Үй жануарлары мен оның төлдері

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Үй жануарлары мен оның төлдері

Мақсаты:Сөйлеу барысында үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін қолдана білулерін дамыту. Балаларға сөйлеу барысында зат есімдердің (үй жануарларының) топтарға қалай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

Көрнекілігі: Үй жануарлары  мен олардың төлдерінің суреттері. Олардан алынатын өнім түрлері т.б.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, сұрақ – жауап, ойын, сәйкестендіру, сөздік жұмысы, Бес жол өлең т.б.

Қоршаған ортамен таныстыру, балабақшада, Үй жануарлары , төлдері

Жүрісі:

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне жақсы тілектерін арнайды. Осы кезде топқа керуен келіп кіреді. Керуен басы жылқыға мінген, жетегінде түйелері бар. Керуен басы тәрбиешімен, балалармен амандасады.

Тәрбиеші керуен туралы түсінік береді.

Біздер қазір бір жерден екінші жерге бару үшін әр түрлі көліктерді: ұшақ,

кеме,  автомобиль  түрлерін пайдаланамыз. Ертеде техника жоқ кезде ата – бабаларымыз көлік ретінде түйе, жылқы, өгізді пайдаланған.Ел қыстаудан жайлауғакөшкенде, базарға барып зат әкелгенде жылқы және түйелерден құралған керуендермен жүрген.Түйелердің күші көп болғандықтан оларға ауыр жүк тиеуге болады.Түйе шөлге де төзімді келеді.Ал жылқы малы жүйрік келеді т.б мәліметтерді айту.Сұрақ – жауап арқылы жылқы мен түйе туралы, олардың төлдері , олардан алынатын өнімдер туралы әңгімелеу.

Картамен жұмыс: Түйе мен жылқының әрқайсысының тұсына төлдері мен олардан алынатын өнімдердің суретін тауып ілу.

Керуен басы: — Балалар, мен туралы мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын.Мен көшті ілгері (алға) жүргізу үшін сендерге тапсырмалар мен сұрақтар әкелдім.Сол тапсырмаларды орындап маған көмектесулеріңді сұраймын.

 
Erketai / Мар.6.2014

Пікір жазылды 6 Пікір қосу

  • САЙТҚА көп-көп рахмет

  • сабақ ұнады сабақ мақсатына жетт деп ойлаймын

  • сайтка рахмет

  • құрылымы керемет

  • өте тамаша! рахмет

  • Толдери кайда???! Сайттын Аты толдер туралы. Ештене жок

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!