Сөздермен дыбыстар

Сабақ түрі:Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы:«Сөздермен дыбыстар»
Сабақтың мақсаты:1. Сөз, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру.

2. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты,

дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру.

3. Есту қабілетін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте әріптер.Сөз, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру 

Сабақ барысы:

Балалар назарын өзіме аударып, есік қағамын, олардан не естігендерін сұраймын.

—         Дұрыс балалар, сендер дыбыс естідіңдер.

—         Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-А десек. Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа . М; Д дыбысы. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік.

—         Айырмашылығы қандай? Енді осы дыбыстардан сөз құрайық.Алдарыңда тұрған суреттерден көрген заттардың аттарын атаңдар.

—         Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Қуыршақ бұл ойыншықты білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. Сөз дыбыстан құралады.

—         Енді балалар «Ана» сөзін талдайық. «Ана» деген сөзде  неше дыбыс бар?

—         Дұрыс айтасыңдар, ана сөзі үш дыбыстан құралған. Келесі сөзді өздерің ойлап, неше дыбыстан тұратынын айтыңдар.

Балалардың жауабы тыңдалады.

Алфавит сыры:

Алфавиттің А тұрады басында.

Әрқашанда Ә тұрады қасында,

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде? Түсінші.

А деген ол –

Аналар ғой ардақты.

Ә деген ол –

Әкелер ғой салмақты,

Б деген ол –

Балалар ғой әдемі,

Біздің елде

Үшеуіде кәделі….

Алшақ кетпей,

Сондықтан да, расында,

Тұрады олар

Алфавиттің басында!

—         Жақсы балалар , енді дыбыспен сөздің айырмашылығы неде? соны айтып беріңдерші.

—         Дыбыс қандай болады?

—         Жан – жануарлар қалай дыбыстайды?

Қорытынды:

Балалар бүгінгі тақырып бойынша мағлұмат алды. Ең көп сабаққа қатысып отырған бала мадақталды.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер9
  1. Арай

    Сөздер мен дыбыстардың айырмашылығын жеңіл ,оқушыларға түсінікті түсіндіруге жақсы көмек. Қазіргі Әліппе бұрынғы Әліппеге қарағанда күрделірек

  2. Риза

    Сабақ құрылымы жақсы.Пайдамызға жаратамыз

  3. Лиза

    Сабақтың құрылымы жақсы! Арасына топтық жұмысқа әр түрлі жан жануарлардың дыбысын салып атын табатын ойын ұйымдастырып жіберуге болады екен

  4. Гулмира

    Сабақты жақсы жоспарлаған маған ұнады

  5. Гульбарам

    «Cөздер мен дыбыстар» сабағынан өзіме керек мағлұматтар алдым, рахмет!

  6. Нукебаева Асель Саякхановна

    Кеш жарық,Еркетай ұжымы.Сөздермен дыбыстар тақырыбында өткізілген сабақ құрылымы өте жақсы .Бұл жерде ең басты дыбыстан сөз туылатыны нақты айтылып көрсетіліп кеткен.Өз сабағыма осы сіздердің тақырыпты ашқандарыңызды қолдансам деген ой туындап отыр.Есікті қағып,не естідік? деген Миға шабуыл өте жақсы ұнап отыр.Рахмет осындай идеяларыңызға.Балаларға жеңілден күрделіге тәрбиелейтін,оқу мақсатына жеңіл қол жеткізу жолдарың көрсетіп отырғандарыңызға рахмет.

  7. Актоты

    Кәзіргі таңда дыбыс, әріп дегеніміз не, дыбыс нешеге бөлінеді, дауысты дыбыстың жуан және жіңішке, ал дауыссыз дыбыстың үнді, ұяң, қатаң болып бөлінетінін мектепалды даярлық топтарында білу қажет. Мен бұл оқу іс-әрекетіне әліде толықтыру керек деп ойлаймын. Бұл менің өз ойым мектепалды даярлық тобының тәрбиеші ретінде.

  8. Бахтыгуль

    Сабақтың құрылымы өте жақсы жасалған.

  9. Арайлым

    Сабақ өз деңгейінде өткіліген. Дыбыстарды, сөздерді балалар толық ажырата білген. Сабақ ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ