Сайыс сабақ «Жігіт сұлтаны»

Сабақтың мақсаты: тәрбиеленушілерді отансүйгіштікке,батырлық пен батылдыққа баулу. Бойындағы өнерлерін көрсетіп,жеңіске жетуге талпыну.Мәдениеттілік пен әдептілікті бойларына сіңіріп,шығармашылықтарын одан әрі дамыта түсу.
Көрнекілігі: Әдемі безендірілген шарлар,плакатқа салынған суреттер мен мақал-мәтелдер.

жігіт сұлтаны балабақшада

Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан,

Қырандардың қасында,дей келе ,

мектепалды даярлықкласс ұлдары арасында өткізгелі тұрған «Жігіт сұлтаны» сайысын ашық деп жариялаймыз.

Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал,қанекей қырандар!
Босқа қарап тұрмандар.
Бастап жігіт өнерін,
Алыстарға самғаңдар,-деп сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алу.

Сайысымыздың жоспарымен таныстыру:
І.«Мен қазақтың ұлымын» таныстыру.
ІІ.«Өерлінің өрісі кең» өнер көрсету.
ІІІ.«Адам көркі-шүберек» сән көрсетілімі.
ІV.Қорытынды.

Келді міне ,бүгін сын алуға,
Сын алып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділқазы әділ баға.
Әділқазы алқасымен таныстыру.
Сайыскерлер өз номерлерін анықтау.
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Сайыскерлер таныстырып өздерін,
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.
Таныстыру.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Қонақтарды құрметтеп,
Би қимылын жасайық.
Би «Тентегім».

Ал,кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп,ал біреуі ән салыпты.
«Өнерлінің өрісі кең» байқауында,
Қол соғып,барша халық тамсаныпты.

Өнер көрсету.
Мың бұралып би билеп,
Шығамыз біз ортаға.
Бүгінгі той тамаша,
Қуанамыз балаша.
Би «Көбелектер».
Білім оймен арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз.
Сән көрсетілімі.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз».
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай.
Мың бұралып би билеп,
Ән де салып береміз.
Осылайша шаттықпен,
Біздер өсіп келеміз.
Би: « Қазіргі заман биі».

Әділқазыларға сөз. Марапаттау.
Қорытынды:
Бүгін міне,оң болып әр сөзіміз,
Жоғары боп күш-жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық сайысымыз.

Пікірлер9
  1. Гулзат

    Өте жасы сайыс керемет??

  2. Гульбарам

    «Жігіт сұлтаны» сабағының ұнаған жері, ол «Адам көркі-шүберек» сән көрсетілім бөлімі. Әсіресе ер балалардың сән үлгілерін тамашалаулары керемет ой. жарайсыз, өте керемет көріністер.

  3. Молдир

    Нағыз жігіттерге арналған тамаша жоспар. Осындай жоспарлар көп болса шіркін. Көп рахмет

  4. Айгерім

    Өте жеңіл екен жоспары.балаларға еш қиындық туғызбайды.ең бастысы мән магыналы болганы дұрыс

  5. Jangeldi

    Недейміз сөзге кедейміз

  6. Асель

    Сайыс қызықты өткен сияқты. Өлең шумақтары мағыналы екен. Сайыскерлердің де таныстыру, өз өнерлерін де жазғанда нұр үстіне нұр болар еді.

  7. Назым

    рахмет ұнады

  8. Самал

    өте жақсы екен. қалай көшіріп алуға болады?

  9. Мадина

    ote zhaksy

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ