Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру


Erketai / Май.12.2014. / Пікірлер жоқ

Адамның  рухани  қалыптасуында  оның  ерте  балалық  шақтан  табиғатты  бақылап,  табиғатпен   етене  араласып,  оны  аялап,  оған  жәрдемдесіп,  қамқорлық  көрсетудің  маңызы  зор.  Табиғатты  аялай  білетін  әрбір   адамзат  міндет  түрде  елін, Отанын  сүйетіндігі  белгілі.

Оқушылардың, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, оқушылардың қызығушылығын арттыру оқушылардың ғылыми жобалары

Олай   болса,  оқушыларды  мектептегі  сыныптан   тыс  жұмыстар  ұйымдастыру  арқылы  экологиялық  мәдениеттерін  қалыптастыру  барысында  жас  ұрпақтың  санасына,  бойына  сіңіріп  жеткізу  тәрбиенің  басты  мақсаттарының  бірі.  Бүгінгі  күннің  көкейкесті мәселесіне  айналып  отырған  экологиялық шиленісті  шешудің  бірден-бір  сара  жолы қоғам,  қоршаған  орта,  жеке  тұлғаны  экологиялық  сауаттылыққа,  мәдениеттілікке  жеткізудің  мәні  зор.  Әрине  бұл  істе  мектептегі  жүргізілетін   іс-шаралар  оқушылардың  дүниетанымын,   іскерлігі  және  дағдысына  көп  әсер  берері  анық. Болашақ  бүгіннен  басталады  десек,  жас  ұрпақтың  бойына   туған  жер,  туған  қаласы, туған  өлкесінің  қара  тасын  құрметтейтін,  оны  қорғай  білетін,  табиғатпен  қарым-қатынасының  тимді   жолдарын  табатын  азаматтар  тәрбиелеу  қоғам  алдындағы  үлкен  парыз.  Өсіп  келе  жатқан  ұрпақ  табиғаттың  әр  бөлшегі,  әр  нәрсесі  өте  қымбат  екендігін  адамзат  баласы  оның  басты  қорғаушысы,  қолдаушысы  екендігін  бойына  сіңіру  қажет.

Оспанова Ақмарал Сабыровна.

бастауыш сынып мұғалімі

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!