіңіз қанша тұрады деп сұрайды.
— Көйлек 6 сом 20 тиын тұрады.
Бұл кезде балалардың математикалық түсініктері, заттың өрнегін, түсін ажырата білуге үйретумақсаты көзделеді, жәрмеңкедегі әшекей бұйымдары, оюлар, тұрмысқа қажетті заттардың атын айтқызып, ұлттық киімдердің түрлерімен таныстырылады.
Жәрмеңкеден алған заттарын қоржындарына салып, керуен қайтып келе жатқанда, көшті тезек теріп жүрген Қарашаш тоқтатады:
— Уа, жолаушылар, қайдан келе жатырсыздар?
— Жәрмеңкеден.
— Не сатып алдыңдар?
Балалар сатып алған заттарын көрсетеді.
Қарашаш:
— Айнұрдың бүрмелі көк көйлегі, Салтанаттың камзолы, Жазираның моншағы қандай әдемі! Мен де алғым келеді.
Ауылға келген соғ балалар Қарашашқа өрнектерді көрсетеді.
Қарашаш:
— Бұл қандай өрнектер?-деп сұрайды.
«Кім өрнектерді дұрыс айтады?» ойыны ойналады
Қарашаш өрнектерді көріп отырып:
— Мен білсем бұл нүктеше,-дейді№
Балалар:
— Бұл ноқат,-деп түзейді.
Ойын кезінде Қарашашқа, балаларға өрнектердің атын түсіндіріп, шатастырмай айтуға үйрету. Ойыннан соң балалар сурет салуға кіріседі.оңнан солға қарай сурет салып отырған Қарашашқа, солдан оңға қарай салу керектігі түсіндіріледі. Сурет салу кезінде тәрбиеші өрнектердің техникасын тағы бір көрсетіп, балаларды жұмысқа жұмылдырады. Қылқаламды қалай ұстау керектігі түсіндіріледі.
Сурет сала отырып «Еркем-ай» әнінің әуенімен тәрбиешінің өзі құрастырған өлеңін айту.
Қазағымның оюын бізде іздеп, қарайық.
Оюменен өрнектің әдемісін табайық
Киіміне Қарашаштың бәріміз
Қылқаламмен өрнектерді салайық.
Қарашашқа қарайық,
Көңілін де табайық,
Киімін оның кигізіп,
Тойға ертіп барайық,-деп бәрі қосылып әндетеді.
Сурет салу аяқталға соң, жұмыс талданады. Ұлттық өрнекпен әшекейленген тақия, камзолдың суретін балалар Қарашашқа береді.
— Пай-пай, жақсы болды ғой! Кешке тойға киіп баратын болдым дейді Қарашаш.
Сабақ аяқталып, жақсы сурет салған балалар мадақталады.

Ұлттық салт-дәстүр түрлері.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Увалиева Жанна

    Сабақта ұлттық киімдерді насихаттау, ойындарды дәрiптеу жақсы үйлестіріп жасалған екен. Маған ұнады.

  2. Гулайша

    Сабақ ұтымды құрастырылған. Тақырып бойынша тың мәлімет алған бала, бұл пиоцесті жалғастырып, өзін практика жағынан көрсете алады.

  3. Газиза

    Ұлттық дəстүрде өткізілген жақсы сценарий екен.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ