Түбір мен қосымша

Сабақтың тақырыбы : Түбір мен қосымша.

Сабақтың мақсаты: Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру .

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың сөздік қорын байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.Грамматикалық талдау арқылы ой-өрісін дамыту.

Дамытушылық:Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу, қабілеттерін дамыту, сөздерден сөйлем құрау , дағдысы жетілдіру.

Тәрбиелілік:  Ұстамдылыққа, әдептілікке, тазалыққа, жинақылыққа,  тәрбиелеу

Көрнекілігі:     дидактикалық материалдар, сызбалар, интерактивті тақта.

Түрі: білім мен іскерлікті игеру.

Әдіс-тәсілдері: Талдау, сұрақ-жауап, ой қозғау, қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Қазақ тілі, ашық сабақ, Түбір мен қосымша, Оқушылардың, ой-өрісін дамытуПәнаралық байланыс: Ана тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

      Оқушыларды  түгелдеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Денелерін тік ұстап отыру керектігін ескерту.

Психологиялық тренингі

Үй тапсырмасын тексеру.

Эдвард де Боно “6 ойлау шляпасы”технологиясы бойынша өтілген сабақты қорыту.

Ақ қалпақтың сұрағы               Түбір дегеніміз не?Қосымша дегеніміз не?

Сары қалпақтың сұрағы:         Мына сөздерге қосымша жалғап айт.Етік, егін, қар.

Қызыл қалпақтың сұрағы Мақалды оқы қарамен жазылған сөздерді салыстырып

ерекшелігін айт.

                                                                                  Еңбек ер атандырады.

 Еңбектің түбі-рахат.

Жасыл қалпақтың сұрағы                            Өлеңді мәнерлеп оқы.

Мен ғарышкер болмын

Аспан,аспан,арайлым,

Саған  жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын

Мен ғарышкер боламын!

Ғарышкер сөзінің түбірі мен қосымшасын тап.

                                                                               Қандай ғарышкерлерді  білесің?

 

Көк  қалпақтың сұрағы                  Түбірге қосымша не үшін жалғанады? Мысал келтір.

ІV. Жаңа  сабақ

Түбір дегеніміз-сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі.

Мыс: қала,орман,көше,жұлдыз

Түбір сөздің белгісі-                   .

Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз: қала-ға,орман-да,көше-мен, балық-шы

Кубизм  әдісімен. Оқулықтағы  жаттығулар орындалады

1-жаттығу.

2-жаттығу

3-жаттығу

4-жаттығу

     V. Өзіндік жұмыс.         №2.жұмыс дәптеріндегі  тапсырмаларды орындау.

ashik-sabak-kazakh-tili10

 

VI. Ой  сергіту.

“Доп лақтыру” ойыны арқылы

                                                           1 – қатар

“Ай”  сөзінен  басталатын қыз  балалар  есімдерін ата.  

                                                           2 – қатар

“Ер”  сөзінен  басталатын ұл балалар есімдерін  ата.

 IX. Сабақты қорыту

Сызба әдісі бойынша қорыту

ashik-sabak-kazakh-tili20

Жүректен — жүрекке


        Әр күнің  ашық болсын!

        Жүздерің  жарқын болсын!

                                                               Талаптарың таудай болып,

                                                               Сарқылмайтын  білім болсын!

VIII. Бағалау.

IХ. Үйге  тапсырма.

 5 – жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны тауып қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

Пікірлер6
  1. Ира

    сабақ жоспары жақсы құрылған.Әркімнің өз ойы болады.Керек жерін өзгертсе болғаны.

  2. Акмолдир

    Сабаққа арналған жоспар жақсы құрылған. Маған ұнады. әр мұғалім өзіне керек жерін өзгертіп алар деген ойдамын! Жарайсыздар әріптестер!!!

  3. Лиза

    Сабақ жақсы. Тек дайын күйде. Тағы толықтырып, бір екі жерін өзгертіп жіберуге болады екен

  4. Марзия

    сабағыңыз маған ұнады. ҚМж сабақ жоспары болса . Алар едім.2-сыныпқа.

  5. Asemai

    ұнады

  6. Alsu

    Шынымды айтсам,маған ұнады деп айта алмаймын.Жаман деп те айта алмаймын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ