Сабақ «Қыс қызығы»

№ 2 мектеп – гимназия Өскемен қаласы, 2015 жыл
Тәрбиеші: Кылкабаева К. А. II сәбилер тобы
Сабақ тақырыбы: «Қыс қызығы»
Білім беру саласы: «Қатынас, Әлеуметтік орта»
Интеграция: Тіл дамыту, айналамен таныстыру, экология.
Мақсаты: Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Тәжірибелік зерттеуге қызығушылығын арттыр отырып, сөздік қорын дамыту. Табиғатты сүюге, оның әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.
Билингивтік компонент: Қыс – зима, қар – снег, қоян – заяц.
Қызығушылығын арттыру:
Балалар біздің дайындығымызды білу үшін қонақтар келіп отыр, өзіміздің әдепті, үғымтал бала екендігімізді көрсетейік.
sabak-kis-turaliШаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз (қолды алға созу)
Кішіге де сіз (қолды кеудеге қою)
Баршаңызды құрметтеп бас иеміз біз (басымызды иеміз)
Ғажайып сәт: Осы сәтте жылаған дыбыс естіледі, бұл не қылған дыбыс? Кім жылап отыр?
Балалардың көңілін аудару. Бәріміз орманға барсақ шыршаның артында қоян жылап отыр екен.
— Қоян сен неге жылап отырсың?
— Мен анамнан адасып қалдым.
— Кәне балалар қоянның көңілін аулайық.
Аққоян – ау – аққоян,
Орныңнан тұршы,
Бетіңді жушы,
Шашыңда тарашы,
Әй – әй көйлек киші,
Бізбен бірге ойнашы!
Ұйымдастыру, іздену: Қазір балалар қоянмен бірге ойнайық. Ойынның аты «Сұрақ – жауап» деп аталады. Мен сендерге сұрақ қоямын ал сендер жауап бересіңдер.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Дала қандай екен?
— Ауа райы қыста қандай болады?
— Қардың түсі қандай?
— Қыс туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Өте жақсы ойынды ойнадыңдар.
Сергіту жаттығуы: (Қимылмен көрсету)
Аппақ қалап өңірді, (Алақандарын ашу.)
Қар жауды! Қар жауды! (Қолдарын сермеу.)
Көңілді балалар, (Қолдарын шапалақтау.)
Қызығып секірді, секірді. (Орындарында тұрып секіру.)
Балаларды үстел басына отырғызып, қардың мұздың қасиетімен таныстыру. Қарды, мұзды көрсете отырып тәжірибелік жұмыс жасау. Балалардың алақанына қарды салсақ қар ериді, суға айналады. Ыдыстарға таза су құйып әр баланың алдына қойылады. Ол суға қасықпен қар саламыз. Су ішіндегі қар ериді, ыдыстағы суды балалар көреді, су ластанған болғандықтан қарды жеуге болмайды. Ал мұзды таза ақ орамалға салып ораймыз. Мұз ериді, орамалды балаларға көрсетеміз, сонда мұзды да жеуге болайды, себебі мұз оралған орамал өте кір болып кетті. Қар да, мұз да кір, лас жесек ауырып қламыз.
Рефлекция:
— Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
— Бүгін біз жылдың қай мезгілімен таныстық?
— Қарды, мұзды жеуге бола ма екен?
Қоян: — Сабақ маған да ұнады, балалар сендермен өте қызықты болды. Мен де орманға қайтайын, анам іздеп қалар. Мынау менің сендерге әкелген кәмпиттерім.
— Балалар қоян нені жақсы көреді?
Біз де қоянға күз бойы жинаған сәбізімізді себетке салып берейік!
Қоян: — Рахмет балалар сау болыңдар!
Балалар қолдарын бұлғап қоянды шығарып салады!
— Балалар сабақ аяқталды сендерге көп – көп рахмет!

Пікірлер2
  1. Бахтыгуль

    Сабақ керемет жазылған. Тәжірибе жасауы ұнады.

  2. Бальнур

    жақсы сабақ. Қыс мезгілінің қызықтары туралы, қыстың ерекшеліктері туралы жақсы ашылған.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ