Түзету-дамыту жұмыс «Жазғы орманға саяхат»

Мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық сүйемелдеу қажет ететініндігі баршамызға мәлім.Сондай- ақ балаларға өте тиімді және қызықты жаттығулардың бірі психожаттығу болып табылады.

Психожаттығу- баланың психикасының танымдық, сондай-ақ эмоционалды-тұлғалық сферасын, тағы басқа жақтарын түзетуге және дамытуға бағытталған арнайы сабақтар (этюдтер, жаттығулар және ойындар т.б.) курсы. Негізгі мақсаты — қарым-қатынастағы кедергілерді жеңу, өзін және өзгелерді дұрыс түсінуді дамыту, психикалық шиеленісті шешу, әлеуметтік дағдыларды көрсету үшін мүмкіндік құру болып табылады. Бала құрдастарымен жеңіл қарым-қатынасқа түсе алады, өз сезімін жеңіл көрсете алады және басқалардың сезімдерін жеңіл түсіне алады. Айқын қозғалысқа ие болу деген ол басқа адам бетінің барлық өзгерістерін, дененің қозғалысын және ым — ишарасын түсіне алады. Психожаттығуды қолдану процесінде мінездің жағымды қасиеттері қалыптасады: сенімділік, адалдық, батылдық, кеңпейілдік; невротикалық көріністер жойылады: қорқыныш, түрлі сипаттағы қауіп, сенімсіздік.
Түзету-дамыту жұмыс «Жазғы орманға саяхат»

1.Сергіту

Педагог: -Балалар жазғы орманға саяхатқа барғыларыңыз келеді ме?
Орманда теректер өте биік . Ол қандай? Көрсетіңіздерші? Биік теректің астында онша биік емес теректер өсіп жатыр. Онша биік емес , ол қандай, көрсетіңіздерші?
Балалар , жерде өсіп жатырған шөптің биіктігі терекке қарағанда қандай? Аласа екен ! Қандай аласа? (қимылмен көрсетеді)
Орманда тағы не бар ?
Дұрыс , жануарлар бар екен!
Олардың дыбыстары әр түрлі болады !
Қандай жануардың дыбысын білесіздер? (балалар дыбыстарды шығарады, басқа балалар қандай жануар екенін тауып береді).
дамыту жұмысыБалалар орманда жүргенде оте сақ, зейінді болу керек.Кане көрейікші!
Мен көкектің дыбысын шығарғанда , сендер бір аяқпен тұрып алға қарай жылжып секіресіздер. Тоқылдақтың дыбысын естігенде басқа аяғыңызбен тұрып , алға қарай секіресіздер. Сары шымшықтың дыбысын естігенде (соловей) екі аяққа бірдей тұрып алға қарай секіресіздер.
Жарайсыңдар , өте зейінді екенсіздер!
Орманға жетіп қалдық! (табиғат дыбыстары шығады)

2.Жаттығу (жылдам, секіру)

Біздер өзімізді серуенге шыққан кішкентай көжек деп елестетейікші . Аяқтарымызды қосып жылдам секірейік. Біздер кішкентай болғасын кішкентай қашықтыққа секіреміз.
(жәй , секіру)
Көжектің мамалыры балаларын іздеуге шығады. Жайлап жоғары қарай секіреміз. Мамалары қожекиерге қарағанда үлкен. Ол үлкен қашықтыққа
секіреді. Секіріп жан- жағына қарап бара жатады «Міне көжектер де табылды» қуанып қарайды.
(кернеулі бұлшық еттер)
«Қар-қар -қар», орманға қарға ұшып келді. Терекің
бұтағына қонып жан-жағына қарап отыр. Оған бәрі қызықты. Астына, үстіне, жан-жағына қарайды. Мойыныңыздағы бұлшық еттері қатайып тұрғанын сезіп тұрсыздар ма?
(Босансыңған бұлшық еттер)
Жан жағына қарап қарға қатты шаршап отырған жерінде ұйықтап қалыпты .
(Бұлшықеттері тез қозғалу)
-Балалар орманда масалар көп екен , қолдарымызбен тезірек қуайық !
(Жәй, босансынған бұлшықеттер)
-Масаны қуып жүргенімізде аяқтарымызға тікенек жабысып қалыпты. Қолымызға тікендер кіріп кетпес үшін жайлап алып көрейік.
(Жәй , баяу )
Терек арасынан қу түлкі кележатыр. Көрсетіңіздерші , қалай жүреді.
(Тоқтай қалу)
Бір уақытта түлкі тышқанды көріп тоқтап қалды. Тышқанға көрінбеу үшін жерге қарай еңкейіп тұрып қалды .
(Баяу)
Жерді жайлап жорғалап тышқанға жақындайды.
(Бұлшық еттерді тез қозғалту)
Тышқанды секіріп ұстап алмақшы болды, бірақ тышқан оның қолына ілікпей қашып кетті.

3.Қарым-қатынас Мақтаншақтық

Педагог. Мақтаншақ тышқан түлкіден қашқан бойда , теректің түбіріне отырып ,өлең жырлай бастады: (Музыка «Какой чудесный день»)

Күн қандай тамаша.
Терек түбірі қандай тамаша ,
Мен де тамаша
Өлең де тамаша!
«Міне мен қандай батылмын! Ешкімнен қорықпаймын! Мен бәрінен де батылмын!»
Тышқан қалай мақтанады , көрсетіңіздерші! ( балалар жеке көрсетеді)

4.Тәртіп

Педагог. Басқа тышқандар ренжіп қалып, «Біздерден бөлек жүр, біздерді мазақтаған үшін , сенімен ойнамаймыз!» депті тышқанға.

Балалар тышқан мақтанам деп барлық достарынан айырылып қалыпты, оған қалай көмектесеміз? Қандай кеңес бересіздер? (Балалар бірге мақтаншақ пен сыпайлық қасиеті мен мақтаншақ ұасиетті салыстырып талқылайды)
-Тышқан өзінің қатесін түсініп сіздерге бірдеңе айтқылары келеді. «Рахмет сіздерге , мен мақтаншақ болғанын жаман екенін түсіндім, енді ондай қате жасамаймын»
Балалар тышқан қалай ашуланғанын көрсетейікші. ( рөлді алмастыру арқылы тренинг жүргізіледі)

5. Қорытынды

Педагог. Тышқанның өленін есімізге түсірейікші:

Күн қандай тамаша,
Еңбек жасау оңай .
Достар менімен бірге ,
Жырлаймыз ән бірге!(«Какой чудесный день» олені қосылады)
-Балалар балабақшаға қайтатын уақыт болды! Сіздерге орманға барғанымыз ұнады ма? Немен ұнады? Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Erketai / Фев.12.2017

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Сәлеметсіз бе, Айгүл Жәнібекқызы. Психологиялық жаттығуларыңыз, сөз жоқ, өте қызықты әрі танымды. Әртүрлі бұлшықеттік жаттығуларды орман жануарларының кейпімен бергеніңіз өте қисынды. Қарым-қатынасқа кедергі жасайтын мақтаншақтық қасиетін талдағаныңыз орынды. Бірақ та «Негізгі мақсаты — қарым-қатынастағы кедергілерді жеңу, өзін және өзгелерді дұрыс түсінуді дамыту, психикалық шиеленісті шешу, әлеуметтік дағдыларды көрсету үшін мүмкіндік құру болып табылады» дей тұра, бірінші және екінші жаттығуда көп зейінді айналада бағдарлануға, «биік-аласа», «кішкентай-үлкен» және «астына, үстіне, жан-жағына» ұғымдарына бөлген сияқтысыз. Және де балаларға сұрақ қоюда сізбен келіспейтін тұстарым бар. Мысалы, «Орманда теректер өте биік . Ол қандай? Көрсетіңіздерші?» дегеннің орнына «Орманда теректер бар екен. Олар қандай?» деп «биік-аласа» ұғымдарын балалардың өздерінен сұраса. Немесе «Биік теректің астында онша биік емес теректер өсіп жатыр» дегеннің орнына «Биік теректердің қасында (жанында)» деген сөздермен алмастырса, «Онша биік емес, ол қандай, көрсетіңіздерші?» деген сөйлемді «Биік емес, яғни аласа теректі көрсетіңіздерші» деп толық айтса. 2-жаттығуда «Көжектің мамалыры» деген сөзді қоян деп айтса, балаларға түсініктірек болады.
    Кішкентай бүлдіршіндер ересек адамның сөйлеуін, сөз мәнерін тез ұғып, бойларына сіңіріп алады, сондықтан да сауатты құрылған, дұрыс айтылған сөйлем баланың тілін дамытатынын естен шығармағанымыз абзал. Сөйлегенде толық әрі көп синоним сөздерді қолдансақ, нұр үстіне нұр болар еді.
    Түзетуші-дамытушылық жұмысыңызға рахмет! Өзімнің жұмысыма біраз нәрсе алдым.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!