Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары


Erketai / Ноя.5.2013. / комментариев 9

«Көңілді қоңыздар» массаж түрлері
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы қалыптастыруға, қан айналымын жақсартуға, көздерін демалтуға, балалардың арқасындағы, қолындағы, табандағы нүктелерді оятуға арналған. Ағзаның көптеген қызметтерін жақсартады.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету.

Көрнекілік: ілгекті жолдар, тастар матрастар, қоңызда киімі, ойыншық қоңыздар.

balalar

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Түс мезгілі, мезгілі,
Қоңыздар ұйқыға кірісті
Қоңыздар көреді түсті
Әдемі сиқырлы әлемді. (балалар ұйқыдан оянады)

balalar1Көзімізді ашайық
Тәрбиеші: Аунап, қунап алайық ,
(жалпы денеге арналған жаттығу) Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық
Жаттығулар жасайық,
balalar2Ұйқымызды ашайық

(көзге арналған жаттығу) Қоңыз, қоңыз, қоңызым,
Ағашқа ол өрмелеп Бұтаққа келіп отырып,
Күнге көп қарайды, Қоңыз,қоңыз,қоңызым
Тербеледі таяқта
Тынығады, ұйқтайды.
balalar3
(Табанды шынықтыру массажы)
balalar4Оң қолға ұстап тарақты,
Түрлі массаж жасайық.
Сол қолға ұстап тарақты,
Табанға массаж жасайық.

balalar5
(арқаға арналған массажы) Қыбыр-қыбыр жүріспен,
Қоңыздар қырға шығады.
Төмен қарай сырғанап,
Қайта өрмелеп шығады.
(Қолға арналған массаж) Қоңыз шықты ағашқа, Артында оның баласы. Бір мезгілде жаңбыр жауды Қоңыз жерге құлады. Қүн шапағын шашады
Қоңыз үйге қайтады.
(ілгекті жолмен жүру)
Әдемі ирек жолдармен
Лақтарша біз ойнақтап
Тастан-тасқа секіріп
Жалаң аяқ жұреміз.
Табанға біз нұктелі
Массаж жасау білеміз.
Балалар жарты шеңбермен тұрып, қонақтар мен қоштасады)
Қол үстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!.

smile

комментариев 9 Пікір қосу

  • жақсы

  • жақсы екен

  • алынбайды

  • Жақсы

  • алынбайды

  • осы макаланы калай алуга болады фотосымен

  • шынықтыру кешенін жүктеп алайын деп едім

  • өте жақсы

  • оте жаксы керемет осындай макалалар кобирек жазылса екен

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!