Сергіту жаттығулары

Балаларға арналған сергіту жаттығулары:
Сұр қоян.

Отыр екен бір қоян,
Ұзын құлақ сұр қоян.
Міне – міне.

Отырыстан тоңады,
Шапалақты ұрады.
Шақ – шақ, шақ – шақ.

Көп тұрмастан аяқты,
Топылдатар аяқты.
Топ – топ, топ – топ.

Қонжық.

Қорбаңдаған қонжық,
Орманда келеді.
Әнін айтып маймаңдап,
Бүршіктер тереді.
Саудыраған бүршіктер,
Маңдайға тиеді.
Ашуланған қонжық,
Жерді кеп тебеді.

sergitu-zhattigulari

Мүйізді ешкі.

Мүйізді ешкі келеді,
Топ – топ, топ – топ.
Сұсты көзбен қарайды,
Тақ – тақ, тақ – тақ.

Кімде — кім сүт ішпесе,
Тойып тамақ жемесе,
Мүйізді ешкі келеді,
Сол баланы сүзеді.

Қоңыздар.

Көк шалғында қоңыздар.
Би – билейді айнала.
Оң аяқпен топ – топ,
Сол аяқпен топ – топ.
Екі қолды жоғары, жоғары.
Көтереді жәй ғана.
Қане кімнің қолдары,
Көрінеді жоғары.

Пікірлер4
  1. Дилбар

    Сергіту жаттығулары жақсы өз сабақтарымда қолданып көремін

  2. Жанар

    Сергіту сәтінің жаңа түрлерін тапқаныма қуаныштымыз.

  3. Меруерт

    Cәлеметсіздер ме! Еркетай сайтындағы балабақша балаларына арналған жаттығулар мен сергіту сәті өте жақсы екен.Маған қатты ұнады.Өзім де осыларда қолданамын.

  4. ТОЛГАНАЙ

    ӨТЕ ЖАҚСЫ САЙТ ЕКЕН

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ