Психологиялық жаттығулар

психологиялық жаттығуларҚұпия іздейміз
Өзіңіздегі жасырын ерекшелікті келесі жолмен табуға тырысып көріңіз. Ессіз ғалым сіздің көшірмеңіз болатын бір робот ойлап тапты деп ойлаңыз. Сіздің сыңарыңыз барлық жағынан сізге сәйкес келеді. Бірақ ол жамандық құралы болғандықтан, оны сіз деп қабылдап қою мүмкін екені сізде кірбің туғызады.
Сізде екенші рет жасауға келмейтін не бар?
Сізді жақсы білетіндер айнытпай танитындай не ерекшелік бар? Егер сіздің құпияңызды біреу білсе, сізді көшіру үшін оны қолдануы мүмкін бе?
Сіз барлық құпияңызды аштыңыз, бірақ робот бәрін дәлдікпен жасап шықты. Енді сіз ең соңынан нағыз маңызды қай құпияңызды ашасыз? Ол ең болмаса сіздің көшірме емес екеніңізге сенімді болу үшін керек.

арыстанЫрылда, арыстан, ырылда соққыла, пойыз, соққыла
Бұл ойынды енжар және тежелгіш балалармен ойнаған дұрыс. «Біз бәріміз – арыстандармыз, үлкен арыстандар жанұясымыз. Кім қатты ырылдайды, жарысып көрелік. Мен «ырылда, арыстан, ырылда» деп айтқанда қатты ырыл естілсін. «Кім қатты ырылдай алады? Жақсы ырылдайсыңдар, арыстандар… Осы арыстанның дауысы ма? Бұл мысық баласының шіңкілі ғой? Күшті дауысты арыстан керек ».
Осыдан кейін бәрі бір – бірінің артынан тұрып иықтарына қолын қояды. Сендер – паровозсыңдар. Бөлме жиегімен ысқырып,
соққылып, жылжыңдар. Бөлмені бір рет айналғасын, бірінші бала соңына тұрып, кейінгісі «паровоз» орнына тұрады. Ол әлдеқайда тезірек және қатты дауыспен жылжуы керек. Бәрі паровоз рөлінде болып шыққанша ойын жалғасады. Ойын соңында бәрі еденге құлауға да болады.

ойлау қабілетіне жаттығуларОйлап тапқыш
Бұл тапсырма өте оңай. Әрбір қатысушыға кезекпен қандай да бір көңілді ойын ойлап тауып, топта ұйымдастырып жүргізу тапсырылады. Ол тығылыспақ, жасырынбақ немесе әлдебір экзотикалық ойын болуы мүмкін. Топ қатысушылары ойлап табушының қағазына өздерінің бес балдық жүйедегі бағасын қояды. Сонымен қатысушылар кезекпен көңілді ойын ойнатады.
Соңынан бәрі ойнап болғасын тапқыштар өз бағаларын қосады. Қорытынды балл анықталады. Сөйтіп оларды салыстырсақ, ең күшті ойлап тапқышты анықтаға болады.

А.Б.Добрович ұялшақ, қысылғыш адамдарға оны жеңудің әдістерін ұсынады. Ол адамдардың өзара қарым – қатынас ерекшеліктері туралы нақты сұрақтар қойып, осы бейімділікті дамытатын «жаттығуларды» ұсынады.

1 –жаттығу
Қалай өту, қай жермен жүру, және т.б сияқты сұрақтарды өтіп бара жатқан адамдар жиі қояды ма?
Егер бұл жағдай өте сирек болса, онда сіздің түріңіз жабық немесе жабырқау, қатал болғаны. Сіз адамдардан алшақтайсыз. Бұл сіздің шаруаңыз. Бірақ олар да сізден ешқандай байланыс сезбей, алшақтап кететінін ескеріңіз.
Таңертең айнадағы бейнеңізге ұзағырақ қараңыз. Өзіңіззге тіліңізді көрсетіңіз: ол сізді күлдіреді, сіз жымиясыз. Тоқта! Күні бойы сізде осындай түр болу керек. Адамдарға шығар кезде өзіңізге осылай уәде беріңіз.
2 –жаттығу

Автобустағы, метродағы, пойыздағы адамдардан күдік аңғарасыз ба?
Егер аңғармасаңыз, онда сіз өзіңізге тұйық болғаныңыз. Бұл жақсы емес. Сіз адамдардың сезімін бағалай алмайсыз. Өзіңіздің алғашқы ойыңызды «шындыққа» санауың оп-оңай.
Транспортта келе жатып біреуге жақындап назар аударыңыз. Оған «жарты көзбен» жоғарыдан қараңыз: адамды өзін тіке сынау тітіркендіреді. Егер оның көзімен түйісіп қалсаңыз тез теріс айналыңыз?…
Енді қарамай – ақ жаңағы жүзді санаңызда қайта жаңғыртыңыз. Оны көңілді, жылы жүзді етіп елестетіңіз. Керісінше, оның ашулы, тітіркенген кезін елсететіңіз… Егер ол әлі де ренішті, ызалы көзбен қараса, достық сезіммен жымиып тағы да теріс айналыңыз. Сіз енді таныстықты бекіткіңіз келмесе ол жаққа қарауға құқыңыз жоқ.

3 –жаттығу
Сіз басқалардың айтқанын тыңдай аласыз ба?
Сұрақ түсініксіз: егер мен біреумен әңгімелессем, демек оны тыңдағаным ғой. Бірақ сіз өзіңізді емес, оны ойлап тұра тыңдай аласыз ба? Егер жоқ болса, сіздің өміріңізде «ақылға сыйымсыз» қақтығыстар жиі болғаны, оларды еске алғанда ұяласыз…
Құрбылардың тойында әр нәрсені айтып, сөзін бөлудің орнына оны үнсіз тыңдаңыз. Тыңдай отырып келесіні ойлаңыз: «Ол неге бұны айтып отыр? Көңілді ме, әлде жасанды ма? Мұілы ма, әлде қызықты ма? Егер өзін басқаша көрсетсе – неге?» Ол тұрған сіз өзіңіз деп ойлаңыз. Оның көзқарасына сіз қалай қарар едіңіз. Не болса да адамды кінәламай, одан өзіңізді биік қоймай оның жанын түсінуге тырысыңыз.
Егер сіз осыған жаттықсаңыз, көп тансытарыңыз сізге үйіріліп, кездескеніне қуанатын болады.

4 –жаттығу
Жаныңыздағы адамды эмоциямен жылыта аласыз ба? Яғни ол сіздің қасыңызда сенімді, қысылмай, шын көңілден жүре ала ма? Егер олай болмаса, сіздің тіпті достарыңызбен қарым – қатынасыңыз формалды ғана болады. Олар да өздерін солай ұстайтын болады. Олардың біреуі қиындыққа тап болса, ол досымен кездесуді іздемейді.
Адамдардың қалай жұмыс істейтініне қарап өз білдіріңіз. Мысалы, сатушы сырды дәл етіп кеседі. Жәй ғана оған «Сізге өте оңай екен» деңіз. Сіз ұялшақ болсаңыз да өзіңізді жъеңіп осыны айтыңыз. Сізді не ұялтатынын білуге бола ма? Өкінішке орай, қаланың жанталас тіршілігінде бір – бірімізге жылы сөйлеп әдеттенбейміз, керісінше дөрекілік күтеміз. Сондықтан жылы сөз сатушыны сезіктендіруі мүмкін. Ол «Оған меннен не керек?» деп ойлауы мүмкін. Сіз оған қапаланбаңыз, одан сізге ешнәрсе керек еместігін білесіз ғой…
Әрине, мұндай жаттығу сізді эмоциялық қолдау өнеріне үйрете қоймайды. Бірақ ол осы бағыттағы жолды қысқартады. Сіз жасыру, ұстап қалу сияқты керек емес әдеттерден құтыласыз.

5 –жаттығу
Сізге өзіңізге жағымсыз адамнан бірнәрсе сұрау қиын ба? Егер қиын болса, сіз тым әлсізсіз. Бетіңіз қайтудан қорқасыз. Сұрақ өте бәсең естіледі деп сақтанасыз. Бірақ сіз қорыққан сайын, ол бәсең естіледі…
Мүмкін сіз жоқ жерден жеке басыңызды балағаттап тұрғандай көретін шығарсыз. Мүмкін сізде сәтсіздіктер жинақталып, біреудің жоқ деуі «шыдамдылық ыдысын толтыра түскен» болар. Дегенмен, сіз оған ерекше қайталанбас жеке адам болмасаңыз, небәрі мыңдаған сұрақ қоюшылардың, клиентінің, жүгіншінің, танысының бірі болсаңыз, оған жау ретінде қарау өзіңізді ыңғайсыздыққа қалдырады. Сіз ренжіген адам жанды жеріңізге тиюге қызығушылық танытпайды?…
Бұл жаттығу қиындау. Ұсақ шиеленістегі күйде, мысалы трамвайда өзіңізді үнемдеуге көндіріңіз. Ұрысшының тілі не десе де, шыдаңыз. Теріс айналып, терезенің әр жағындағы көрініске қараңыз. Минуттан кейін барлық куәгерлерге кімнің іс – әрекеті дұрыс екені белгілі болады. Оны сізсіз – ақ басып тастайды (егер ол тынбаса). Сіз трамвайдан өзіңізді жеңген сезіммен шығасыз.
Әрине, бұл шиеленіс кезіндегі іс- әрекет стилі емес, тек жаттығу ғана. Сізді «момақан» болуға шақырмайды. Сіз тек қана шыдамдылықты және өзіндік сезіміңізді игеруді үйренесіз. Бұл әдет тек ұсақ емес, ірі принципиалды шиеленіс кезінде де керек болады.
Ал өзіндік бедел сезімі дамығанда сіз үшін жағымсыз адамдарға сұрақ қою айтарлықтай жеңілдейді.
 6 –жаттығу
Сізде біреумен қоштассаңыз да, ұзаққа созып тұра беру әдеті бар ма? (Нұсқа: бәрі айтылып болса да, телефон әңгімесін, жалғастыра беру).
Ондай болса, кейбір пікірлері сіз үшін маңызды адамдар сізді мылжың санауы мүмкін.
Біреумен екеуіңізге де маңызсыз тақъырыпта сөйлесіп тұрсаңыз (тексеріп алыңыз, солай ма, жоқ па?) – онда сағатыңызға қарап, жылы ғана «Ой, кешіріңіз, мен асығыспын, келесіде аяқтармыз», — деп тез кету керек.
Егер ол ренжіп қалады деп ойласаңыз, артынан іздеп, телефон шалып, тағы да кешірім сұрап жуып – шайып жіберіңіз. Ал сіз өзіңізді басқа ісі бар адамдарға «жабыспауға» үйретесіз. Егер достық сезімдегі және қызық «қоштасу» ишарасын танытатын сөз болса жаман болмас еді, бірақ ол белгілі артистизмді талап етеді.
Берілген «жаттығулар» өзіңе үш қасиетті – шыдам, өзіндік бедел сезімі және басқаны жақын түсінуді «игеруге» бағытталғанын аңғару оңай. Кейбіреулер мұражайлар мен театрларда болып, автоматты түрде қарым – қатынас мәдениетін игерімді деп есептейді. Бірақ ауылдағы әженің үш тіл білетін сәнді қалалықтан мәдениеттілігі артық болатын кездері жиі кездеседі.

«№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп»мемлекеттік мекемесі
Мазасыздануды төмендетуге арналған жаттығулар

Дайындаған: психолог Б.Дармағамбетова

Erketai / Янв.24.2017

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!