Үй жиһаздары(Ашық сабақ)


Erketai / Ноя.9.2013. / комментариев 9

Ашық сабақ. Екінші сәбилер тобы.

 Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: «Үйдегі жиһаздар»

Мақсаты:

Білімдік:

—         Үй ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін  сөзбен дұрыс айтуға (дөңгелек үстел, түсі көк , төрт аяғы бар) үйрету;

—         Бөлменің ішіндегі жиһаздар туралы айта білуді үйрету;

Дамытушылық:

—         Баланың зейінін, логикалық ойлауын, тілін дамыту;

Тәрбиелік:

—         Жиһаздары күтуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Балалардың сөз қорларын жиһаз атауларымен кеңейту; «Жиһаз» сөзін балалардың сөйлемдерінде қолдануды үйрету.

Әдіс –тәсілдері: Сюрприздік кезең, әңгіме, жұмбақтарды шешу, дидактикалық ойындар.

Алдын-ала істелінген жұмыс: Жиһаздар суреттерін қарастыру, «Үй. Отбасы» сюжеттік-рольдік ойын; «Үй. Пәтер» сюжеттік суреттерді қарастыру; Д/о «Қандай?», «Біреу-көп», «Үлкен-кіші», «Үш аю» орыс ертегісін қайталау.

Көрнекі құралдар: Қуыршақ жиһаздары, «Жиһаздар» тақырыбы бойынша суреттер, ойыншық –аю, «Үш аю» ертегіінің суреттері.

үй жиһаздары ,баланың зейінін, логикалық ойлауын, тілін дамыту, дидактикалық ойындар

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың әс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденуші – ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті -каррекцияланушы

Балалар топқа кіріп  жарты шеңбңр құрайды. Тәрбиеші балалар назарын қонақтарға аударады.-         Балалар, іс -әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің –біріміз жылуымызды сезінейік.                             Армысың  алтын күн,                             Армысың асыл  жер.

                             Армысың  көк  аспан,

                             Армысың жан  досым.

                             Жылуыма жылу  қос,

                             Міне , менің  қолым

—         Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандықта біреу бар секілді. Қараңдаршы балалар мұнда хат бар екен. Хаттың ішінде жұмбақ жасырыпты.

Қорбан, қорбан етеді?

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып-ап

         Қыста ұйқыға кетеді. (Аю)

Аю: — Сәлеметсіңдер ме?  Мен кішкентай қонжықпын. Мен орманда тұрамын. Ал сендер қайда тұрасыңдар?

—         Ал үйлерінде, бөлмелерінде не бар?

Тәрбиеші бөлме бейнесінің суретін көрсетеді.

—         Иә, қонжық осындай жиһаздар әр үйде тұр.

Қонжық: — Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ. Менде осындай ыңғайлы жиһазды қалаймын. Бірақ білмеймін қандайын таңдап алайын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

1. Тәрбиеші: — Балалар, қонжыққа жиһазды таңдап алуға көмектесеміз бе? Жиһаздар дүкеніне барайық.

Тәрбиеші балаларға ойлануға ұсыныс жасайды: Қонжықтың бөлмесіне қандай жиһазды қоюға болады?

—         Қонжық саған бөлмең ұнады ма?

2. – Балалар, қонжық бұл жиһаз заттарын есіне сақтау үшін ойын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден.  (үстел)

 

Мен жәйлімін, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес-

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға, жатуға.(Диван)

 

Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені … (Кереует)

—         Аю, сен есіңе барлығын сақтап алдың ба?Жарайсың! Балалар да өте ақылды. Жарайсыңдар! Қонжыққа көмектестіңдер.

 

Қонжықтар орманда тұрды,

Бастарымен бұлай бұрды

Қорбан, қорбан жүрді

Көлден су ішті

Қонжықтар бал іздеп

Ағашты шайқады

Былай-былай  шайқады

Кейін қолдарын көтеріп

Би биледі шаттана.

 

3. – Балалар, орманда қонжықтың  достары тұрады. («Үш аю» ертегісінің аюлар суретін көрсетеді). Сендер оларды таныдыңдар ма? Бұл қай ертегінің аюлары? Олардың үйлерінде бір жағымсыз жағдай болды. Біреу олардың үйлеріне кіріп, бүкіл жиһазды сындырып тастады. Бұл кім екен?

Ойын «Не жетпейді?»

Тәрбиеші балаларға жиһаздың бір бөлшегі жетпейтін  суреттерді көрсетеді.

—         Балалар неліктен бұл жиһаздар сынып қалды?

—         Жиһазды қалай күту керек?

4. Ойын «Суретті жинап ал!»

 

—         Ал біздің тобымызда қандай жиһаз бар?

Схема бойынша жұмыс жасау.

—         Біз бүгін сабақта не жасадық?

—         Қонжық пен үш аюлар сендерге «рахмет» айтып жатыр. Сендер оларға өте көмектестіңдер. Олар енді біледі үйде қандай жиһаздар болу керек және  жиһаздарын қалай күту керек екенін.

Қонжық балалармен қоштасады. Сыйлықтарын таратады.

Балалар қонақтармен амандасады. 

Балалар бір-біріне  қолдарын беріп жылуларын сезінеді.

 

 

 

 

 

Қызығушылық танытады.

 

 

Жұмбақты шешеді.

 

 

 

Аю шығады

-Үйде

—         Жиһаз

 

 

 

 

-Иә

 

Балалар кезекпен жиһазды атап және ол не үшін керек екенін түсіндіреді. Кейін балалар «Дүкеннен» жиһазды алып қонжықтың бөлмесіне апарып қояды.

 

 

 

 

Балалар жұмбақтарды шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастарын алдына –артына, оңға-солға еңкейеді.

Аюлар секілді жүреді

Аяқ ұшына қолдарын жеткізіп еңкейеді.

Қол жоғары, денені оңға –солға еңкейу

 

Қолдарын жоғары көтеріп, иыққа түсіру.

 

 

 

«Үш аю» ертегісі

 

 

 

Маша

 

Балалар не жетпейтінін айтады.

Өйткені Маша секірді, тербетілді….

Екіге бөлінген суреттерді қосу.

 

 

Қонжыққа және оның достарына көмектестік

 

 

 

Саубол!

Күтілетін нәтиже: Жиһаз атуларын дұрыс айтуға дағдыландыру. Жиһазды күтуге үйрену.

smile

комментариев 9 Пікір қосу

  • қандай тапқырлық,,,,,,ұнады!!!

  • Мына сабақ маған ұнады. Бұл сабақтың көшірмесін қалай алуға болады?

  • бұл сабақ маған ұнады бұл сабақ көшірмесін қайдан алуға болады

  • Өте керемет

  • маған сондай ұнады сабағыңыз, қалай көшіруге болады?

  • Сабақтарыңыз өте қызықты маған қатты ұнады.

  • Маған ұнады рахмет сіздерге

  • өте керемет

  • Идеясы жақсы болғанымен, тым сапасыз жазылған. Тақпақтар мен жұмбақтарда ұйқас атымен жоқ, грамматикалық қателер де тым көп.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!