Семей қаласы №17 орта мектеп оқушыларының өнері


Erketai / Окт.25.2014. / 1 пікір

Сайтымыз құрылғалы бері еліміздің түкпір-түкпірінен мектеп ұстаздары және балабақша тәрбиешілері өздерінің жасап жүрген еңбектерін сайтымызға жариялап басқада әріптестерімен тәжірибе алмасуда.

Әділдігін айту керек егерде Еркетай сайты қандайда бір жетістіктерге жетіп жатса осыған ең көп үлес қосып жүрген осындай белсенді ұстаздар мен тәрбиешілер. Бұл үшін сіздерге Еркетай сайты үлкен алғыс айтады.

Біздің ұстаздарымыз бен тәрбиешілеріміздің Отанымызға тәрбиелі,талантты балаларды тәрбиелеп дайындауда аянбай жұмыс жасап жүргендері айтпасада белгілі.

erketaikz2014

Дәл осындай ұстаздар қауымы сайтымызбен өздері тәрбиелеп, білім беріп жүрген  оқушыларының өнерлерімен бөлісті.

Нақты айтқанда Семей қаласының №17 мектебінің 2б сынып  оқушылары Даниярқызы Аина, Дастанұлы Сұлтан, Әуелбек Аружан орындаған «Жолда жүру ережесі»  және 2а сынып оқушысы Әсетқазиев Әлиханның орындауындағы «Ақылшым Ұстазым» атты өлеңдерін тамашалауға мүмкіндік сыйлады.

Мұнымен қоса осы мектептің оқушысы Абдихатова Әдемінің орындауындағы «Жетісу» әнін тамашалаңыздар.

Өкінішке орай ұстаздар өз есімдерін жазып жібермеген бірақ біз өз тарапымыздан осы видеодағы екі ұстазға арнайы Еркетай сайты үшін жіберген тамаша видеолары үшін алдағы уақыттарда балаларға білім беруде керек болар деген ниетпен жаңадан осы бір-екі күнде шыққан alfavit42.com сайтында сатылып жатқан электронды видео алфавитті сыйлағымыз келеді.

kazakhsha-alfavit

Ал енді сіздерді осы балалардың өнерін тамашалауға шақырамыз.

Даниярқызы Аина, Дастанұлы Сұлтан, Әуелбек Аружан орындаған «Жолда жүру ережесі»

Әсетқазиев Әлиханның орындауындағы «Ақылшым Ұстазым» атты өлең

Абдихатова Әдемінің орындауындағы «Жетісу» әні

smile

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Өте тамаша видео екен басқада ұстаздарға үлгі болғай. Нағыз 21 ғасырдың шәкірттері мен ұстаздары. Балалардың үстіндегі мектеп формаларыда күшті екен. Біздің кезімізде әркім әр түрлі киім киетін еді. Қазір оқимын деген балаға барлық мүмкіндік жасалған. Сайт иелеріне үлкен рахмет. Осындай білікті ұстаздардың еңбектері көптеп жарияланса екен.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!