Туған күнге сыйлық

Тақырыбы:  Туған күнге сыйлық мастер-класс

Мақсаты:

Ертегі желісі арқылы түрлі тапсырмаларды орындай отырып, балалардың қарапайым математикадан алған білімдерін қолдана білуге,өз беттерімен жұмыс істей білуге үйрету.

Саусақ маторикасын дамытуға арналған  дидактикалық материалдарды пайдалана білуге ойындар, жаттығулар, түрлі тапсырмалар орындау  керек, ұсақ моториканы жетілдіруде музыкалық сергітулерді орындай отырып балалардың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтарын ояту

Қоршаған ортаны, жабайы аңдарды, табиғатқа қамқор болуға баулы.

Балалардың  ойлау қабілеттерінің дамыту

кішкентай балалар

Қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта,сиқырлы тақтай,  пішіндер үлестірмелі материалдар т.б көрнекі құралдар

Әдісі:әңгімелесу,баяндау

Барысы:

тәрбиешіге
1. Жалпы баланың интеллектуалды дамуына әсер етеді.
2. Жазуға жаттығады.
Қарапайым жаттығулар арқылы,баланы естуге және де, көргенін,естігенін жадында сақтап қалуға пайдасы орасан зор.

Ойынның шартымен таныстыру жұмысын үш кезеңге бөлеміз:


1. Балаларға ең алдымен орындайтын жаттығуларды көрсетіп, содан — соң оның орындау тәсілін мұқият түсіндіріп көрсетуіміз қажет.
2. Ұсынған жаттығуды баламен бірге орындаймыз, қимыл іс әрекетті сөзбен түсіндіріп отырамыз.
3. Балаға өз бетімен жұмыс жасауға ұсыныс жасаймыз

Ұсақ моториканы дамыту барысында біз осы нәтижеге жетеміз:

1.Сөйлеу тілі жетіледі.
2.Қимыл қозғалыс қабілеті артады.
3.Икемділігі арта түседі.
4.Логикалық ойлау қабілеті дамйды.
5.Танымдылық деңгейі артады.
Ойындар арқылы, біздер баламен қарым- қатынасты нығайтып, баланың өз- өзіне деген көз қарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз.
Бала ыммен, ишаратпен сабақтан алған әсерін, көргенін, естігенін айтып беруге тырысады. Осының бәрі де, баламен әр түрлі ойын ойнап, моторикасын дамытқанның нәтижесi, — деп ойлаймын.

Құрметті, балалар бүгін біз ертегілер елінде ,сиқырлы ормандамыз. Сол сиқырлы орманның тұрғындары:  (балаларға ұсыныс аңдарға ат қою)

Арыстан патша, Ұзынмұрын піл, Қоян Қорқаққызы өмір сүріпті. Бір күні Қарлығаш Жанашырқызы ұшып келіп,оларды туған күніне шақырады.

Балалар туған күнге бару үшін бізге не керек?

Балалар:  Сыйлық

— Өте дұрыс

— Ал ендеше, мен қарлығашқа, қуыршақ сыйлаймын,– деді арыстан салмақтанып.

-Қане, балалар алдымыздағы пішіндердің көмегімен дәл үлгідегідей етіп қуыршақ жасайықшы. Дене пішіндері мен түстерін атату.

-басы қандай пішін?

— дөңгелек,

— денесі ше

-тік төртбұрыш, қолы үшбұрыш, етегі үшбұрыш,

Үлгі:

тік төртбұрыш, қолы үшбұрыш, етегі үшбұрыш

-Жарайсыңдар ! Қуыршағымыз дайын болды.

-Ал, піл өте қарапайымдылықты ұнатады. Ол досына қолшатыр сыйлауды шешті.Ол үшін сиқырлы тақтайшаны алып, резинакалардың көмегімен сандарды пайдалана отырып, қолшатыр жасайық.

Үлгі:

қарапайым математика

-Міне, балалар қолшатырымыз да дайын болды.

-Балалар шаршадыңдар ма?Ендеше орындарымыздан тұрып сергіп алайықшы.

Балалар ,бұл жай сергіту емес, ойнай отырып ойлаймыз.

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті міне, керегі

Екеуі терек қасында,

Біреуі терек астында.

Қанша болды есепте,

Тоқылған салсақ, себетке

Балалар ,қане санайықшы( балалар тәрбиешімен бірге себетке салынған саңырауқұлақты есептейді.)

Ал, қоян болса, қарапайым бір тақтайшалар тауып алды.

Мұны не істейсің,- деп достары қоянға көп күлді. Мынаның үстіне отырып ойнай ма?- деп күлісті.

Қоян үндемей тақтайшаның тесіктері арқылы жіпті өткізе бастады.

Достары:

-Бұл жай ғана төртбұрыш болды ғой.достары тағы күлді

Қоян үндемей ғана жіптердің орнын ауыстыру арқылы әдемі бантик жасады.

Үлгі:

бантик жасау

-Өте керемет. Үшеуінің де сыйлықтары дайын болды.

-Енді бізге тағы не керек?

Балалар:

— Гүлдер

— өте жақсы

Түлкі үш күлтелі гүл алды.

Аю төрт күлтелі гүл алды

Қоян  бес күлтелі гүл алды. Балалар алдарындағы күлтелерді пайдаланады.

Туған күнге сыйлық

Балалар, орман тұрғындары қарлығаштың туған күніне қызу дайындалып жатыр екен, қане, біз де олармен бірге «Қамажай» биін билейміз бе?

Балалар, бүгінгі үйренетін жаңа сөздеріміз:

Арыстан-лев-

Піл-слон-

Қоян-заяц-

Жаңа сөздер бірнеше рет қайталанады.

Сыйлығымыз дайын, гүліміз дайын. Енді біздің алдымызда екі жол тұр, – деді арыстан,қайсысымен барамыз?

Алдымыздағы қағаз, қаламымызды алайық

І- жол екі қадым алға, екі қадам жоғарға, екі қадам жанға, екі қадам төменге , екі қадам жанға.

-ІІ жол екі қадам алға, екі қадам төменге,екі қадам жанға,екі қадам жоғарға, екі қадам жанға

Балалар қай жолмен жүрсек екен?

Аю ойланып: екеуі де тең- деді

-Дұрыс-ақ.

Міне,біз сыйлықтарымызды алып қарлығаштың үйіне келдік.

математика сабағы балабақша

Балалар сендерге ұнады ма?

Сау болыңдар!

Қорытынды:

Нені біледі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қолданады.

Қандай түсініктерді игерді: түрлі дидактикалық материалдарды қолдана алады

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Саусақ маторикасына арналған тапсырмаларды орындауға дағдыланды

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Мөлдір Жұмажанова

    Көөөп рахмет, сыйлық сыйлау адамның жанына жылу береді!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ