Ойыншықтар сыры

Білім саласы:Қатынас,Таным,Шығармашылық,Денсаулық,Музыка
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Ойыншықтар сыры»
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен,қасиетімен,түсімен және көлемімен таныстыру.Балалардың қызығушылығымен,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойыншықтарға деген қызығушылығын ,сүйіспеншілігін арттыру.
Керекті құралдар:Әр түрлі ойыншықтар,слайд.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Жуынбайды,жуынсақ,
Бұл не деген қуыршақ
Тығылмайды тығылсақ
Бұл не деген қуыршақ
1,2,3,4,5
Қуыршақтың тұсауын кес
Қуыршағым,қаз-қаз
Қыдырайық аз-маз
ойыншықтар туралыТосын сый: Әуенмен қуыршақ Айман кіреді. (көңілсіз қуыршақтың қимылымен көрсету)
Қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме,балалар!Сендер қандай,әдемі,көңілдісіңдер.Ал менің ойнайын десем,досым жоқ.Не істесем екен?
Тәрбиеші: Ой,қуыршақ Айман сен олай деме,осы жердегі әрбір қыз сенімен дос болуды қалайды. Балалар ,қуыршақ Айманға көмектесейік,көңілін көтерейік.Ендеше Қуыршақ Айман сен бізбен бірге дүкенге жүр,өзіңе жақсы дос тап.
Тәрбиеші: Балалар ойыншықтар дүкеніне немен барсақ екен?
Балалар: Көлікпен барамыз
Слайд (көліктер бейнебаян)
Балалар алдымызда көліктер жүре алмайтын кедергілер бар.Содан өту үшін көліктен түсіп,іздермен жүріп, тастардан секіріп өтуіміз керек.(іздер мен тастардан өту)
-Міне балалар ,ойыншықтар дүкеніне жетіп қалдық.Дүкеншімен амандасу.
-Саламатсыңдар ма ,балалар!
Слайд(ойыншықтар көрсету)
Ойыншықтарға жалпы сипаттама .Әртүрлі,ерекше ойыншықтар бар екен.Ойыншықтардың түрін,түсін,пішінін ,көлемін,түсіндіру.
(Жұмсақ,қатты,қызыл,көк)
Слайд(геометриялық пішіндер)
Балалар ойыншықтарға арналған қандай тақпақтар білесіңдер?
Айша
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді

Үміт
Жуын,жуын,жуынсақ
Қандай жақсы қуыршақ
Әйтпегенде бөпешім
Кірлеп кеткен екенсің
Тәрбиеші: Қуыршақ Айман өзіңе ұнаған бір ойыншық таңдай ғой.
Ойыншықтар ұнады ма?
Ендеше таңдаған ойыншығын қай ертегі кейіпкері екенін айтып берші.
Балалар қәне қуыршақ Айманға ертегі кейіпкерлерін атауға көмектесейікші.
Слайд(ертегі суреттері)
Қандай ертегі?Ондағы кейіпкерлерді айту
-Балалар бәріміз ойыншықтар дүкеніне саяхатқа барып,ойыншықтарды тамашалап,олармен танысамыз деп шаршап қалған сияқтымыз.қуыршақ Айманның көңілін көтеріп,бойымызды сергітіп алайықшы.
Сергіту сәті:
Бала,бала,балақан
Қәне қайсы алақан
Саусақтарым әйбат
Былай-былай ойнат
Топ-топ-топ-топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса алтын күн
Жаса-жаса жарқын күн.
-Балалар бойымыз сергіп қалды ма?
-иә
-қуыршақ айман көңілің көтерілді ме?
-иә
Қуыршақ: балалар менің қолымда кішкентай әдемі қуыршақтарым бар. Сол қуыршақтарымның орамалдары әдеміленбей қалыпты.Орамалын әдемілеуге көмектесесіңдер ме?
Триз әдісі бойынша әшекейлеп бояу
Сөздік жұмыс: орамал
Мадақтау: Балалар жарайсыңдар. Көптеген ойыншықтарды біледі екенсіңдер.Рахмет.Жақсы қатысқан балаларды атау.Үміт,Бақытжан,Айша
Қорытындылау:
-Біз қайда бардық?
-Ойыншықатр дүкеніне бардық
-Немен бардық?
-көлікпен бардық
-Қонаққа кім келді?
-қуыршақ келді
Біздер ойыншықтар дүкеніне саяхат жасадық.Ойыншықтарды сындырмау керек.Ұқыпты ойнау керек.Ендеше,балалар қонақтармен қоштасып,тобымызға барып,жаңа ойыншықтармен ойнайық.

Авторы:Шайзада Габиденкызы

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Бибігүл

    Балаларға ойыншықтардың түрімен,қасиетімен,түсімен және көлемімен ажырата білуге көмектесетін керемет сабақ жоспары екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ