Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым

«Адамның адамшылығы –ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы  құрбы, жақсы  ұстаздан  болады.» А. Құнанбаев

        «Әркім өз жолын тауып  кететіндей  бала тәрбиесі  жеңіл  нәрсе  ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай  тауып  айтылған  даналы  сөз  десеңізші. Тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешілетінін, оның  білімді  тұлға  болып  қалыптасатынын, елдің  берік  тірегі  болатынын  көрсетеді.
Эссе, тарбиеге байланысты, бала тәрбиесі, ұлттық тәрбие, балалар, ұстаз еңбегі

  Балалар  тәрбиесіне,  келер ұрпақ  тәрбиесіне  қай  кезеңде  болса  да,  қай  елде, қай  ұлтта  болмасын  үлкен  мән  берілген  ғой. Өйткені  бала – біздің  болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті.

Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты.

«Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты.

Алайда, жұмысымызда байқап жүргеніміздей ата-аналарымыздың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктер де көрініс беруде.

Кейбір ата-аналар: «Баламды киіммен, тамақпен қамтамасыз етем, білім, тәрбие беру – мектептің ісі» деп түсінетін ата-аналар да кездеседі. Бала тәрбиесін тек мектепке ғана аударып қоймай, ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жасау, ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де тиімді.

Erketai / Ноя.21.2013. / комментариев 10

комментариев 10 Пікір қосу

  • Өте дұрыс айтылған мақаланһңыз. Маған ұнады. Қазірі уақытта баланың тәрбиесі басты назарда. Баланы жастан деп бекер айтпаған. Баланы тәрбиелеу ол үлкен бір ерлік деп білем.

  • өте дұрыс жазылған тұжырым. ең алдымен бала ата-ананың бақыты, мақтанышы, екінші кезекте ғана мұғалім тұратыны айқын

  • өте дұрыс жазылған тұжырым келісемін

  • Маған өте ұнады. Мен бұл тұжырымыңызды өте дұрыс деп ойлаймын

  • өте жақсы

  • Салеметсіз бе? маған осы ээсеңізді жибере аласыз ба? өте қатты ұнады.

  • эссе өте жақсы өз ойы қосылып жазылыпты.

  • өте жақсы жазылған, маған ұнады

  • Cіздің эссеңіз өте мазмұнды, ауқымды жазылған. Маған ұнады

  • Жақсы жазылған. Өзім бала болсамда мағынасын түсініп оқыдым.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!