Тазалықты сүйеміз

Тақырыбы: «Тазалықты сүйеміз!»
Мақсаты: Балаларға тазалық туралы ұғымды айтып өту. Балалардың ой-өрісін
дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әр түрлі суреттер.
Билингвалдық компонент: су – вода, таза – чисто.
Инклюзинвтік әлеумет: Балаларға тазалық туралы үйрету.

Оқу іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті Ата-ананың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.
Әлемдегі бар адамға,
Біз жақсылық тілейміз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?-Күз!
— Күз мезгілінің қай айы?-Қыркүйек!
— Күз мезгілінде ауа райы қандай? cуық

Ізденіс ұйымдастырушы — Балалар, таңертең біз ұйқыдан тұрғанда не істейміз?
— Бет-қолымызды жуып қайда келеміз?
— Дұрыс балабақшаға келген соң таңғы жаттығу жасаймыз»
— Қане ендеше жаттығуды қалай жасайды екенбіз?
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Бір отырып , бір тұрып
Біз шынығып аламыз.

-Ал, одан кейін не істейміз?
-Дұрыс таңғы асымызды ішеміз.
-Ас ішпес бұрын не істейміз?

тазалықЕндеше орнымыздан тұрып қане менің айтқан шумақты қайталап, іс-қимылмен көрсетейікші
Ас ішуге тұрайық
Қолымызды жуайық
Сабын суды аямай Тазалықты ұғайық

-Балалар, бір жылаған дауыс естіледі. Кім болды екен? (Жалқаубек топқа кіреді)
Балалар, бұл Жалқаубек қой!
Жалқаубек неге жылап тұрсың?
Жалқаубек:
-Ішім ауырды!
Біздің Жалқаубектің іші ауырып жатыр
Мұндай жағдай болғанда біз не істеуіміз керек?
Дәрігерге хабарлайық!

(телефонмен звандайды)
-Алло, сәлематсыз бе дәрігер. Біз «Дәния» балабақшасынан хабарласып тұрмыз. Біздің Жалқаубек ауырып қалыпты, көмекке келіңізші?
Дәрігер:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Не болып қалды?

Дәрігер:
-Неге ішің ауырады, бір нәрсе жеп қойдың ба?
Жалқаубек:
-Алма жедім

-Алманы жуып жедің бе?
Жалқаубек:
-Жоқ жуған жоқпын!
Дәрігер:
-Балалар бірінші күн тәртібін білу керек, уақытысымен дем алып , дұрыс тамақтанып, спорт түрлерімен шұғылдануымыз керек. Ертеңгілік жаттығу, тыныс алу жаттығуы, таза ауада көбірек серуендеуіміз және үнемі жуынып, таза жүруіміз керек.

Дәрігер:
-Ендеше балалар, Жалқаубекті алып кетіп емдеп, жазайын. Сау болыңдар балалар!
(Жалқаубек пен Дәрігер шығып кетеді)

-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, алманы жуып жеу керек пе?

-Көрдіңбе Жалқаубек осы айтылған күн тәртібін ерінбей орындауың керек. Сонда деніміз сау күшті болады екенбіз. Әрдайым тазалықты, әдептілікті біліп жүруіміз керек.
-Солай ма, балалар!
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Баққа біз барамыз
Алма жинап аламыз.
-Қане балалар, ойын ойнағыларың келеді ме?

Ойын: «Алма жинау»
Шарты: талда жабыстырылып тұрған алмаларды жинайды

Рефлексивті түзету
Қонаққа кім келді?
Сөздердің орысша баламасын қайталап, үйрету. Балалардың жауабы және орысша баламасын қайталап, үйренеді.
Күтілетін нәтижелер:
Түсінеді: Тазалық туралы түсінеді
Қолданады: Денсаулыққа пайдалы іс-қимылдарды жасайды.
Жаңғыртады: Орысша баламасын үйренеді.
.

Пікірлер1
  1. Бибигул

    Тазалық -денсаулық кепілі

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ