Өзін-өзі басқару


Erketai / Май.7.2013. / комментариев 6

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында.

Н.Ә. Назарбаев

(Мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген сөзінен)

№ 11 орта мектебінің «Өзін-өзі басқару» ұйымының жылдық есебі.

Мектептің жоғарғы сынып оқушыларынан құралған «Өзін-өзі басқаратын оқуылар ұйымы» жұмыс істейді.

подростки и родители, подростковый период

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мақсаты:

— қарым-қатынасты ізгіліктендіру;

— ұжым өмірін жариялылыққа, еркіндікке негіздей отырып, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындау

Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесінің өзектілігі:

— оқушылар әрекетінің еріктілігі, жариялылығы, тең құқылығы;

— жалпы адами асыл құндылықтарды шынайы бағалауға бағыттау;

— өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызу;

— ұйымның өзге мүшелерінің пікіріне құлақ аса отырып ой бөлісу, өзгелер пікірін құрметтеуге төселдіру.
Оқушылардың өзін-өзі басқарудың принциптері:

— мектеп өмірінің мәселелерін шешуде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігі;

— оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жауапкершілігі;

— оқушылардың өзін-өзі басқаруда өкілеттілігін тағайындау;

— оқушылардың өзін-өзі басқаруда алуан түрлі әдістерін пайдалану;

— оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының оңашаландырылуы және жалпыға бірдей тапсырыстарды жүзеге асырудағы тығыз байланыстылығы.
Өзін-өзі басқарудың құндылығы сонда осы ұйым арқылы оқушылар мектеп өміріне, мектептің ішкі саясатына, әкімшілік жұмыстарына, мектепішілік оқу және тәрбие үдерістеріне әсер ете отырып шешім қабылдауға ықпал етеді.

Келер күнге сеніммен қарататын осындай игі де ізгілікті іс біздің ұжымымызда оң нәтижесін беруде.

Білім ұясын ізгіліктендіру мен жариялылықтың жүзеге асқандығының нәтижелі белгісі әрі шәкірттердің асыға күтетін күні – «Өзін-өзі басқару күні». Ұйым мүшелері бұл күні директордың, директор орынбасарларының және пән мұғалімдерінің орнына қызмет атқарады.
Мектеп президенті кезекті ұйым мүшелерімен жиналыс үстінде пікір алысты.

1 қазан мұғалімдер күніне орай 10-11-сынып оқушыларына мектеп әкімшлігі және мұғалім қызметтері бөлініп,оқушылар екі ауысым бойынша сабақ берді. Сонымен қатар мұғалімдер 12 «а», «ә» сыныптары болып қүрылып, оған сынып жетекшілікке оқушылар тағайындалды. Мектеп әкімшілігіне Директор,оқу ісінің орынбасары ,тәрбие ісінің орынбасары болып оқушылар қызмет атқарды.

Мектепті безендеріру. Оқушылар қабырға газеттерін, шарлар мен нақыл сөздер іліп безендірді.

Сонымен қатар таңертең 10-11 сынып оқушылары қолдарына гүл алып мұғалімдерді қошеметпен қарсы алып өз құрметтерін байқатты.

Оқушылардың сол күнгі жауапкершілігі және оны сезінуі, мұғалімнің қызметін түсіне білулері , өте жоғары дәрежеде байқалды. Сабақтарға жоғары дайындықпен келген. Әрбір пән мұғалімі өз аты-жөні жазылған бейджиктерді тағып, төменгі сынып оқушыларының сұрақтарына жауап тиянақты берді. Мұғалімдерге арналған салтанатты жиынға 10-
11 — сынып оқушылары қатысты.

2011-2012 оқу жылындағы «Өзін-өзі басқару» ұйымының іс-шаралары өз денгейінде атқарылды.

№11 орта мектеп тәлімгері : Төрехан Нұргүл Төреханқызы

 

smile

комментариев 6 Пікір қосу

  • Тәрбиелі ұрпақ -ел болашағы

  • саналы ұрпақ кана мемлекетті устап тұрады

  • өте жақсы маған керек тақырып еді коп рахмет

  • маған керегіде осы рахмет

  • саламатсыз ба кереги осы еди

  • Керек жұмысымды сіздерден таптым, бірақ көшіру үшін тіркелу міндетті ме

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!