Ойыншықтарым көп менің

Топ: І – кіші сәбилер тобы
Тәрбиеші: Айтымбетова К.Ж.
Күні: 14.01.2016 ж.
Білім беру саласы: Қатынас, таным
Бөлімі: Тіл дамыту, сенсорика
Тақырыбы: «Ойыншықтарым көп менің»
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтарды
сипаттап айтуға үйрету. Қандай сұрағына жауап беруге
үйрету.
Дамытушылығы: Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір – бірінен
түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ақыл –
ойларын , саусақ моторикасын тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ойыншықтарды күтіп ұстауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: неше түрлі ойыншықтар, суреттер

Шаттық шеңберіне тұрамыз балалар кәнеки мына қуыршаққа бәріміз бірге тілек айтайықшы .
Қуыршақ сен ақылды бол, айтқанды тыңда, үстіңді кір қылма, үлкендерді сыйлап жүр жарайма.
oynshiktarim-menin-1Жарайды жақсы балалар орындарыңа отырыңдар
-Балалар біз күнде қайда келеміз?
-Балабақшаға неше күн келеміз?
-Біз балабақшада не істейміз?
-Ия балалар біз балабақшада көптеген ойыншықтармен ойнаймыз. Біздің балабақшада неше түрлі ойыншықтар өте көп. Енді мен сендерге ойыншықтар туралы М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып берейін.
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау қозы құлыншақ
ойыншықтар тыңдайды
Айтқаныңнан шықпайды.

Ойыншықтар үш түрге бөлінеді балалар. Олар қатты резіңке және жұмсақ ойыншық болып. Қатты ойыншықтарға көліктер, ұшақ жатады.Жұмсақ ойыншықтарға аю, қоян, түлкі жатады.
Резеңке ойыншықтардың қаттысы да жұмсағыда болады.Оларға доп қуыршақ жатады.
Доп – мяч
Қуыршақ – кукла
Балалар мына аюға қараңдаршы ол жұмсақ түсі қоңыр.
Неше қолы бар аюдың?
Неше қолы бар?
Балалар мына допқа қараңдаршы пішіні қандай?
Ия балалар оның пішін дөңгелек резеңкеден жасалған түсі қандай екен?
Допты ұрсақ не істейді?
Кәне барлығымыз допша секірейікші?
oynshiktarim-menin-2-Жарайсыңдар балалар.
Балалар біздің топта көптеген ойыншықтар бар кәнеки барлығымыз қарайықшы.
-Ой мына қуыршақ тіріліп кетті ғой!
Қуыршақ: Ия балалар мен сендердің дауыстарыңнан оянып кеттім.
Сәлеметсіңбе қуыршақ!
Қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме балалар
-Қуыршақ сенің атың кім?
Қуыршақ: Менің атым Айгүл, ал сендердің аттарың кім?
Өте тамаша балалар.
Балалар сендердің үйлеріңде ойыншықтар бар ма?
Қандай ойыншықтарың бар?
Жарайсыңдар ал сол ойыншықтарыңды ойнап болған соң орнына жинап қоясыңдарма?
Өте жақсы балалар екенсіңдер ал менің ойыншықтарым шашылып қалыпты соны жинап бересіңдерме?
-тек оны түсіне қарай отырып жинаймыз мысалға мына ойыншық сары екен оны сары түсті үйшіктің қасына қоямыз.
— Балалар кәнеки Қуыршақ Айгүлге көмектесеміз ойыншықтарын реттеп береміз.
Қуыршақ: Рахмет балалар сендерге.
-Балалар қуыршақ Айгүлге бір әнімізді айтып берейік.
Ән:«Топ – топ балақан»
oynshiktarim-menin-3-Балалар енді барлығымыз бірге денемізді сергітіп алайық қуыршақ Айгүл сенде балалармен бірге биле.
Музыка әуенімен билейміз.
Қуыршақ Айгүл: Барлықтарың биші екенсіңдер ғой.Ал менімен бірге ойын ойнайсыңдарма?
«Кім жылдам»
Кім шарды көбірек үрлеп ұстап тұрса сол жеңімпаз болады.
Жарайсыңдар балалар.
-Балалар енді қуыршақ Айгүлге алғыс ретінде моншақ жасап берейік өз қолымызбен.
Қуыршақ: Айгүл балалар рахмет сендерге мен шын қуанып тұрмын. Сендер маған моншақ жасап бердіңдер.
Енді мен ойыншық достарыма барайын сау болыңдар!
-балалар біз бүгін немен таныстық?
-доптың пішіні қандай?
-біз қуыршақ Айгүлге не жасап бердік?
Жарайсыңдар балалар осымен біздің оқу іс әрекетіміз аяқталды.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Бахтыгуль

    Сабақ керемет жазылған.Ойыншықтарды көзбен көріп, ұстап балалардың ой өрістері кеңейеді.Естерінде қалады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ