Үйшік ертегісіне саяхат

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: тілі дамыту
Тақырыбы: « Үйшік ертегісіне саяхат »

Мақсаты: Балалардың білімдерін тиянақтап, қорытындылау. Сөз байлықтарын дамыту. Ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, сұраққа түсініп, жауап беруге үйрету. Өздері білетін өлең тақпақтарды диалогты түрде және қимыл- қозғалыспен айта білуге,алған білім дағдыларын іске асыра білуге үйрету. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа және кез-келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге тәрбиелеу. Көңіл- күйлерін көтеру.

Шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпен біз.

Жоғары қарап ,тау көрдім,

Төмен қарап, жер көрдім.

Оңға, солға иіліп,

Егеменді ел көрдім.

uishik-ertegisine-sayahat

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Ол үшін біздер саяхатқа шығамыз. Сендердің алдарыңнан әртүрлі кедергілер кездесуі мүмкін. Егер орманда кенеттен ысқырық естілсе онда тоқтай қалыңдар.

Жүру жәй әуенмен: жай жүріс, аяқтың ұшымен,өкшемен.

Ой, әлем қандай тамаша. Таза ауа. Жасыл ағаштар. Жан- жағымызға қарайықшы нені көріп тұрмыз? (Ысқырық)

Слайдтан ( тақтадан үйшіктің суретін көрсетуге болады) үйшік көрінеді. (Балалар үйшік ертегісін естеріне түсіреді) Бұл үйшікте кім тұрады екен.

Шыбын тұрады .Шыбынды үркітіп алмау үшін шыбын болып ызылдап жүру З-З-з-з-з-з-з-з-з-з. ( Аяқтың ұшымен, қолды екі жаққа созып)

Шөп үстімен жүреміз

Сытыр-сытыр-сытыр

Тас үстімен жүреміз

Тарс-тарс-тарс

Шалшық сумен жүреміз

Шолп-шолп-шолп

Жолдарменен жүреміз

Топ-топ-топ

(Ысқырық)

Осы кезде тышқан атып шығады.

Тәрбиеші:Балалар біздер тышқан қалай жүреді көрсетейік сонда тышқанды үркітпейміз. пи-пи-пи-пи -деп дауыстап тышқан жүрісін салу.

Балалар, тышқан үйшікке кіргісі келіп тұр екен , тышқан үйшікке кіру үшін сендерден көмек сұрайды.

Үйдің есігін қағады ешікім тышқанға есік ашпайды. Үйшік сиқырлы екен ол үшін біздер тышқанға есік ашылуы үшін көмектесейік.

Тәрбиеші: Ал, енді балалар есімізге түсірейікші қазір жылдың қандай мезгілі? Дұрыс, көктем. Көктемде күн қандай? Көктемде неше ай бар?

Қазір, қандай ай?. (Балалардың жауабы)

Балалар сәуір айы туралы мақал- мәтелдерді есімізге түсірейікші.

Сәуірдегі жауын,

Сауып тұрған сауын.

Сәуір болмай, тәуір болмас.

Сәуір болса, күн күркірер,

Күн күркіресе, көк дүркірер.

(Үйшік ашылып тышқан үйшікке кіреді).

Тәрбиеші: Балалар, енді ертегіні әрі қарай еске түсірейік.

Бақа шығады. Балалар тасбақа болып жүреді.

Бақаны үйшікке кіргізу үшін «Бақа»- өлеңін айтып берейік. Диалогты.

Бақа- бақа, балпақ

Басың неге жалпақ?

Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

Бақа- бақа, балпақ

Көзің неге тостақ?

Қырдан қарауыл көп қарап,

Көзім содан тостақ.

Бақа- бақа, балпақ

Бұтың неге талтақ?

Су ішінде көп жүзіп,

Бұтым содан талтақ.

Тәрбиеші: Балалар, біз тасбақаны да үйшікке кіргіздік. Қоян келеді.

Балалар қоян болып секектейді. үйшікке кіргізу үшін

Біз қоян туралы қандай тақпақ білеміз? «Сұр қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян, ( әндетіп қимылмен айтады)

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына ,

Қиығын салып көзінің ,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші: Қоянды қорқақ деп атайды. Қане, бәріміз бірге қайталайықшы. — қоян қорқақ.

Сендер тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар. Олай болса, экранды қосып, саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.

Тәрбиеші: Балалар, біз қоянды да да үйшікке кіргіздік. Енді үйшікке әтеш келеді.

Тәрбиеші: Балалар әтеш шығады. Әтеш болып кеудені керіп Ку-ка-ре-ку деп дыбыстап жүреміз.

Қимыл – қозғалыс сергіту сәті: Саз әуенімен балалар ортаға шығып, дене жаттығуын жасайды.

Сәлем, көздер, (көзімізді көрсетеміз)

Сәлем, құлақтар, (құлағымызды көрсетеміз)

Сәлем, аяқтар. ( аяқтарды көрсетеміз)

Сәлем, қолдар, ( қолдарды көрсетеміз )

Көздер көреді, (көздерді алақанмен сипау)

Құлақтар естиді, (құлақты сипау )

Аяқтар топылдап, (аяқпен тарсылдату)

Қолдар шапалақ ұрады. (алақанда ұру)

Алақанға, алақан, (алақан көрсету)

Қайда болдың балақан? (қайда болдың?)

Не жедің, балақан? (жеп көрсету)

Не іштің, балақан? ( алақанды біріктіріп ішу)

Әжеге бардық,

Бауырсақ жедік,

Айран іштік.

Ұштық, ұштық.

(төбеде алақанды біріктіріп ұшу)

Ш-у-у!

Аю: Аюға көмектесу: Аю болып ө-ө*ө*өө-ө-ө-ө- деп қорбаңдап жүру. «Үш аю». тақпақты қимылмен көрсету

Үш аю тұрды орманда,

Таңғы мезгіл болғанда,

Жаттығады екен орманда.

Кіп- кішкентай балақан,

Құлағы үлкен момақан.

Шомылуға келеді,

Анасына ереді,

Әкесі де артында ,

Қорбаңдаған қалпында.

Бәрі суға шомылды ,

Бәрі болды көңілді.

Анасы да билейді,

Әкесі де билейді,

Екеуіне қосылып,

Баласы да билейді.

Аю үйшікке кіргісі келді есіктен симады, терезеден басын тықты симады. Жарайды достар сендер ішінде тұра беріңдер, мен төбесінде тұрайын деп үйдің төбесіне шықты ,үй құлап қалды. Достары әзер дегенде үйден қашып шығып аман қалды. Өз ісіне ұялған аю достарын қайтып жаңа үй салуға шақырды.

Д/О : «Достық үйі» Геометриялық пішіндер, бетінде суреттер бар.

1,2,3 сурет маған қарап түс- деп суретті жоғарыға қарап лақтыру. Балалар суретті бір- бірлеп қағып алып қандай геометриялық пішін және суретке қарап сипаттап айтып тақтаға жапсырады.

Достық үйін құрастырады.

Әтеш,

Шыбын

Тышқан Қоян

Бақа Аю

Тышқан сұр түсті, еңбекшіл.

Шыбын- мазасыз, ызылдайды,ұшады-қонады.

Аю-үлкен қоңыр түсті,маймақ, балды жақсы көреді.

Әтеш- ертемен жұмысқа шақырады.Әнші.

Қоян — қорқақ, жүйрік.

Бақа -түсі жасыл, бақылдайды, секіреді, салқын.

Орманшы ата келеді: Сәлеметсіздерме балалар, ертегілер орманына қош келдіңдер. Ертегілір әлемінде бәрі тату- тәтті , дос болып тұрады.

Сендер достықты түсінесіңдер ма, балалар?

Ендеше менің де сендермен ойын ойнағым келіп тұр,

«Күн мен бұлт»- ойын

Орманшы: Балалар қараңдаршы қандай әдемі күн (күн көрсетеді)

Тәрбиеші: Балалар, күнге ән айтайық:

Балалар: алақай, алақай күн шықты,

Жер бетіне нұр төкті

Орманшы бұлт көрсетеді (жаңбыр әуені ойналады)

Балалар тәрбиеші ұстап тұрған қолшатырдың астына тығылады,

Тамшылайды тамшылар

Там,там,там там,там,там

Қуанамын мен де, қуанасың сен де

Там,там,там там,там,там Бәрі қосылып айтады.

Осылай осы күн мен бұлт ойыны 3 рет қайталанады.

Орманшы атай балаларға рахмет айтып кеуделеріне белгі тағады. Қоштасады.

Достық шеңбері: Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Соңында экраннан «Үйшік » ертегісін тамашалайды.

Иманғалиева Раиса Саттибаевна. Ақтөбе қаласы. №13 «Бөбек» мектепке дейінгі ұйымы, психолог.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер9
  1. Мулдир

    Осы ертегінің атын есіме түсіре алмай жур едим жаксы болды.

  2. Бахыт

    Баллардың шығармашылықтарын дамытуда сахналау маңызды. Өте жақсы, рахмет!

  3. Бибігүл

    өте қызықты ертегі маған қатты ұнады. Көптен бері өз балаларыма ұйымдастырсам деп жүр едім енді міне тағыда алып қосарлырым көп екен. үйшік ертегісіне саяхат ертегісі балалардың бір сөзбен айтқанда ой өрісін дамытуға арналған бір ден бір ертегі

  4. Роза

    Керемет. Шалқан ертегісі балалардың жасына сай ұйымдастырылыпты. Рахмет сіздерге

  5. Ақтоты

    «Үйшік «ертегісін сахналау арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайтып, бір-біріне тату және мейірімділік қарым-қатынаста болуға үйретуге болады.

  6. Ақтоты

    «Үйшік» ертегісінің оқу іс-әрекеті жақсы ұйымдастырылған. Осы ертегі арқылы балалардың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін қалыптастырады. Ертегіні сахналауға, достық қарым-қатынасты бағалай білуге , мейірімділікке баулуға болады.

  7. Отарина Гүлдана Бекмырзақызы

    Маған осы оқу қызметте балалардың тілін дамытуға арналған тақпақ жаттығулары өте қатты ұнады. әрдайым осылай оқу қызметтер ұйымдастырсақ балалардың тілі анық өз ойларын толық жеткізіп шығады

  8. Отарина Гүлдана Бекмырзақызы

    Осындай ертегі оқу қызметтерін ұйымдастырғанды жақсы көретін едім. Аларым көп екен. Балалардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, сұраққа түсініп үйретуге болады ертегілер арқылы

  9. Алина

    калай мақала жибереди

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ