Тіл ұстарту жаттығулары

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Қыс туралы
Ыс – ыс – ыс,
Келіп жетті қыс.

Ар – ар – ар,
Жауады қар.

Яз – яз – яз
Сақылдаған сары аяз.

Ран – ран – ран,
Соғады боран.

На – на – на,
Зулайды шана.

Күз туралы
Үз – үз – үз,
Жаңбырлы Күз.

Рақ – рақ – рақ,
Саулайды жапырақ.

Ел – ел – ел,
Соғады жел.

Іс – іс – іс,
Піседі жеміс.

Дай – дай – дай,
Жинаймыз бидай.

Көктем туралы
Тем – тем – тем,
Көңілді көктем.

Ыр – ыр – ыр,
Жауады жаңбыр.

Ғай – ғай – ғай,
Жарқылдайды найзағай.

Шек – шек – шек,
Шығады бәйшешек.

Ал –ал –ал,
Төлдейді мал.

Жаз туралы.
Аз – аз – аз,
Жайдары жаз.

Үн – үн – үн
Ыстық күн.

Ға – ға – ға,
Шомыламыз суға.

Яқ – яқ – яқ,
Жүреміз жалаң аяқ.

Иын – иын – иын,
Болады көп ойын.

til-ustartuҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ТУРАЛЫ
Ие – ие – ие,
Маң – маң басқан түйе.

Та- та – та,
Жібек жүнді бота.

Иыр – иыр – иыр,
Сүт береді сиыр.

Зау – зау – зау,
Мөңірейді бұзау.

Қы – қы – қы,
Кісінейді жылқы.

Шақ – шақ – шақ,
Құлдырайды құлыншақ.

Ой – ой – ой,
Қорада тұр қой.

Зы – зы – зы,
Моп – момақан қозы.

Кі – кі – кі,
Сақалды ешкі.

Ақ – ақ – ақ,
Секеңдеген лақ.

Ік – ік – ік,
Шәукілдейді күшік.

Ық – ық – ық,
Тышқан жейді мысық.
ЖАБАЙЫ АҢДАР ТУРАЛЫ
Ю – ю – ю,
Қорбаңдайды аю.

Тан – тан – тан,
Аң патшасы – Арыстан.

Ыс – ыс – ыс,
Тарғыл түсті жолбарыс.

Қыр – қыр – қыр,
Бұл көкжал қасқыр.

Іл – іл – іл,
Тұмсығы ұзын піл.

Лан – лан – лан,
Шығады жылан.

Кі – кі – кі,
Айлакер қу түлкі.

Ян – ян – ян,
Қорқақ қоян.

Пі – пі – пі,
Тікенекті кірпі.

Ін – ін – ін,
Жаңғақ жейді тиін.
ҚҰСТАР ТУРАЛЫ
Пан – пан – пан,
Сап – сары балапан.

Ұс – ұс – ұс,
Ұшты үлкен құс.

Ғай – ғай – ғай,
Жем шоқиды торғай.

Ға – ға – ға,
Тал басында қарға.

Ғаш – ғаш – ғаш,
Ұя салды қарлығаш.

Бұл – бұл – бұл,
Сайрайды бұлбұл.

Қан – қан – қан,
Ала қанат сауысқан.

Дақ – дақ – дақ,
Емші құс тоқылдақ.

Қу –қу – қу,
Жүзеді қос аққу.

Уық – уық – уық,
Қыт – қыттайды тауық.

Шін – шін – шін,
Бақыт құсы көгершін.

Кек – кек – кек,
Өз атын шақырады көкек.

Рек – рек – рек,
Ұшты көлден үйрек.

Еш – еш – еш,
Шақырады әтеш.

Кіт – кіт – кіт,
Самғайды Бүркіт.
КИІМДЕР ТУРАЛЫ
Он – он – он
Тері тон.

Пақ – пақ – пақ
Киіз байпақ

Пан – пан – пан
Атам киеді шапан

Лош – лош – лош
Әжем киеді галош

Зол – зол – зол
Зерлі камзол

Я – я – я
Моншақта тақия

Ле – ле – ле
Үуілі сәукеле

Қап – қап – қап
Әдемі қолқап

Лек – лек – лек
Қос етек көйлек

Ли – ли – ли
Биік өкше туфли

Ік – ік – ік
Сәнді етік

Ди – ди – ди
Су кешетін поди

Мақ – мақ – мақ
Жылы тымақ

Пек – пек – пек
Тоқыған телпек

Ки – ки – ки
Жүн носки

ЫДЫС-АЯҚ ТҮРЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Бақ –бақ – бақ
Ас салатын табақ

Шақ – шақ – шақ
Өткір пышақ

Зан – зан – зан
Ет асатын қазан
Зы – зы – зы
Алма салатын вазы

Ман – ман – ман
Су құятын құман

Нек – нек –нек
Шай қайнайтын шәйнек

Се – се – се-
Шай ішетін кесе

Гі- гі – гі
Сүт сүзетін сүзгі

Ке – ке – ке
Шұңғыл тәрелке

Ық – ық – ық
Ас ішетін қасық

ЖАНҰЯ МҮШЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Та – та – та
Ақ сақалды ата

Е – е – е
Ақ жаулықты әже

Ке – ке – ке
Асқар таудай әке

На – на – на
Мейірімді ана

Ға – ға – ға
Қамқоршы аға

Ыз – ыз – ыз
Айназ жақсы қыз

Ла – ла – ла
Саят пысық бала

Дайындаған:
Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы,
Қарабау ауылы МКҚК «Қарлығаш» балалар бақшасының
І санатты тәрбиешісі Несіпқалиева Талшын Шадьярқызы

Пікірлер8
  1. Бекпенбетов Жаркынбек

    Бала тілін дамыту мен сөздік қорын байытуда таптырмас дүние

  2. Дилбар

    балалардың тілін ширату үшін жақсы жаттығулар екен

  3. Айдарбайқызы Ақмарал

    «Еркетай» сайттан тәрббиешілерге қажетті көп мағұлматтар алуға болады. Тіл ұстарту жаттығулары балаларға өте маңызды. Үнемі айтып, үйретіп отыру керек. Алғысым шексіз. Рахмет.

  4. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы

    Осы «Еркетай» сайтынан ұстаздарға керекті көп нәрсе алуға болады екен. Мен өзім Ш.Қ.О. Зайсан ауданындағы А. Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінде тәрбиеші болып қызмет атқарамын. Оқу қызметінде тіл ұстарту жаттығулары өте қажет боп жатады. Бұл тіл ұстарту жаттығуларын осы сайттан оңай табуға болады екен.Сайт қызметкерлеріне көп рахмет! Жұмыстарыңыз өте жақсы.Сіздерге шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін.

  5. Бакытжамал

    Рахмет, сіздерге. Осы сайттан көптеген ақпараттар алуға болады. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.

  6. Гульнара

    Cәлеметсіздерме! Маған кембридж тәсілімен 1 сынып ана тілінен орта және қысқа мерзімді жоспар керек еді, сіздерде барма?

  7. Венера

    мына сайтты тапқаныма өте қуанып тұрмын
    осындай сайттар бізге өте қажет

  8. Раушан

    кекештенуге байланысты дидактиалық ойындар бар ма

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ