Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі

АШЫҚ САБАҚ

Сынып: 1

Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі

Ашық сабақ, қауіпсіздік ережесі, қауіпсіздік шаралары,табиғаттағы қауіпсіздікСабақтың мақсаты:

1.Білімділік:оқушыларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.

2. Дамытушылық: табиғаттағы қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту.

3. Тәрбиелік:өз жеке басының қауіпсіздігін  дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, 101, 102, 103,104 телефондары жазылған карточкалар, слайд, бейнебаян

Пәнаралық байланыс: ана тілі

Жоспар:

І. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)

ІІ. Өткенді қайталау (6 минут)

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту (24 минут)

IV. Қорытынды (5 минут)

V.  Бағалау (5 минут)

VІ. Үйге тапсырма (2 минут)

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)

1. Сәлемдесу

2. Сабаққа даярлықтарын тексеру

3. Оқушыларды түгендеу

ІІ. Өткенді қайталау (6 минут)

  • Мекен жайларын сұрау (оқушылардың ойын тыңдау)
  • Бөлмеңдегі заттар таза болу үшін не істейсің?
  • Бөлмеңді кім жинайды?
  • Үйде қандай жұмыстарды атқарасыңдар?
  • Үйде қонақты қалай қарсы аласың?
  • Сенің отбасың қандай үйде тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту (24 минут)

  1. Қызығушылығын ояту

Тоққа тисе мұрты ұзын,

Табанымен жазық.

Киімдердің қыртысын,

Береді тез жазып. (үтік)

Жүрген жерін жалмайды,

Тастан басқа қалмайды. (от)

Қоңырауын ұрады,

Дабыл қағып, безектеп. (телефон)

Балаларға сабақтың тақырыбын сурет арқылы анықтату.

uidegi-kauipsizdik-erejesi2

  1. Оқулықпен жұмыс(10 минут)

ü  Мұғалімнің оқуы

ü  Оқушының оқуы

ü  Оқушылардың мазмұндауы

ü  Сұрақтарға жауап беруі

Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі

Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа.

Мынау – балкон мен терезе. Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқп шығаруға немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды.

Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.

Мынау – үтік. Оның шнурынан тартпа. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады.

Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.

Мынау – дәрі салатын қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе!

Сен үйде жалғыз қалғанда не істейсің?

Тағы қандай қауіпсіздік ережелерін білесің?

  1. Дәптермен жұмыс (5 минут)
  2. Тыйым сөздермен жұмыс (3минут)

Отпен, сумен ойнама.

Ойыннан от шығады.

IV. Қорытынды (7 минут)

uidegi-kauipsizdik-erejesi3

101-өрт сөндіру қызметі

102-полиция қызметі

103- жедел жәрдем

104- газ қызметі

112- құтқару қызметі

V.  Бағалау (5 минут)

«5» алған балаларға қызыл түсті телефон,

«4» алған балаларға көк түсті телефон,

«3» алған балаларға сары түсті телефон таратамын.

 

VІ. Үйге тапсырма (2 минут)

39 сабақ Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі мәтінін оқу, мазмұндау86-87 бет

Телефон номерлерін жаттау.

Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы

Өткізген: Жусупова Еркежан Сейтмухаметовна

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер8
  1. Қуаныш

    Барлық материяладр қате

  2. Бахтыгуль

    Қауіпсіздік ережесі жақсы жазылған.Таасырмаларды орындағанның арқасында балалардың естерінде сақталады деген сенімдемін

  3. Мая

    Ұнады жақсы екен

  4. Мейрамгуль

    ашық сабаққа керек

  5. Салтанат

    Өте жақсы, нақты жеткізілген. Сабақ құрылымы жақсы. Қызықты

  6. Айтан

    өте жақсы сабақ екен

  7. Бексулу

    өте керекті сайт)) маған унады

  8. Жанат

    қауіпсіздік ережелері туралы балаларға суреттер керек көшіріп алуға

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ