Орманға саяхат

Тақырыбы:Орманға  саяхат

Мақсаты:

А) Балаларға көптеген саусақ маторикасына арналған тапсырмалар арқылы ойлауын, сөйлеуін дамыту.

Ә)Балаларды тапсырмаларды орындай отырып ойлауға  үйрету

Б)жабайы жануарларды құрметтеуге , достарына көмектесе білуге, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын, әңгімелеу,монтессори эленттерін қолдану

Көрнекілігі: Үлестірме материалдар,маскалар

Барысы:  Балалар бүгін біз саяхатқа шығамыз. Саяхатқа бару үшін бізге не керек ?

Балалар:

Көлік,машина, тікұшақ, самалет т.б

Жарайсыңдар мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін?

Арқасында ауылы жүр

Ала тайым шауып жүр  —  бұл не ?  (  Автобус)

Балалар біз енді машинаға отырайық ең бірінші дөңгелегімізді үреміз,  енді   бинзиніміз барма қарап алайық ол үшін бензин тұратын бакты ашамыз шиқ-шиқ, бензинді құямыз    шшшшшш,  қақпағымызды жабайық  шиқ-шиқ, балалар енді кілтті қосайық  чик-чик,  маторды от алдырамыз вун-вун  , сигналымыз жасап тұрма қарайықшы пип-пип   жарайсыңдар балалар ендеше кеттік.

саяхат сабақ жоспары

Бип-бип бип дейді

Жолдан былай кет деді

Күшікті басуға ,

Басуға болмайды машина!  (машина әуені естіліп балалар саяхатқа аттанады)

-Балалар біз міне таңғажайып орманға жетіп қалыппыз.  Балалар біз бұл саяхатта жай қыдырмай достарымызға көмектесе жүруіміз керек екен  және жақында келе жатқан көктемнің алғашқы мейрамы анамызға сыйлық ала қайтуымыз керек екен.Балалар біз гүлді алқапқа тап болдық –ау деймін!  Міне балалар іздегеніміз алдан табылып осы гүлдерді теріп үйге қайтатын болдық.Тәрбиеші гүлге жүгіре түскен кезде гүл арасынан бір қоян шығады.

көрініс балабақшада

-Массаған бұл кім болды екен?

-Мен қоян мен анама сыйлық жинайын деп келе жатсам сендер алайын деп жатыр екенсіңдер ғой! –деп мұңаяды.

-Жарайды ,қоян досым , біз саған көмектсейік!

Балалар мына жерде жатқан гүлдерді алып өз түстеріне орналастырыңдар!

(қыстырғышпен жұмыс басталып кетеді

Жарайсыңдар ,балалар ендеше саяхатымызды жалғастырайық.

Мәссаған алдымызда не тап болды ?

үлкен өзен екен

одан өту үшін бізге не керек,көпір керек екен.

-Қане көпірді қалап өтіп көрейік.

Орманға саяхат

Алдымыздан құстар шығады.

-Сендерге не болды, сонша шулап.

-Біздің қарнымыз ашты.

Олай болса біз сендерге жем берейік !

Балалар мына жем сауыттарға жем салыңдаршы ( Ыдыстар салынған  сурет карточкаларына бояуға саусақтарын малу арқылы нүктелер салып ) міне балалар сендер құстарға да көмектестіңдер.

тәрбиешілер жұмысы

— Жарайсыңдар!

Балалар, біз анамызға әлі сыйлық таппадық (әуен жүріп жатады)

Алдымыздан   маша мен аю кездесті

-Салеметсіңдер ме?

Біз сендерді қатты жақсы көреміз, сендердің көмектерің керек

Біз анамызға сыйлық іздеп жүрміз .

қойылымнан үзінді

Аю  :  Мен сендерге қуана көмектесемін, бірақ сендер маған Машаның бүлдіргендерін тазалауға көмектесесіңдер ме?

Балалар: — әрине.

Мына шарлардың ішіне қысқы азығымды жинасам,Маша бәрін шатастырып, әбден басымды қатырып жіберді. Мына шарлардың ішінде қайсысында жүгері көп –аз екенін ажыратып бересіңдер ме?

Балалар шар ішіндегі шарларды қолдарымен іздеп таба бастайды.

баламен жұмыс

Жарайсыңдар енді мен сендердің аналарыңа қандай сыйлық жасау керек екенін түсіндім . Сендер мына түрлі-түсті макарондарды пайдалана отырып өздеріңнің аналарыңа әдемі моншақ жасап алыңдар!

Балалар жіпке моншақтарды тізбектей бастайды.

моншақ жинау

Балалар мен сендерге арнап бір қалыпты печенье пісірсем Маша тағы шатастырып қойыпты . Балалар өзге пішінді печеньені табады.

— Жарайсыңдар, достарым .Рахмет сендерге.Аю печенье береді.Оны өз тобымызға барып жейміз ,жарай ма?

-Балалар сыйлығымызда алдық ,енді топқа оралатын уақытымыз болды- ау деймін!

-ия

Балалар, қане машинамыз отырайықшы.

Мәссаған ,балалар машинамыздың дөңгелегі қайда кетті екен? Қасқырлар алып кеткен болды ғой!

Олай болса, дөңгелектерімізді жөндеп алайықшы!

Ия( балалар дөңгелегі жоқ машиналарға дөңгелек сала бастайды.)

Орманға саяхат

-Өте жақсы!

Балалар машинамыз тұтатайық!Балалар сендер бүгін көп көмек беріп   достырыңа   , сонымен қатар аналарыңа сыйлық ала келе жатысыңдар!

Балалар ,олай болсы машинамызға отырып өз елімізге оралайықшы.

Қане ,машинамызды от алдырайық .Вун-вун …

Міне елімізге де оралдық !

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ