...

Cергіту сәтіне арналған тақпақтар

Мен орыс тілінде білім алатын сыныптарда қазақ тілінен сабақ беремін, бастауыш сыныптарда міндетті түрде сергіту сәтін өткіземіз. Ол міндетті түрде болуы керек. Сондықтан әр мұғалім үшін пайдалы болар деген ниетпен өзім сабақта қолданып жүрген сергіту сәтіне арналған тақпақтарды ұсынып отырмын.

 ***

Мынау- менің отбасым.

Танысыңдар, достарым.

Мынау- әкем, бұл шешем,

Інім, әпкем және мен.

Менің халім тамаша,

Сіздікі де тамаша!

Сенің халің жақсы ма?

Оның халі жақсы ма?

Барлығы да тамаша!

***

sergitu takpaktari

***

Оң қолымды көтерем,

Оң қолымды түсірем,

Сол қолымды көтерем.

Сол қолымды түсірем.

Оңға қараймын,

Аяқты топ-топ басамын,

Солға қараймын.

Біраз сергіп аламын.

***

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

***

Шешем менің  — дәрігер,

Адамдарды ол емдер.

Әкем менің – инженер,

***

Қаламызды көркейтер.

Ойыншықтар бар сенде,

Ойыншықтар бар менде.

Ат пен доп бар Есенде,

Қуыршақ бар Әселде.

***

Бір, екі, үш,

Сан үйрену күш.

Үш, төрт, бес,

Санай біл тез.

***

Кітап жатыр сөмкеде,

Қалам жатыр үстелде.

Дәптер жатыр партада,

Бәрі- бәрі орнында.

***

Бәрі оянады

Күн, күн, күн.

Бәрі ұйықтайды

Түн, түн, түн.

***

Бірінші күн- дүйсенбі

Екінші күн – сейсенбі

Үшінші күн – сәрсенбі

Төртінші күн — бейсенбі

Бесінші күн — жұма

Алтыншы күн- сенбі

Жетінші күн- жексенбі.

***

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

***

Ақмарал, мектепке бар,

Оқу құралдарын ал:

Кітап, қалам, өшіргіш.

Қарындаш, дәптер, сызғыш.

***

Қарағанды қаласы

«№81 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мұғалімі Шәкәрімова Гүлдана Қуатқызы

Пікірлер35
  1. Арай

    Тілге жеңіл жақсы жазылған сергіту сәтінің мәтіндері

  2. Жанар

    Орыс сыныбының тілін ұстартуға тамаша дүние ғой бұл.

  3. Ира

    Кішкентай балаларға өте жақсы жазылған.Маған ұнады.Жарайсыздар әріптестер.

  4. Қаракөз

    Жақсы сергіту сәтіне арналғанөлеңдер көбірек жарияланса екен, бастауышқа кәт дүние

  5. Лаура

    Сергіту сәтіне арналған өлеңдердің біразын өз сабақтарымда пайдаландым. Маған да, оушыларыма да ұнады. Рахмет!

  6. Лиза

    Өөөөте пайдалы мақала! Рахмет. Бастауышта сергіту сәтінсіз сабақ өту мүмкін еместің қасы. Балалар сабақтан мезі болмау үшін және қолдары мен милары бір сәт дем алу үшін өте керек дүние

  7. Дилбар

    Маған сергіту сәтін өткізуге арналған өлең жолдары ұнады

  8. Аманкелді Жайлыханұлы

    Мұғалімнің өзі де оқушылармен жасаған сергіту сәті,ең тиімдісіне жатады.Мұғаліммен оқушы ол егіз ұғым.

  9. Аманкелді Жайлыханұлы

    сергіту сәтін түрліше өткізуге болады.ең тиімдісі бейне баяндағы жаттығуларды көрсетіп қайталау арқылы жасалғаны.

  10. Аманкелді Жайлыханұлы

    маған сергіту сәтін өткізуге арналған өлең жолдары ұнады.өзімде өлең жазатынмын.әр сабақта,әр пәнде оқушылармен қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты сергіту сәтімен бастаймыз.

  11. Актоты

    Сергіту сәті дейміз, кейде сергіту жаттығуы деп жатамыз. Жалпы сергіту сәті балалардың көңіл-күйін және есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар. әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің арасында пайдаланп отырамыз. Енді әр тақырыпқа сай сәкестендіріп алып отырамыз. сіздердің жинақтарыңыз жақсы жинақталған. бізге көмегі өте көп сіздерге раххметт.

  12. Бағила

    Еңбектеріңізге табыс тілеймін! Маған әзірлемелер өте ұнады.

  13. Гулзира

    Сергіту сәтіне өлеңдерді жиі қолданамын, балаларға қатты ұнайды, сергіту сәтін қызығушылықпен орындайды.

  14. Роза Камалова

    Сіздің сергіту сәтіне арналған тақпақтарыңызды сабағымда қолдандым.Біз сияқты жас мамандармен өз тәжірибелеріңізбен бөліскеніңіз үшін.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

  15. Алма Сабырхан

    Сергіту сәтіне арналған тақпақтарыңыз өте тамаша.Сізге көп рахмет!

  16. Admin

    сіз қай тілде жаздыңыз?

  17. Kuanar Tasanov

    ауууууууууууууу

  18. Kuanar Tasanov

    қалай тасырыс береміз

  19. Kuanar Tasanov

    Маған срочно!!!!!!!!! технологиялық карталар керек Ортаңғы топқа 2-кіші топқа 1-кіші топқа 1 жылдык технологиялык карта бар ма, отініш

    1. Admin

      Саламатсыз, бізде бар барлық материалдар тексеруден өткен соң бірден сайтқа жарияланады және біз мұндай материалдарға тапсырыс жасамаймыз.

  20. Kuanar Tasanov

    тамаша!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  21. Толеубай Камила

    Ваще аз еще биттей балалардыкы

  22. гульнур

    1-і сабилер тобына барлык оку-іс арекетінен 1 жылдык технологиялык карта бар ма, отініш

  23. арин кенжегул

    балабақша портфолиосының үлгісін қалай алуға болады?

    1. Erketai (автор)

      ТАПСЫРЫС ЖАСАУ АРҚЫЛЫ!

  24. арин кенжегул

    бәрі де жақсы, кішкентайларға арналған.

  25. Самал

    Балабакшага арналган портфолионы калай коширемин

    1. Erketai (автор)

      Тапсырыс жасау арқылы.

  26. janna

    Tamawa rahmet

  27. janna

    Mina sergitu sati kop bolsa bizge kerek

  28. пеизат

    Жаксы!!!

  29. маржан

    Кишкентай балаларга оте жаксы такпактар.оте унады

  30. тамаша екен,,,, егерде ренжимесениз маған комек керек еді!

    1. Erketai (автор)

      Салем! Қандай көмегіміз керек?

  31. Гульзат

    Өте жақсы ұнады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ