Түзету дамыту жұмыс «Қонжық»

Қажетті құралдар: ойыншық қонжық, магнитті тақта, магнит,қонжықтардын суреті, «Табиғат ғажайыптары» немесе «Табиғат дыбыстары» үнтаспа, саусақ графикасына арналған бояу немесе тіс пастасына араластырылған гуашь, қағаз беттері, сүлгілер.

Сабақ барысы:

Амандасу. Жаттығу «Қонжық армандайды»
Балалар кілемшеде отырады. Психолог оларға ойыншық қонжықты көрсетеді де айтады:
Балалар, бізге қонаққа қонжық келді. Қараңдаршы ол қандай мейірімді, жұмсақ және әдемі. Қане қонжықпен амандасайықшы және бір бірімізге күлімдейік. (Балалар тапсырманы орындайды. Психолог үнтаспаны қосады) Кілемшеге жатындар, көздеріңді жұмып, менің дауысымды тыңдаңдар. Жаздың таңы… Орманның тұрғындары ұйқтап жатырған сияқты. Кенеттен, жазғы көгәлді қоршап тұрған, бұталардың артынан қонжық пайда болды… Ол күлімдеп ойлап тұрды: «Қандай ғажайып таң… Қандай жылтыр шық тамшылары… Қандай дәмді бүлдірген таңқурайлар… Қандай жұмсақ шөптер…».
қонжық суретіҚонжық шөпке жатты да, аспан жаймен қалықтап жүрген бұлттарға қарады… Күн шықты, оның жып-жылы шуақтары қонжықты түртті. Оған сондай әсерлі болды, ол рахаттанғаннан көзін жұмып жатты… Қонжық жатып армандады…
Өздерінді армандай алатын сол қонжықпын деп елестетіп көріңдерші. Армандандар.. Жағымды нәрсе ойлаңдар… Күлімдендер
(Үнтаспа өшіріледі.) Қонжық көзін ашып, орнынан тұрып керіледі. Балалар көздерінді ашыңдар, жақсылап созылып алыңдар.. Не туралы армандағандарынды айтыңдаршы.
(Балалар тапсырманы орындайды.)

Сурет әлемі.

Үстел үстінде бояу, қағаз беттері және сүлгілер жатыр.
Психолог балаларға үстелге отырып, жұмбақ шешуге шақырады:
(Аю туралы жұмбақ жасырылынады.)
Психолог магнитті тақтаға сурет жапсырады. Қонжықтар балаларға өзін қарап және анықтап беруін сұрайды. (Балалар қонжықтын дене бөлімдеріне мұқият көңіл бөледі.) Балалар тапсырманы орындайды.
Қонжық балаларға суретке кірісуді талап етеді. Балалар саусақтарын бояуға батырып сурет салады.

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Loading...
Erketai / Фев.12.2017
Ұқсас Жазбалар

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!