Тұлғаның этностық өзіндік санасының дамуына теориялық талдау

Этностық өзіндік сананы тұлғалық деңгейде зерттеу ТМД елдеріндегі психология ғылымында әлі де жеткіліксіз. Зерттеулерде оның индивидтік деңгейде қалыптасуына О.Л. Романованың «тұлғаның этностық өзіндік санасы субьектінің өзінің ұлттық қатыстылығын, этностық қауымдастығы өзінің орнын, сонымен қатар этностық байланыстар мен қатынастар саласындағы мотивтерін, мүдделерін және сезімдерін саналы түсінуі» деген анықтамасы қолданылуда. Этностық өзіндік сана жалпы өзіндік сананың бір жағы болғандықтан, біз оның ғылыми-теориялық негіздерін психологиядағы өзіндік сананың құрылымы мен қалыптасуының, адамның адамды қабылдауының механизмдерінен (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леоньтев, Б.Г. Ананьев, Б.М. Теплов, А.А. Смирнов, А.Г. Спиркин, А.Р. Лурия, М.И. Лисина, А.И. Силвестру, Л.И. Божович, В.С. Мухина, А.А. Бодалев) іздестіре отырып, оның индивидтік деңгейдегі психологиялық механизмі мен анықтамасын соған сәйкес түсініп, нақтыладық. Этностық өзіндік сананың қалыптасуының психологиялық механизмі-индивидтің санасы мен іс-әрекетінің дамып, өзге ұлт өкілі мен өзінің этностық қыры туралы ұғымдық білімдердің жинақталуының арқасында айыру және біріктіру процесінің, эмоциялық-бағалау мен қабылдаудың, өз мінез-құлқы мен әрекетін реттеудің жоғарғы дәрежеде қорытылуы. Тұлғаның этностық өзіндік санасы дегеніміз-субьектінің этнофора (этностық сананы алып жүруші) ретінде өзінің нақты бір этностық топқа қатыстылығын саналы түсінуі мен оған қанағаттану сезімінің көрінуі, соның нәтижесінде этностық ішкі бағдары мен ұстанымының пайда болып, этностық дүниетанымының қалыптасуы, өзінің ойларын, мінез-құлық мотивтерін саналы ұғыну мен бағалай отырып, ұлтішілік және ұлтаралық қарым-қатынаста нақты ұлт өкілі тұрғысынан әрекет ету.

sana-tulgaШетелдердегі және ТМД елдеріндегі зерттеулерде этностық өзіндік сананың онтогенезде қалыптасуының нақты жас кезеңі және оған әсер ететін факторлар туралы пікірлер мен қөзқарастардың қарама-қайцшылығы байқалады. Кейбір зерттеушілер (Гудман, Портер, Кац, Эбод, Г. Чепели, А.Ф. Дашдамиров, В.П. Левкович, Н.Г. Панкова, Т.А. Талалуева, Э. Суслова, С.К. Рощин т.б.) бала 3-4 жастан, екіншілер (В.С Мухина, А.И. Оконешникова, Ж.В. Топоркова, В.Ю. Хотинец) 5-7 жастан өзінің топқа қатыстылығын сыртқы келбет, ата-аналарының ұлты және отбасындағы қарым-қатынас тілі, өз елі туралы білімдер, мәденинттің, дәстүрлердің, жеке есімдердің ерекшеліктері, діни сенімдер арқылы түсіне бастап, туғандары мен жақындарының, түрлі құралдарды пайдаланатын мектепке дейінгі білім беру меекмелерінің көмегімен әрі қарай дамитынын айтады. Ал Ж. Пиаже, И.А. Снежкова, О.Л. Романова, Р.Т. Алимбаева т.б. этностық қатыстылықты түсіну сыртқы ерекшеліктерді ұғынудан шығу тегінің бірлігін түсінуге, «Отан» сезімінің қалыптасуына қарай өрби дамып, кіші мектеп жасында (11-12 жаста) қалыптасатынын тұжырымдайды.
Бала санасының ұлттық рухта қалыптасып, оларда ұлттық мәдениет пен ұлттық құндылықтар туралы тұтас ұғым түзілуіне қазақ топырағындағы түркі әлеміне ортақ ежелгі әдеби мұралардан (орхон-Енисей жазба ескеркіштері) бастап XX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген ғұламалардың ағартушы-ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде де көңіл бөлген. Кеңес дәуірінде және бүгінгі Қазақстан Республикасында өз еңбектерінде этностық өзіндік сананы философ ғалымдар (Н. Жанділдин, Н. Нәлікбаев, Қ. Жүкеш, С.Е. Нұрмұратов т.б.), психолог-ғалымдар (Т.Т. Тәжібаев, М.М. Мұқанов, Қ.Б. Жарақбаев, Ә.Ж. Алдамұратов, С.М. Жақыпов, С.Қ. Бердібаева, Б.Ә. Әмірова, Л.К. Көмекбаева т.б.), педагог-ғалымдар (С. Қалиев, Ә. Табылдиев, С.А. Ұзақбаева, К.Ж. Қожахметова т.б.) да қарастырылған. Қ.Б. Жарықбаевтың тұжырымдауынша «этнопсихологиялық білім берудің мақсаты-ұлттық өзіндік сананы, қазақ халқының тарихын, тілін, мәдениетін, дәстүрлері мен салттарын бөтенсімейтін, оған жауапты қатынасты қалыптастыру» [46]. С.М. Жақыпов ғылыми зерттеу контексіне «этностық даралық», «моноэтностық даралық» және «полиэтностық даралық» ұғымдарын ендірді [47]. Ол бұлардың тіршілік әрекеті жағдайына бейімделуінде болатын едәуір айырмашылықтардың шешімі-өнімді оқыту жағдайындағы адамдардың бірлескен іс-әрекетінің этнописхологиялық механизмдерін белсендіруге негізделген оқытудың қарқынды әдістерді пайдалану деп тұжырымдайды. С.М. Жақыпов бұл проблеманы теориялық ұғыну үшін мағыналық құрылымының жалпы қорымен жанамаланатын тұлғаның мағыналық құрылымының көпдеңгейлі құрылымы туралы түсінікті бекітеді. Б.Ә. Әмірова ұлттық өзіндік сананың анықталу көзі ретінде этностық жаңсақ нанымдарды белгілеп, оның даму динамикасын мектепке дейінгі балалардан бастап студенттерге дейін зерттеген. Ол этностық жаңсақ нанымдарды мектепке дейінгі балаларда тренинг барысында ұлттық ойындар арқылы қалыптастырудың тәжірибелік жұмыстар арқылы көрсеткен.
Жалпы ғалымдар мектепке дейінгі балаларда белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қалыптастыруда олардың жетекші іс-әрекеті-ойынға жүгінеді. Алайда, психологиялық, психологиялық-педагогикалық және психофизиологиялық зерттеулерде бастауыш сынып оқушыларының сензитивтік мүмкіндіктерге, оқытуға жоғары қабылдағыштыққа ие болатындығы анықталған (Д.Б. Эльконин, Л.А. Венгер, Е.В. Филиппова, Т.А. Нежнова, Ф.А. Сохин, Ш.А. Амонашвили, В. Котырло т.б.). Мәселен, Т.Г. Бетелева мен Ю.В. Змановскийдің т.б. зерттеулерінде алты жасар балалардың көлемі едәуір, сапа жағынан күрделі хабарларды меңгеруге мүмкіндігі айқындалған. Осы және басқа зерттеулер мен педагогикалық практика баланың алты жасы жақсы ұйымдастырылған оқыту процесінде олардың танымдық іс-әрекеті мен тұлғасының тұтастай дамуы үшін қолайлы кезең болатынына көңіл аудартады.
Осы орайда, этностық өзіндік сана сияқты күрделі психологиялық құрылымдық қасиетті мектепке дейінгі жас кезеңінде қалыптастырудың қажеті бар ма? деген сұрақ туады. Эмпирикалық зерттеулерде 5-6 жастағы башқұрт және орыс балаларының (62 % :68%) сенімді адамдар ретінде өз ұлтының өкілдерін таңдайтыны (В.Ф. Сафин) полиэтностық ортада тәрбиеленіп жатқан мектеп жасына дейінгі якут және мордово халықтарының бастауыш сынып оқушыларының өзінің этностық қатыстылығын жасыру, әдейі өзгерту фактілері (А.П. Оконешникова, Ж.В. Топоркова) анықталған. Мектепке дейінгілердің өзге нәсіл және ұлт адамдарына күлу, бет әлпетінің ерекшелігін мазақ ету немесе керісінше, қорқу, қарым-қатынас жасаудан қашуы, ересектерге ере отырып, негр, татар, чукча т.б. ұлт өкілдеріне өздерінің нәсілдік және ұлттық жек көрушілігін жасырмауы, мәртебесі төмен ұлттарды менсінбеуі сияқты фактілер де кездеседі (Э.К. Суслова, С. Мошкин, В. Руденко, В.Д. Ботнор).
Бұл фактілер мектепке дейінгілерде этностық өзіндік сананы масатты-бағытты қалыптастырудың психикалық үйлесімсіздік пен бейімсіздіктің алдын алу, өзіндік сананы толықтырып, өзін-өзі адекватты бағалауын қамтамасыз ету, ұлтаралық қарым-қатынас әдебін меңгерту, өзінің теңдігі мен құқығын, міндеттерін түсіну, қауіпсіздік сезімін ұялату сияқты психологиялық алғышарттарын құрады. Осы орайда, ұлттық тәлім-тәрбие мен оқыту процесінің балалардың психикалық дамуы мен ұлттық тұлғасының қалыптасуындағы баланыстардың қажеттілігі айқын сезіледі. Ұйымдастырылған оқыту және тәрбиелеу процесінде ғана балалар өзінің және өзге халықтардың ұлттық дүниетанымы арқылы, бөтен мәдениеттерге төзімділікті үйренеді, олардың этностық өзіндік санасы «біздікінен бәрі жоғары, ал өзгелердікі төмен» деген қарама-қарсы қоюда емес, «бізде бар өзгелерде де болуы мүмкін» деген бірігу негізінде қалыптасады.
Бүгінгі ғылымда өзіндік санасының этностық жағы туралы бір жүйеге түскен тұтастай ұғым қалыптаспаған. Кеңес және ТМД ғалымдарының зерттеулеріне «ұлттық өзіндік сана», «этностық өзіндік сана» және «этностық сәйкестену» ұғымдарын қандай да бір дәрежеде бірдейлендіру тән. Бұл өз кезегінде этностық өзіндік сананың психологиялық механизмдері мен қалыптасуының ерекшеліктерін түсінуді қиындатып отыр. Сондықтан, осы ұғымдардың мән-мағынасын, өзара байланысын және ара жігін ашып, оларға әсер ететін факторларды бір жүйеге түсіру қажет деп есептейміз. Жоғарыда аталған ғалымдардың (Ю.В. Бромлей, Н. Жанділдин, А.Ф. Дашдамиров, Г.В. Старовойтова, Г.У. Солдатова, Н.М. Лебедева, О.Л. Романова, Т.Г. Стефаненко,Р.И. Суннатова, Л.К. Көмекбаева, О.Х. Аймағанбетова) талдауларын зерделесек, біз бұл үш ұғым, аса күрделі әрі қарама-қайшылықты сипатқа ие иерархиялық құрылымның, өзара байланысты, хроникалық шеңберлерін білдіретінін байқаймыз. Ғылыми еңбектердегі өзіндік сананың этностық жағына қатысты осы және басқа да ұғымдарды (этностық білімдер, ұлтқа эмоциялық қатынас, этностық аттитюд, этностық автотаптаурындар, этностық бағыттылық, этностық ұстаным) саралай отырып, ғалымдар оның құрылымдық модельдері мен қалыптасуына ықпал ететін басты факторларды бір жүйеге келтірген.
Бұл кескіндегі шеңбердің сол ортасында орталықтан сыртқа қарай сағат тілінің бағытымен этностық өзіндік сананың өзара байланысты мазмұндық және операциялық құрылымдық бөлімдері ретімен көрсетілген; оң жартысында сағат тілінің бағытымен оның онтогенезде қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар ретімен көрсетілген (Б.П. Мырзатаева).
Сонымен қатар, ТМД және шетелдік зерттеулердегі этностық өзіндік сананың пайда болып, қалыптасуының онтогенезде нақты жас кезеңі мен ықпал ететін басты факторлар туралы пікір алшақтығы да тұлғада оны қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктерін анықтауда қиындықтар туғызады.
Ғылыми зерттеулерде этностық өзіндік сананың жеткілікті түрде толық қалыптасқанға дейін бірқатар кезеңдерден өтіп, әр кезеңде сапалы ерекшеліктерімен анықталатыны атап айтылғанмен, түрлі жас кезеңдеріндегі баланың этностық өзіндік санасының қалыптасуына бірдей өлшемдер мен қөрсеткіштер қойылады. Ғалымдар этностық өзіндік сананың немесе этностық сәйкестенудің қалыптасып дамуын кросс-мәдени тұрғыда зерттеп, әлеуметтік-саяси факторларға (этномәдени орта, этнобайланысты ортаның ерекшелігі, этносаралық өзара әрекеттесу, этностық топтың арасындағы мәртебелік қатынас, саяси жағдайлардың ерекшелігі т.б.) басым назар аударады. Ал этностық білім мен ынталандыруларға баланың белсенді бағытталуына, білім беру жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің ықпалына көңіл бөлмейді.
Кейбір зерттеулер бастауыш сынып оқушыларының этностық өзіндік санасы компоненттерінің өлшемдері мен көрсеткіштері көрсетеді ( Қ.Б. Жарықбаев, А.Т. Ақажанова, Б.П. Мырзатаева).

Кесте 1 — бастауыш сынып оқушыларының этностық өзіндік санасы компоненттерінің өлшемдері мен көрсеткіштері [48]

Компоненттері Өлшемдері Көрсеткіштері
Когнитивтік (танымдық) өз халқының рухани және материалдық салт-дәстүрлері туралы білім көлемінің болуы -өз халқының ұлттық тұрмыстық заттары мен бұйымдарының атаулары мен қызметін білуі;
-өз халқының бала тәрбиесі және әлеуметтік-мәдени дәстүрлері туралы білуі;
-туған елі мен жерінің табиғаты туралы, ата кәсібі туралы білуі;
-өз халқының ұлттық қаһармандары туралы білуі;
-өзге мәдениетпен салыстырғанда, өзінің ұлттық мәдениетінің өзіндік ерекшелігін танып, ажыратуы
Аффективтік (эмоциялық бағалау) өз халқының рухани және материалдық салт-дәстүрлеріне деген қатынасының қалыптасуы -өз халқының мәдени мұрасын өзіне жақын қабылдап, одан жағымды әсер алуы;
-өз халқының ұлттық қаһармандарын мақтаныш тұтып, құрметтеуі;
-туған елі мен жеріне, оның табиғатына сүйіспешілік сезімінің көрініс беруі
Реттеушілік (мінез-құлықтық) этностық дүниетанымның қлптасуы -өзінің және өзгелердің этностық әлеуметтік Менін түсінуі;
-ұлтішілік және ұлтаралық қарым-қатынаста өзінің ұлттық мәдениеті, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін басшылыққа алу;
-ұлтаралық қарым-қатынаста өзге ұлт мәдениетіне толеранттылық қатынаста болу.

Бастауыш сынып оқушыларының этностық өзіндік санасының аталған компонентерінің әрқайсысы оның нақты бір механизмдерін іске асырып,өзара тығыз байланыста ғана белгілі бір дәрежеде балада этностық өзіндік сананың қалыптасқандығының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Этностық өзіндік сананың ғылыми-теориялық негіздерін талдай келіп, оның бастауыш сыныпта ұлттық мәдениет арқылы қалыптасуының өзара байланысмты басты үш психологиялық механизмнен тұратын тұжырымдамалық кескінін құруға болады деп есептейміз. а) этномәдени сәйкестену («ұлт», «ұлттық» ұғымдарын, ұлттық материалдық және рухани құндылықтар мен оларды этнобіріктіру және этноажырату белгілерін меңгерумен байланысты); ә) этномәдени бағыттылық (белгілі бір ұлт өкілі ретінде өзіне, өзге адамдарға, қоршаған дүниеге, мәдениет құндылықтарына ерекше (жартылай ұғынылмаған және ұғынылған) эмоциялық-бағалу қатынасының, этностық автотаптаурындардың қалыптасуымен байланысты); б) ұлттық мәдениетке сәйкес әрекет ету (танымдық, эмоциялық-мотивациялық және сезімдік саланың дамып, өз жас шамасына лайық дүниені түйсінуі мен этностық дүниетанымының қалыптасуымен байланысты).
Психология этностық өзіндік сана онтогенезін қарастыруда осы феноменнің құрылымдану ерекшеліктерін терең түсінуге, сонымен қатар ересек адам мінез-құлқының әлеуметтік механизмдер табиғатын түсінуге мүмкіндік алады.
Этностық өзіндік сананың онтогенетикалық динамикасының ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар келесі берілгендерден бастау алады:
— этностық өзіндік сана тұлғалық өзіндік сана дамуы арнасында қалыптасады;
— ол этномәдени ақпаратты саналанған және саналанбаған түрде игеру процесінде қалыптасады;
— отбасы және мектепте этностық өзіндік сананың қалыптасуының маңызы зор. Отбасы этномәдени құндылықтар мен нормаларды игертсе, ал мектеп этномәдени ақпараттарды таратушы болып табылады;
— этностық өзіндік сана қалыптасуы этнодифференциялаушы және этноинтеграциялаушы белгілерін қабылдау қабілетінің қалыптасуынан басталады. Бұл «Мен — Олар» қарама-қайшылығымен мәнделетін танымдық функциясының қалыптасу механизмінің жалпы теориясына енеді;
— этностық өзіндік сананың өзінің қалыптасу динамикасы бар және қалыптасқандық деңгейінде құрылымданудың нақты жағдайына бағынады.
Зерттеушілердің көпшілігі этностық өзіндік сананы тұлғалық өзіндік сана құрылымында жалпы ұғым ретінде қарастырады. Оның қалыптасуы ақпараттың этномәдениеті интериоризациясы процесінде жүзеге асады.
Кеңес психологиясында әлеуметтік субъекттердің психикалық өміріндегі өзіндік сана санамен үздіксіз бірлікте болады, алайда олар бірінен-бірі асып түсетін сапалы білім болып табылады. Өзіндік сананың ерекшелігі ондағы субъект екі рөлді болады: танымның объектісі және субъектісі.
Өзіндік сана (рефлексивті «Мен») тұлға дамуының нақты бір деңгейінде пайда болады. Алдыңғы кезеңде тұлғаның қалыптасу процесі өзіндік сананың бағыттаушы рөлінсіз өз-өзінен жүреді және тек жеткіншек шақта «өзін саналайтын тұлға өмірге келеді».
Өзіндік сана мәселесі және «өзіндік сана» терминінің ғылыми интерпретациясы ресей психологтарының, бәрінен бұрын, Л.М. Божович, И.С. Кон, А.Н. Леонтьев, Б.Ф. Поршнев, А.В. Петровский, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркина, В.В. Столина, И.И. Чесноковалардың еңбектерінде терең теориялық зерттеуге ие болды.
Өзіндік сана мәселесі ресей психологиясында соңғы уақытта конфликтілі «Мен» мәнді концепциясы (В. Столин), жеке тұлғалық семантикалық жүйесінде (Б.Ф. Петренко), өзіндік сананың интеграциялаушы сәті (В.С. Мухина) ағымында нәтижелі дамыды [49;50;51].
Кеңес ғалымы В.С. Мухина өзіндік сананың құрылымдық звеноларына табиғи, әлеуметтік және мәдени ортаның әсерімен онтогенездің түрлі деңгейлерінде қалыптасатын құндылықтық бағдарларға сияқты беталыс жасай отырып, өзіндік сананы психологиялық құрылым ретінде қарастырады.
Ғалымның көзқарасы бойынша, тұлғаның өзіндік санасы әлеуметте іс-әрекеттің маңызды құндылықты-бағдарлы сферасын бейнелейтін тұлға масштабында әлдеқайда келелі құндылықты бағдарларды білдіреді. Нақтырақ айтқанда, құндылықты бағдарлар әлдеқайда саналанатын, уақыт бірлігінде тұрақты және адамның іс-әрекет құбылысының құндылығына қатысты ішкі көзқарасының көрінуі және ол оның тұлғалық негізін жасайды.
В.В. Столиннің тұлғалық өзіндік сана табиғатына бағытталған зерттеуі А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясына негізделеді. Оның мазмұнында өзіндік сана сана объектісінің жай ғана ауысу жолымен жүзеге асуында емес, «Менді» басқаның орнына қоюында, өзіндік сананың даму сәті тұлғаның интеграциясымен, іс-әрекет түрткісінің байқалуы немесе расталуымен, «Меннің» қандай да бір жағынан арылумен байланысты ішкі шиеленіс болып табылады. Тұлғаның өзінің саналануының алғашқы формасы оның шиеленісті мәнін сезіну болып табылады, яғни тұлғаның қарым-қатынасының бірнеше жүйелеріне шынайы қатыстылығымен пайда болатын сол бір әрекеттің бірнеше мәндерінің санада қақтығысуы.
Кеңес ғалымы И.И. Чеснокова өзіндік сананы оның тұлғалық интегралды мінез-құлқының көрінуінде қарастырады. Өзіндік сана тұлғаның психологиялық іс-әрекетінің күрделі, интегративті қасиеті ретінде көрінеді. Бір жағынан, ол тұлғаның психикалық дамуының нәтижесін тіркейді. Екінші жағынан, өзіндік сана әрекетінің ішкі реттеушісі ретінде тұлғаның болашақ дамуына әсер етеді. Өзіндік сана – тұлға даму үздіксіздігінің ішкі жағдайларының бірі, ол сыртқы әсерлер арасындағы тепе-теңдікті, тұлғаның ішкі күйін және оның мінез-құлық формаларын қалыптастырады.
Жалпы алғанда субъектінің әлемді, басқа адамдарды және өзін-өзі қабылдау ерекшеліктері психосемантикалық бағыт көзқарасымен тұлғалық-мәнділік жасалуларға немесе тұлғалық семантикалық жүйелерге байланысты. Ол әлеуметтік мәндердің интериоризацияланған жүйелеріне тұлғалық мәндер беру жолымен қалыптасады. Олар қабылдауға құштарлықты және қоршаған шындыққа, басқа адамдарға және өзіне-өзі қатынасын индивидуалды психика деңгейінде қарастырады.
Қазіргі таңда батыс психологиясында өзіндік сана түсінігі әр түрлі түсіндірмелерге ие. Біріншіден, индивидтің өзіне қатынасы ретінде және оның ой толғанысы болып анықталады. Екіншіден, өзіндік сана мінез-құлықты басқаратын және тұлғаның қоршаған ортаға бейімделуін анықтайтын психикалық процестер жиынтығы ретінде ұсынылады. Сонымен қатар, егер АҚШ- та «Мен» және «Мен-тұжырымдамасын» жиі қолданатын болса, ал батыс-еуропалық зерттеулерде «Мен бейне», «Мен қабылдау», «Мен репрезентация», «Өзіндік сана» сияқты терминдер жиі кездеседі.
Шетел зерттеулерде «Мен-тұжырымдамасы» ұғымы өзіндік сана дамуының жоғарғы деңгейін бейнелейді, сондықтан ол тек ересектерге, кейде ғана жеткіншектерге қолданылады.
Өзіндік сана мәселесін зерттеуші авторлар екі бағыттан бастау алады: феноменологиялық және психоаналитикалық. Феноменологиялық бағыт өкілдері индивидпен саналанған өзіндік қабылдауды зерттеуді және әлеуметтік (У. Джеймс, Ч. Кули, Д. Мид, Г. Олпорт), индивидуалистік (К. Роджерс), интеграцияланған (Р. Леккюе, Ж. Ловингер) бағыттарды ажыратады.
Ал, психоаналитикалық бағыттың өкілдері индивид психикасының саналанбаған жақтарының болатындығын атап айтады. Оны тек осы әдісті қолдану арқылы зерттеуге болады (З. Фрейд, Э. Эриксон). Психоаналитиктер «тұлғалық сәйкестік» ұғымын қарастырады.
Психологияда сәйкестік терминінің пайда болуын Э. Эриксон есімімен байланыстырады. Ол оны тұлғаның ішкі үздіксіздігі және тепе-теңдігі ретінде анықтады. Сәйкестікке ие болу – жағдайдың, рөлдің, өзіндік қабылдаудың өзгеруінен тәуелсіз, өзгермейтін тұлғаның өзін, өзінің болмысын сезіну. Яғни, өткен шақ, осы шақ және болашақ тұтастай бастан өткеріледі, адам өзіндік үздіксіздігі мен осы үздіксіздікті басқа адамның мойындауы арасындағы байланысты сезеді. Э. Эриксон бойынша сәйкестік сезімі мақсатқа бағытталғандық сезімімен, өз өмірінің мәнденуімен және сыртқы мақұлдауларға сенімділікпен расталады.
Батыс психологиясында жеке тұлғалық сәйкестік теориясында феноменологиялық бағыт Дж. Мид өңдеген әлеуметтік бағытпен қысқаша көрсетілуі мүмкін.
Дж. Мид сәйкестік немесе «Меннің» астарын адамның өз мінез-құлқын және тұтастай өмірін біртұтас қабылдау қабілеті деп түсінді [52]. Ол сәйкестікті саналанатын және саналанбайтын деп бөлді. Оның пікірінше, саналанбайтын сәйкестік санадан тыс қабылданған нормаларда, әдеттерде негізделеді. Бұл адамның өзі жататын әлеуметтік топтан түсетін, қабылдаған үміттер жиынтығы. Саналанатын сәйкестік адам өзі және өзінің мінез-құлқы жайлы ойлана бастағанда пайда болады. Осылайша сәйкестіктің саналанбайтынынан саналатынына ауысуы рефлексия болғанда ғана мүмкін болады.
Тұлғалық өзіндік сана зерттеуінде кеңес және шетел бағытының шолу анализі көзқарастарда көптеген ұқсастықтарды көрсетеді. Біріншіден, өзіндік сана — өзін-өзі тану іс-әрекетінің нәтижесі, екіншіден, білімге «қосымша» ғана емес, таңдау мәселесін шешу нәтижесі немесе іс-әрекет мәндерінің шиеленісін шешу. Сонымен қатар өзіндік сананың даму кезеңі саналанатын, саналанбайтын болып бөлінеді, оның бастауы — өзіндік рефлексия болып табылады.
Этностық өзіндік сана анализденген өзіндік сана аналогиясы бойынша қандай да бір этностық топқа тиістілігі бойынша тұлғаның рефлексиясы болып табылады. Ол көптеген «Меннің» бірі болып табылады, тұлға сезіне алатын тиістілік сезімі.
Кеңес заманауи психологиясында зерттеудегі бірнеше бағыттарды бөліп қарауға болады. Бұл бағыттар этностық өзіндік сананың қандай құрылымдық элементтері маңызды болып қарастырылатынына байланысты.
Психологтардың барлығы этностық өзіндік сананың үш аспектілі құрылымын мойындайды (үш компонентті, үш деңгейлі): мазмұндық (когнитивті), эмоциялық және мінез-құлықтық компонент [53].
Мазмұндық аспектіге келесі элементтер жатады: этностық топтар, олардың ерекшеліктері, топтардың арасындағы «мәдени арақашықтығы» жөніндегі этностық білімдер; автостереотиптер; өзіндік сәйкестіктің (немесе этноинтерациялаушы белгілер) негізделуін ұғыну, өзіндік идентификация. Аффектілі немесе эмоциялық аспектіге этностық топқа мүше болудың мәнділігі жатады. Динамикалық, мінез-құлықтық — өзінің және басқа этностық топтардың қарым-қатынасындағы аттитюдтар, топаралық өзара әрекет стратегиялары.
Этностық өзіндік сананың маңызды элементі құндылықты бағдарлар болып табылады, олар аттитюдтар мен топаралық стратегиялар қатарында этностық өзіндік сананың динамикалық аспектісін құрайды.
Этностық өзіндік сананы зерттеу және анализдеу барысында авторлар қандай да бір құрылымдық элементтердің маңызды рөлін мойындайды.
Олардың ішіндегі зерттеуге тікелей қатысы бар кейбіреулерін ғана қарастырамыз.
Этностық өзіндік санада әлдеқайда аз зерттелетіні эмоциялық компонент немесе этностық тиістілік фактісіне қатынасы болып табылады. Этностық өзіндік сананың әлдеқайда көп зерттелетін элементі этностық сәйкестік болып табылады.
Кейбір авторлар этностық сәйкесті пен этностық өзіндік сананы анықтай отырып, этностық сәйкестікті этностық өзіндік сана мәнін беруге қызмет атқарады деп есептеді.
Басқалары этностың әрбір мүшесінің этноспен сәйкестенуін этностық өзіндік сана болмысы, оның шоғырланған формасы деп тұжырымдайды.Мақаланың басын  мына сілтеме арқылы оқыңыз!
Ғалым О.Л. Романова этностық сәйкестік ұғымын және этностық топқа тиістілікті ұғыну мәселесін кеңінен ашты. Сонымен қатар этностық сәйкестіктің құрылымы бар және ол тиістілікті ұғыну элементі ретінде енеді [54]. жалғасы

Пікірлер3
  1. Бахытжамал

    Біршама материал пайдаландым

  2. Мөлдір

    мақала ұнады рахмет, бізге пайдасы зор болды.

  3. Maira

    Ұлттық сана ұлттың әлеуметтік, саяси, экономикалық, адамгершілік, эстетикалық, философиялық және діни көзқарастары мен пікірлерінің жиынтығын білдіреді. Осылардың барлығы ұлттың рухани дамуының белгілі бір деңгейін бейнелейді. Ұлттық сананың келесідей ерекшеліктері бар:
    — ұлттың ұзақ мерзімді тарихи дамуының нәтижесі болып табылады;
    — келесі элементтерден тұратын өзіне ғана тән құрылымы бар;
    • ұлттық сана сезім осы құрылымның ең негізгі компоненті ретінде;
    ▪ ұлттың өзінің тұтастығын, бірлігін саналы түсінуінің маңыздылығы;
    • өзінің материалдық және рухани құндылықтарына күтіп қарау.
    Екі деңгейде болады:
    • теориялық – бұл ғылыми жүйеленген құрылым немесе тарихи даму үрдісінде қалыптасқан ұлттың идеологиялық көзқарастарынан, идеяларынан, ережелері мен құндылықтарынан тұратын идеология, оның қызметі ұлт дамуының болашақтағы стратегиясын анықтау;
    • обыденный – бұл ұлттың қоғамдық психологиясы және ол күнделікті өмірден көрініс беретін халықтың қажеттіліктері мен қызығушылықтары, құндылықтары, мақсаттары, стереотиптері, мәдени және шаруашылық әдеттері мен ұлттық дәстүрлерінің жүйесінен тұрады.
    Бұл деңгейлер этникалық бірлікте әлеуметтену үрдісі қалыпты болған жағдайда ғана ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Этникааралық мәдениетке ену немесе керісінше өздерін өзге халықтар, ұлттармен салыстыра отырып, өзге ұлттардың нормалары және құндылықтарымен байланысады.
    Жалпы ұлттық қызығушылықтар кез-келген ұлт өмірінен маңызды орын алады және оның психологиялық негізі болып табылады. Ұлттық қызығушылықтар ұлттың іс-әрекеттерінің қозғаушы, мотивациялық күші ретінде қарастырылады және оның бірлігі мен тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді.
    Ұлттық қызығушылықтардың келесідей ерекшеліктері бар:
    — ұлттық қызығушылықтардың негізін ұлттың мақсаты мен құндылықтары құрайды, олар ұлт өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы ретінде түсініледі;
    — ұлттық қызығушылықтардың ерекшелігі ұлттық талғамға негізделген, ол дегеніміз – ұлт өкілдерінің өмірдегі маңызды құбылыстар мен құндылықтарды бағалауына негізделген тарихи қалыптасқан индивидуалды ұлттық ерекшелік, жақсы мен жаманды ажырата білу. Ұлттық талғамдар мінез-құлықтан, тұрмыстан, киіне білу дәстурінен, топаралық өзара қатынастардан, өнерден, мәдениеттен, фольклордан, ұлттық биден, әуеннен, әдебиеттен және т.б. көрініс береді.
    Ұлттық мәдениет және ұлттық тіл ұлттарды біріктірудің маңызды психологиялық факторы және психологиялық негізі болып табылады. Ұлттық мәдениет – ұлттың материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы болып табылады. Ұлттық мәдениет қандай да бір ұлт өкілдерінің қызығушылықтары мен ойлауының ерекшеліктерінен, олардың тұрмыстық және өмірлік стереотиптерінен, моральдік нормаларынан, сонымен қатар тұлғааралық және топаралық әрекеттерінің ерекшеліктерінен көрініс береді. Қандай да бір этникалық бірлік өкілдерінің мінез-құлықтарының типі, олардың өмірлік іс-әрекеттері ұлттық мәдениетке негізделген. Ұлттық мәдениет ұлт өкілдерінің белгілі бір ерекше қасиеттерін, нормалары мен құндылықтарын тәрбиелейді.
    Ұлттық тіл ұлт ойы мен қарым-қатынасының көрініс беруіне тән ауызша және жазбаша тәсіл. Ұлттық тіл келесідей қызмет атқарады:
    — барлық ұлт өкілдерін бір тұтас организмге бірлестіру;
    — ұлт мәдениетіне ерекше мән беру.
    Ұлттың өзін-өзі бағалауы – ұлттың маңызды бір психологиялық негізінің бірі және нақты бір этнос өкілі болып табылатын адамның өзінің мүмкіндіктері мен сапасын индивидуалды бағалауы мен ұлттың өзге ұлттар арасында бағалауымен байланысты болып табылады. Ұлттың өзін-өзі бағалауының келесідей деңгейлері бар:
    • төмен, немесе адекватты емес төмен. Мұнда адам өз ұлты мен өзінің мүмкіндіктері мен потенциалын саналы түсінбейді не төмендетеді. Соған байланысты өзінің осы этносқа жататындығын жиі мойындамайды. Ұлттың өзін-өзі бағалауының төмен дәрежесі тұлға мен ұлтқа айтарлықтай ықпал етеді және ол келесідей көрініс береді:
    ▪ кейбір адамдарда өзін төмендету, шаршау, еріксіз мойынсыну сияқты эмоциялық күйлер пайда болуы мүмкін және мұндай күйлер ұзақ мерзімге сақталып, ұлттың эмоциялық күйіне тұтас ықпал тигізуі мүмкін;
    • тұтас ұлтта немесе оның кейбір өкілдерінде пассивтілік, инерттілік, өзінің, ұлттың болашағына немқұрайлы қараушылық сияқты қасиеттер байқалуы мүмкін.
    • адекватты төмен, бағалаудың мұндай түрінде ұлт өкілі өзінің және жалпы ұлттың артықшылығы мен потенциалын саналы түсіне алады, сонымен қатар актуалды даму деңгейінің жеткіліксіздігін, ұлттың этникааралық және ұлтаралық өзара әрекетке қосатын үлесінің жеткіліксіздігін де түсінеді. Бірақ осыған қарамастан осы ұлттың маңыздылығы мен құндылығы жоғарыламайды, оның өкілдерінің барлық ақыл-ой және әрекеттік белсенділіктері ұлттың потенциалын дамытуға бағытталған;
    • адекватты жоғары – бағалаудың мұндай түрінде ұлт өкілдері өздерінің осы ұлтқа жататындығын мақтан етеді, себебі оның маңыздылығы мен құндылығын, этникааралық және мемлекетаралық қатынасқа қосар үлесін саналы ұғынып, түсінеді. Бұл ұлттың құндылығы мен маңыздылығы өзге ұлттардың артықшылығы мен мүмкіндіктерін төмендетпей, адаекватты түрде бағаланады. Ұлтты адекватты жоғары бағалай алатын адамдарға өзіне, және өз ұлтына деген сый мен мақтаныш сияқты қасиеттер тән.
    • өте жоғары немесе адекватты емес жоғары, осындай бағалаудың нәтижесінде индивид өзге ұлттарды төмендете отырып, ұлттың және өзінің артықшылығы мен маңыздылығын асыра бағалайды. Асыра бағалау ұлтқа және оның өкілдеріне келесідей ықпал етеді:
    ▪ өзіне және өзге ұлттарға қатысты өркөкіректік, менмендік, жоғары амбиция сияқты қасиетер қалыптасуы мүмкін,
    ▪ өзге халықтармен қарым-қатынас кезінде әр түрлі этникааралық дау-дамайлар туындауы мүмкін.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ