Су- тіршілік көзі


Erketai / Фев.2.2016. / Пікірлер жоқ

Технологиялық карта
Күні: 20.01.2015 ж
Білім беру саласы « Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Су- тіршілік көзі»

Мақсаты: Балалардың су туралы толық түсініктерін қалыптастыру. Тәжіриебе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру.табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

su-tirshilik-kozi-1

Дамытушылығы: балалардың сөздік қорын дамыту.
Сөздік жұмыс: иіссіз, түссіз, мөлдір мұз.

 

Тәрбиелілігі: суды үнемдеуге, ластамауға тәрбиелеу.
Методикалық әдіс – тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын, тәжірибе жасату, топтастыру,венн диаграммасы.
Көрнекіліктер: суреттер(мұз, су, қасық тәжірибеге) слайд, видео.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Себептің туғызушылығын ояту кезеңдері

Ұйымдастыру-шылық кезеңі

Іздену барлау

Рефлэксивті түзетуші

Сергіту сәті

 

Венн диаграммасы арқылы «не дұрыс, не бұрыс» дидактикалық ойын.

Іс – әркетті бағалау кезеңі — Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің оқу іс –әрекетімізге балбақшаның апайлары қатысып отыр.

 

— Ендеше орнымыздан тұрып, апайларға амандасып алайық.

 

— Ал, енді балалар барлығымыз шаттық шеңберіне жиналайық.

su-tirshilik-kozi-2

«Шаттық шеңбері»
Күндей жарқырып,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырып,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі оқу іс –әрекетін бастаймыз.

 

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

 

— Қане кім айтады?

 

— Дұрыс айтасыңдар қазір қыс мезгілі.

 

— Ал маған қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші?

 

— Дұрыс, қыста қар жауады, аяз болып боран соғады.

 

— Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

 

— Сендер сол жұмбақтың шешуін тауып көріңдер.

 

Дәміде жоқ, түсіде жоқ, пайдаланбас кісі жоқ ол не балалар?

 

— Дұрыс балалар, әрине су.

 

— Ал, ендеше бүгінгі оқу іс- әрекетінің тақырыбы « Су — тіршілік көзі»деп аталады.

 

— Бүгін судың пайдасы туралы білетін боламыз.

 

— Балалар су дегеніміз не?

 

— Ал, балалар сендер сумен не істейсіңдер?

su-tirshilik-kozi-5

Дұрыс айтасыңдар балалар бізге судың пайдасы өте көп.
Қане бәріміз тақтаға назар аударайық? ( су туралы қысқа видео көрсетем)

 

— Нені көріп тұрсыңдар?

 

— Ағып жатқан суды көрдік, судың дыбысын естідік.

 

— Су барлық жерде болады өзенде, көлде болады.

 

— Балалар біз сусыз өмір сүре алмаймыз.

 

— Судың пайдасы өте көп

 

— Балалар бәріміз тақтадағы суретке қарап, судың адамға не үшін қажет екенін айтайық?

 

1. Сурет

 

— Кім айтады?

 

— Суреттегі кім?

 

— Айнұр не істеп жатыр?

 

— Дұрыс балалар,

 

Айнұр суды ішіп жатыр, суды біз шөлдегенде ішеміз.

2 сурет.

 

— Ал мына суретте кімдер?

 

— Ал, балалар Айнұр мен Гүлназ не істеп жатыр?

 

— Дұрыс балалар суды біздер жуынуға, шомылуға пайдаланамыз.

 

— 3 сурет

 

— Балалар мына суретте кімді көріп тұрмыз?

 

— Дұрыс балалар, бұл суретте өзіміздің Роза Серікқызын көріп тұрмыз.

 

— Роза апай не істеп жатыр?

 

— Балалар өте тамаша дұрыс айтасыңдар, суды біз күнделікті ыдыс жууғада пайдаланады екенбіз.

 

— 4 Сурет

 

— Ал енді балалар сурттен тағы кімді көріп тұрсыңдар?

 

— Жанар апай не істеп жатыр деп ойлайсыңдар?

 

— Дұрыс балалар суды біз кір жуғанда да пайдаланады екенбіз.

 

— 5- сурет

 

— Балалар суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

 

— Айназ бен Бану не істеп жатыр?

 

— Дұрыс балалар судың пайдасы көп, суды біз гүлдергеде де құямыз екен.

 

— 6 –сурет

 

— Ал, балалар мына суреттегі кім деп ойлайсыңдар?

 

— Иә, дұрыс балалар бұл біздің аспазшы апайымыз.

 

— Аспазшы апай не істеп жатыр?

 

— Дұрыс балалар, тамақ пісіріп жатыр екен.

 

— Ал енді тамақты немен пісіреді деп ойлайсыңдар?

 

— Дұрыс, тамақ пісіргендеде суды пайдаланамыз.

 

— Ал енді, судың кімге не үшін қажет екенін білесіңдерме?

 

— 7- сурет.

 

Сурет бойынша жеке- жеке әңгімелетемін.

su-tirshilik-kozi-3

— Көрдіңдерме балалар судың пайдасы өте көп. Суды біздер ішеміз, жуынамыз, ыдыс жуамыз, кір жуамыз,өсімдіктерге құямыз, тамақ пісіреміз.

 

— (слайд)

 

— Сусыз адам тіршілік ете алмайды, сондықтан « су – тірршілік көзі» деп атаймыз.

 

— Балалар су өмір бойы айналымда жүреді. Ол жаңбыр мен қармен жерге түседі, сосын буға айналып, арық болып өзенді құрайды, бу болып аспанға ұшып жерге қайта оралыды екен.

 

— Ал енді балалар біздер су туралы суреттер арқылы әңгімеледік.

 

— Ал , енді осы судың қасиеттерімен танысайық.

 

— Ал енді балалар, менің қолымдағы стақандағы не ?

 

— Стақандағы су қандай?

 

— Су мөлдір, таза ,исі жоқ, дәмі жоқ.

 

— Ал енді көзімізді жұмайық.

 

— (стаканға қасық саламын)

 

— Балалар стаканда қасық көрінеме?

 

— Су мөлдір екен.

 

— балалар менің қолымда мұз бар.

 

— Осы мұздан су алуға болады.

 

— Мына мұзды алақандарыма салып уқалаймын. Сонда мұз суға айналады.

 

— Ал, енді балалар шеңберге тұрып, ортадағы мұздан қалай су алуға болады, ол үшін бәріміз келіп мұзыды алақанымызбен сипайық.

 

— Не сезіндік балалар?

 

— Алақанымыз су болдыма?

 

— Дұрыс, демек мұзды жылы жерге әкелсек, ол еріп суға айналады екен.

 

— Балалар бір сергіту сәтін орындап жіберейік.
( сергіту сәті видеомен көрсетіледі)

su-tirshilik-kozi-4Дидактикалық ойын:

Балалармен сурет арқылы « не дұрыс, не бұрыс» ойынын ойнаймыз.

— Сонымен балалар бүгін біз немен таныстық?

 

— Сусыз адам өмір сүре алама?

 

— Дұрыс балалар, сусыз өмір сүре алмайды, судың пайдасын білдік,су табиғаттың бізге берген сыйы. Сондықтан да, суды төгіп – шашуға болмайды, суды үнемдеп төкпей –шашпай пайдаланайық.

 

— Балалар сендер бүгінгі сабаққа өте тамаша қатыстыңдар.

 

— Сендерге рахмет, менің сендерге арналған сыйлығым бар.
— Осымен оқу іс- әркетіміз аяқталды.

 

Балалар онынан тұрып амандасады.

 

Балалар шаттық шеңберіне жиналып, өлең жолдарын бірге қосылып айтады.

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

— Қыс мезгілі.

 

— Қар жауады, күн аяз болады.

 

Жұмбақ шешеді:

— Су

 

— Әр бала бір – бірден жауап береді.

 

— Иә.

 

— Суды ішеміз,

 

— Сумен жуынамыз

 

— Ағып жатқан суды.

su-tirshilik-kozi-6

Балалар судың пайдасын тыңдап отырады.

 

— Айнұр

 

— Айнұр су ішіп жатыр.

 

Айнұр мен Гүлназ

 

— Жуыннып жатыр

 

Роза апай

 

— Ыдыс жуып жатыр

 

— Жанар апай

 

— Кір жуып жатр

 

— Айназ, Бану

 

— Гүлге су құйып жатыр

 

— Аспазшы апай

 

— Тамақ пісіріп

 

— Сумен

 

— Су

 

— Иә.көрінеді

 

— Мұз

 

мұздың суға айналатынын түсінеді.

 

Балалар сергіту сәтін орындайды.

 

Балалар сурет арқылы не «не дұрыс, не бұрыс» ойынын ойнайды.

 

Балалар жауап береді

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: судың пайдасын білді. Судың иіссіз, дәмсіз, түссіз білді.
Нені меңгерді: ойын арқылы судың пайдасын мегерді.
Нені орындады: тәжірибе арқылы судың қасиеттерін анықтап, орындады.

Авторы: Тасимова Әселхан Амангелдіқызы

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!